Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.
№38 практикалық сабақ
1.Тақырып: Мәмен «Он жетінші жыл»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталау.
Дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса белгілі әуенге қимылмен көрсету жолдары, орындап жаттығу.
3. мақсаты: Күйді орындағанда домбыра дыбысының көркемдігін негіздеу. Динамикалық белгілер – қойылымын дұрыс болғанын қадағалау. Күйдің дыбыс күшіне әсерін іздеуден дыбыс бояуы болса, сол қолға байланысты әуездік әдіс-амалдар жеткілікті. Ол пунктирлі және әшекей өрнектер (мелизм).
4.мазмұны : «Он жетінші жыл» күйінің композициялық құрылысы нақты әрі шымыр. Бас буын функциясын бертін келе өзіндік бөлім
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Динамикалық белгілер – қойылым?
Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.
№39 практикалық сабақ
1.Тақырып: А. Жайымов «Аққулы айдын»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйде үш бөлімді форма қолданылған. Қобызға арналған музыка стилінде жазылған кіріспе және қорытынды бөлімдері тақырыпқа негізделген. Автор қобыз үнімен қоса Аққу образын неғұрлым айқын беругетырысқан. Бұл жерде аққу үнін білдіру үшін дыбыс құраушы характерін беретін нахшлагтар пайдаланылған.
3. мақсаты: Автор қобыз үнімен қоса Аққу образын неғұрлым айқын беругетырысқан. Бұл жерде аққу үнін білдіру үшін дыбыс құраушы характерін беретін нахшлагтар пайдаланылған.
4.мазмұны: «Аққулы айдын» - шертпе күй дәстүрінде «Аққу» тақырыбындағы шығармалар тектес жазылған. Күй – негізінен жаратылыс, табиғат үйлесім – жарастығын, жастық шақ, жан сұлулығын, мөлдір де таза махаббат пәктігін паш етеді. Күйде үш бөлімді форма қолданылған. Қобызға арналған музыка стилінде жазылған кіріспе және қорытынды бөлімдері тақырыпқа негізделген. Автор қобыз үнімен қоса Аққу образын неғұрлым айқын беругетырысқан. Бұл жерде аққу үнін білдіру үшін дыбыс құраушы характерін беретін нахшлагтар пайдаланылған.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар Домбыраның жоғарғы регистрін дыбыс құраушылықты пайдалану тәрізді жанрға тән белгілерді сақтай отырып, жаттығу.:
6.Әдебиет: А. Жайымов «Шаттанамын» Дайк – Пресс- Алматы, 1997. 39-бет.
№40 практикалық сабақ
1.Тақырып: Сембек «Наз Қосбасар»
2. Қарастырылатын сұрақтар:
3. мақсаты: Домбыра аспабының саусақ кестесінің қағидалары ; қол қойылымын бастағаннан-ақ аспап мойнында саусақ қойылымы табиғи орналасуын қалыптастыру, сөйлем, иірімді орындағанда алғашқы аппликатуралық үлгіні сақтау, әр саусақтың перне басуда тепе-тең күшін реттеу, саусақтардың жеке сезінуін қолға алу, алақан, білезік, білек, иық – буындарының көмегін саралау, дәстүрлі қалыптасқан саусақ кестесі заңдылықтарын сақтау.
4.мазмұны : Тәттімбетің ізбасар, мұрагерлері Қыздарбек, Әбдилермен қатар шыққан күйші-композитор – Сембек. Қыздарбек, сембек, Әбди Қарағанды облысының Шет ауданында өмір сүрген, аталас туыс, ағайын адамдар болған. Кезінде «ескілік өнерді насихаттағаны үшін» деген айыппен Әбди мен Сембек «халық жауы» ретінде атылған.Саяси идеологияның жазықсыз құрбандары болған. «Наз Қосбасар»-шағын ғана әуенненқұрылған күй болғанымен өте әуезді, иірімге бай күй.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу.
