Халықаралық қатынас және халықаралық құқық
Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.
Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың арақатынасы.
Мақсаты: Студенттерге халықаралық құқық курсы бойынша жалпы түсінік беру, халықаралық жеке құқықпен арақатынасын сипаттау.
Мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың басты шарты болып халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттің егеменді қатынасын құрметтеу болып табылады. Халықаралық қатынастың нормалары халықаралық қатынастың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады. Халықаралық қатынас дамыған әрбір қоғам өмірінде маңыз бар халықаралық қатынастарды реттейді.
Халықаралық қатынастың қызметі мен даму мәселесін айқындай отырып, қазіргі халықаралық қатынастардың халықаралық жүйелерінің ұғымымен құрылымын айқындау қажет. Халықаралық қатынастар – мемлекеттер арасындағы саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстардың жүйесі.
2. Халықаралық құқық – бұл мемлекеттер арасындағы әртүрлі саяси, экономикалық және басқа да қатынастарды, сонымен қатар халықаралық қатынасқа қатысушы өзгеде құрылымдар арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы. Ол ерекше құқық жүйесі ретінде өзге де мемлекет ішілік құқық саласын ерекшелейді. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін және мемлекеттердің келісілген еркін білдіретін келісім шарттың және дәстүрлі нормалар мен қағидалардың жүйесін білдіреді. Халықаралық құқық пәні мен халықаралық құқықтық қатынас объектісін айыра білу қажет.
Халықаралық қатынастың объектісі бұл – құқық субъектілерінің өзара қатынасқа түсіретін ұғымдар.
Халықаралық қатынас объектісі халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне келмеуі тиіс.
Барлық мемлекетішілік құқық салаларының субъектісі болып жеке және заңды тұлғалар болып табылса, ал халықаралық қатынаста субъектілер 2 топқа бөлінеді:
І топ – негізгі субъектілер:
а) егеменді мемлекеттер;
б) тәуелсіздік үшін күресуші ұлттар мен халықтар.
ІІ топ – екінші қосымша субъектілер:
в) халықаралық ұйымдар;
г) мемлекеттік ұқсас құрылымдар.
Халықаралық құқық нормалары, яғни келісім – келісім -шарттық және дәстүрлі нормалар ерікті келісім нәтижесінде пайда болатын мемлекеттердің өзара келісімінің негізінде жасалады.
Халықаралық құқық негізгі принциптерінің ерекше жүйесі тән:
1) әмбебаптық, 2) жалпы мойындалған 3) жалпыға міндетті, 4) тұрақтылық .
Сонымен халықаралық құқық – заңды түрде міндетті, қажет болған жағдайда мәжбүрлеу мен қамтамасыз етілетін, құқық субъектілерінің келісімімен жасалатын құқық нормаларының жүйесі.
3. Қазіргі халықаралық қатынаста халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықты ажыратады. Бұлардың ара-қатынасы жөнінде көптеген теориялар мен пікір – таластар туған. Негізінен 3 негізгі көзқарас бар:
1. ХЖҚ ұлттық құқықтың бір бөлігі ғана, құқық саласы болып табылмайды. Азаматтық құқық жүйесіне кіреді. Бұл ой И.С.Перетерскийдің 1926 ж. еңбегінде көрініс алған.
2. Интерноционалдық ой, Халықаралық жеке құқық – халықаралық құқық бөлігі, яғни екеуі бірдей. Бұл көзқарасты С.Б.Крылов пен В.Э.Грабарь ұстанды.
3. Халықаралық жеке құқық азаматтық құқықтың арнайы салаларының бөліктерін құрайды, алайда негізінен халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты.
Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді, Халықаралық жария құқық шетелдік элементтерімен байланысты азаматтық құқықты қатынасын реттейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық құқық дегеніміз не?
2. Халықаралық қызметтің анықтамасы.
3. Халықаралық жеке құқықтан айырмашылығы неде?
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
Лекция-2
Тақырып: Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
Халықаралық шарт - халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі.
Халықаралық әдет-ғұрып
Халықаралық конферециялардың актілері.
БҰҰ –ның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі.
Мақсаты: Халықаралық құқық қайнар көздеріне түсінік беріп, мәнін ашу.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері екі мағынада қолданылады: материалдық және формальдық. Халықаралық шарт құқықтық нормаларда бекітілген келісімге келуші тараптардың құқықтары мен міндеттерінің қалыптасуы. Халықаралық шарт – халықаралық ұқық субъектілері заңды міндетті сипатын мойындаған халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіп ережелері.