Әдебиет: А. Тоқтаған, М. Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005ж.123-бет.
№41 практикалық сабақ
1.Тақырып: Өткен тақырыптарды қайталау. Махамбет «Қайран, Нарын» (1804-1846)
2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.
3. мақсаты: Күйді өз бетінше үйреніп, орындауға дағдылану. Күймен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу.
4.мазмұны :Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, домбыраның дыбыс бөлуін үнеммен жұмсап, күйді динамикалық, орындаушылық шарықтау шегіне жеткізуге үйрену. Сонымен бірге шығарманы жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу.
6.Әдебиет: : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,133-бет.
№42 практикалық сабақ
1.Тақырып: Е. Брусиловский «Румын әуендері»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Шығарма вариациялы түрде жүреді. Кіріспесі қағыспен басталады.Шығарманың тақырыбы вариациямен өрбиді.Шығарма асықпай, әндете басталады. Кейін бірте-бірте шығарманың екпіні күшейеді.Он алтылық ноталармен алма-кезек қағыспен ойналады да, кейін екпіні бәсеңдетіледі.
3. мақсаты: Домбыра аспабында аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Бас буындағы ля-си-до дыбыстарымен жаттығу,домбыраның құлағын теріс бұрауға жаттығу, күйді ойнап жаттығу. берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау.
4.мазмұны: Композитор Е. Брусиловскийдің «Румын әуендері» - домбырашы-орындаушы қауымның репертуарынан кең орын алған шығарманың бірі. «Румын әуендері» 1953 жылы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестиваліне байланысты Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне арнап жазылған. Оны М. Әубәуіров 1954 жылы күйсандықтың сүйемелдеуімен орындау үшін домбыраға лайықтап түсірген.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Жаттығулар ойнау.Күймен – шығарма орындаудағы аппликатуралық ерекшеліктерді ажырата білу.
6.Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 129-бет.
№43 практикалық сабақ
1.Тақырып: М. Әубәкіров «Жас екпін»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Шығарма желісі тез екпінмен басталады. Екінші бөлім нәзіктік, сыршылдық әуенімен түрленеді. Автордың бұл жерде алға қойған мақсаты алынған тақырыпты дамыта отырып, орындаушының орындаушылық шеберлігін, техникасын кең түрде қолданады.
3. мақсаты: Екі бөлімнен кейін каденция, жаңғырықты дыбыс (флажолет) әдісін қолданады. Каденция негізгі бөлімге қайта оралып, үшінші бөлімге жалғасады. Бастапқы екпінде бір тыныста шығарма бітеді.
4.мазмұны : «Жас екпін» - жеке жоспарлы арнайы концерттік шығарма. Автор шығармада – жастық шақты, құбылмалы да жігерлі, еш нәрседен қаймықпайтын қайсарлықты көрсете білген. Шығарманың бірден жоғары нүктеден басталуы да біріншіден, мазмұнына байланысты, екіншіден, бұл күй дәстүріміздің сиректеу кездесетін нұсқасы.Өте тез екпін, триольді қағыстар құбылмалы динамикалық бояулар күрделі үш бөлімді шығарманың мазмұнын аша түседі.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Шығармадағы аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу.
Әдебиет: К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 116-бет.
№44 практикалық сабақ
1.Тақырып: Орынша «Байжұма»
2. Қарастырылатын сұрақтар: А. Затаевич өзінің «Қазақтың 500 әні мен күйі» деген атақты еңбегінде «Байжұма» күйін «Масленица» деп сипаттайды.Бұл қате пікір. «Байжұма» тобын жанр деп айтуға болады. Себебі, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Мақаш, Қоңырша, Дина, Әлікейлердің «Байжұмалары» бір-бірінен күй мінезі тұрғысынан алшақ тұрғанымен, оларда әуеннің тууы, өрбуі, кеудеге шығуы тұрғысынан қарайтын болсақ бір логика бар.
3. мақсаты: Орыншаның аталмыш күйі өте екпінді, ажарлы, аударылып-төңкерілген, шалт, көркемдік шешімдерге бай күй. Бұл «Байжұма» батыс күй дәстүрінің жауһары деуге лайық туынды.
4. мазмұны : Күймен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясымен танысу.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйде әуелі бас буын, ортаңғы буын, содан соң кіші, үлкен сағаларды, ал пьесада фразаларды, сөйлемдерді жеке – жеке ойнап жаттыққан жөн. Техникалық қиын тұстары арнайы жаттығулар арқылы меңгеріледі.
6.Әдебиет: А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке» - 1997ж., 24-бет.
№45 практикалық сабақ
1.Тақырып: Әшімтай «Қоңыр қаз»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйдің әуендік жүйесі қарапайым, ол сиқырлы – салттық мағынадағы қайталанып отыратын интонациялардан құралады. Бұл күйдің ерекшелігі - теріс бұрау құрылымда шығарылуы.
3. мақсаты: Күйде қоңыр қаз образын домбыра әуенін қолдану арқылы берген.Басында дыбыс үстіңгі ішектер бірлігінде, тұтпа, пунктирлі ритм айқындаушы мағынаға ие болады. Олар қоңыр қаз дауысына еліктеу сияқты құраушы характерін береді.
4.мазмұны : Бұл күй негізінен қазіргі Жезқазған, Балқаш өңірінде ерекше мәшһүр болған. Күй батыр құс – қоңыр қаз жайында сыр шертеді. Бұл күйді алғаш жеткізуші Мағауия Хамзин.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйдің аталмыш әдіс-амалдарды ойнап жаттығу. Өткен тақырыптағы күйлерді, шығармаларды қайталау. Берілген тапсырмаларды орындап жаттығу,аталмыш күйді орындап жаттау. Тұтпа қағысқа жаттығу.
6.Әдебиет: : А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы «Күй керуені» Алматы «Өлке» - 1997ж., 34-бет.
№46 практикалық сабақ
1.Тақырып: Нотаны бірден оқып ойнау.Сейтек «Белшешпе»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Домбыра аспабында екі қол үндестігі болуы үшін көптеген жаттығулар жасау керек. Үзбей ойнау, кесіп-кесіп, сыпыртып ойнау т. б. тәсілдер нотаны жүргізіп ойнау арқылы және домбырадағы шартты белгілер арқылы жүзеге асады
3. мақсаты: Күйдің музыкалық көркемдік тұрғысынан, оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн.
Практикалық сабақ мазмұны : Күйді жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор. Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйді тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет. Ал оның орындау әдістері саусақ кестесін, қағыстарын, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.
6.Әдебиет: Б. Каракулов «Асыл мұра» Алматы – «Өнер» 70-73 беттер.
№47 практикалық сабақ
1.Тақырып: Қ. Ахмедияров «Алтын ұя»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Қағыс қағу мәнерімен жаттығу . Екі ішекте кезек теріліп орындалатын күй саздарын бағытына қарай ажырату.
3. мақсаты: Күйдің қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске асырылады.
4. мазмұны : «Алтын ұя» вальс ырғағында , жан сезімді ғанибетке бөлейтін әсем әуен. Басынан аяғына дейін ырғағы сақталады. Тақырып сазды, қарапайым, көңілге тез қонады. Осы әсем саз күйдің өн бойына нәр бере, параллельді терциялармен, өзгеше жаңа мәнермен орындалады.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйдің әуендік құрылымы мен ырғақтық өлшем – есептеулері аса еркіндікті қаламайтындығын ескеру.
6.Әдебиет: Қ . Ахмедияров «Шынар» , Дайк – Пресс , Алматы – 1999 жыл.79 – бет.