Белгілері:
қолданылу ұзақтығы;
көпшілікпен мойындалған;
заңды міндеті.
Кодификация (лат. codification) – ескі заңнаманы қайта қарау немесе тоқтату жолымен жеке құқық салалары бойынша мемлекеттердің заңдарды жүйелеуі. Жүйелеудің негізгі бағыттар:
қолданыстағы нормалардың, институттардың, қағидалардың, халықаралық құқық салаларының нақты анықтамасын бекіту;
ескірген нормалапрды қайта қарау немесе өзгерту;
халықаралық құқықтың прогрессивті дамуына байланысты жаңа нормаларды, институттарды, қағидаларды айқындау;
Халықаралық құқық нормалараның, институттардың, қағидалардың нормативті бекітілуі.
Халықаралық құқықты жүйелеу бойынша алғашқы конференция 1927 жылы Ұлттар Лигасының бастамасымен жүргізілген. Халықаралық құқықты жүйелеумен айналысатын ұйымдардың арасынан 1873 жылы құрылған төмендегілер сипатталады:
-Халықаралық құқық институты – штаб пәтер – Брюссель;
-Халықаралық құқық Ассосациясы – щтаб пәтер – Лондон.
Бақылау сұрақтары:
1.Кодификация дегеніміз не?
2. Халықаралық құқық бойынша жүйелеудің маңызы неде?
3. Нормативті актілерді жүйелеу саласындағы халықаралық құжаттарды атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
Лекция-3
Тақырып: Халықаралық құқықтың қағидалары.
1.Халықаралық құқық қағидаларының түсінігі және жүйесі.
2.БҰҰ Жарғысының маңызы.
3.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндеттері.
Мақсаты: Халықаралық құқықтың маңызды институттардың бірі – халықаралық құқық қағидаларына түсінік беріп, маңызын сипаттау.
Халықаралық құқықтың қағидалары – қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың даму заңдылықтарына жауап беретін мемлекеттің немесе құқық субъектісінің негізгі мүдделерін қамтамысыз ететін қатаң мәжбүр ету күші арқылы қамтамасыхз етілетін халықаралық құқықтың негізгі императивтік әмбебеап нормалары. Олар жеке сипатқа ие құқықтық категория болып саналады:
-барлық құқықтық жүйеге таралған;
-міндетті сипатқа ие;
-жүйе құраушы роль атқарады;
-заңдылық белгілері бар.
Қазіргі халықаралық құқықтың негізгі қағидалары ең алдымен 1970 жылғы БҰҰ-ның Бас сассамблеясында қабылданған. «Халықаралық құқықтың негізгі принциптері» Декларацияда 7 принцип бекітілген:
күш қолданбау және қорқытпау қағидасы;
мемлекеттердің теңдік, егемендік қағидасы;
шекара мызғымастығы қағидасы;
мемлекеттік аумақтың тұтастық қағидасы;
адамдардың құқықтары мен бостандығы қағидасы:
қоршаған ортаны қорғау қағидасы;
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы.
Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық құқықтың қағидалары дегеніміз не?
2. Қағидалардың түрлерін атаңыз.
3. БҰҰ Жарғының маңызы.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
Мемлекеттердің егемендігінің теңдік қағидасы қарама-қарсы қоғамдық жүйедегі мемлекеттердің құқық теңдігін мойындауы болып табылады. Мемлекеттердің егеменді теңдігін мойындау, егемендігін құрметтеу - әлемдік аренадағы бейбіт мемлекеттер саясатының негізгі элементері.
Алғаш рет бейбітшілік туралы Декретте жарияланған агрессиялық соғысқа тыйым салу қағидасы ең алдымен 1935-1939жж. Жасалған басып алмау және нейтралитет туралы шарттарда заңды түрде бекітілген. Шекаралардың мызғымастығы қағидасы соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу тәжірибесімен байланысты. 1970 жылығы Декларацияда мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы күш қолданбау және қорқытпау қағидасының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Аталған қағида 1975 ж. Хелсинкидегі Қорытынды актіге қол қойған мемлекеттерге міндетті болып саналады.
Әдебиеттер:
1. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная.-Алматы: «Юридическая литература», 2002
2. Сарсембаев М.А. Международное право.-Алматы: Данекер, 2001
3. Международное право. Под ред. К.А.Бекяшева. – М., 1998г.
Лекция-4
Тақырып: Халықаралық құқықтың субъектілері.
Достарыңызбен бөлісу: |