№48 практикалық сабақ
1.Тақырып: Нотаны бірден оқып ойнау.Дәулеткерей «Қарабас топан»
2. Қарастырылатын сұрақтар: Дыбыс сапасымен жұмыс жасау. Әуенді іштей білу. Есебіне көңіл бөліп жаттығу. Тұтас игерумен қатар ондағы сан алуан динамикалық белгілерді игеру.
3. мақсаты: Күйді үйренгенде көңіл бөлетін жағдайлар: түсініктеме, күйді толығымен ойнау, қиын жерлеріне көбірек тоқталу, қиын тұстарын игеру жолдарын түсіндіру, есебінен қателеспей нақты ойнату.
4. мазмұны : Күйді жан-жақты біліп, талдап есте сақталатындай дәрежеде қарапайым тілде түсіндіре білудің маңызы зор.
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта,тебірене орындау – көркемдік мәнін жеткізе орындауға көңіл бөлу.
6.Әдебиет: Б. Каракулов «Асыл мұра» Алматы – «Өнер», 48-51- беттер.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану.
№49 практикалық сабақ
1.Тақырып: Емтиханға дайындық .
2. Қарастырылатын сұрақтар: Күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта,тебірене орындау – көркемдік мәнін жеткізе орындауға көңіл бөлу.
3. мақсаты: Орындау кезінде динамикалық белгілерге мән беру керек. Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.
4. мазмұны :
1.Мәмен «Он жетінші жыл»
2. Қазанғап «Домалатпай Ақжелең»
3. Сембек «Наз Қосбасар»
4. Н. Тілендиев «Алтын дән»
5. Е. Брусиловский «Румын әуендері»
5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Сахнаға дайындалып шығуға жаттығу. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шыығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәріне жаттығу.
6.Әдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,216-221 беттер.
С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» Алматы – 2001ж. 22-бет.
А. Тоқтаған, М. Әбуғазы «Тәттімбет және Арқа күйлері» Алматы «Білім» 2005ж.123-бет.
К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 235-бет.
К. Сахарбаева «Домбыра – Дастан» Алматы «Мектеп» 2002ж. 129-бет.
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар- қарастырылмаған
9. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі.
Глоссарий
Глоссарий – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың жиынтығы.
Мамандық (домбыра) пәні бойынша глоссарий
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
жеделдете
|
ускоряя
|
Ассеlerando
|
Жәй
|
медленно
|
Adagio
|
Асықпай
|
Не спеша
|
Andante
|
Көңілді, тез, шапшаң
|
Весело,живо-быстро
|
Allegro
|
Соңғы бөлім
|
Заключительный отдел
|
Coda
|
Соңы
|
конец
|
Fine
|
Біртіндеп бәсеңдеу
|
Постепенно затихая
|
Diminuendo
|
Дыбысты біртіндеп қарқындату
|
Постепенно усиливая
|
Crescendo
|
Күшті, қуатты
|
громко
|
Forte
|
Студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) арналған материалдар:
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсенділікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады. СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады. СӨЖ материалдарының түрлері ;
Пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі;
Типтік және жұмыс оқу бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі;
Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі;
Кеңес түрлері;
Бақылау түрлері;
Бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
үй тапсырмалары:
отырыс,оң қол мен сол қол қойылымымен жаттығу, қағыспен жаттығу, күйді орындап жаттығу Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек.
Астыңғы ішектегі бір дыбысты бірінші саусақпен басып тұрып, үстіңгі ішектегі күй тақырыбын секундаға дейін ойнағанда, кварта,квинта интервалдарының негізгі дыбыстары тек бармақты жылжыту арқылы басылуына жаттығу.
Тербеліс әдісіне жаттығу. Жаттығуды әуелі дыбыссыз (қағыссыз) машықтанған тиімді.Үлкен сағадағы пернелердің арасы жақын орналасқанымен, саусақтардың буындар мен кіші сағадағы перне басу тәртібі сақталады.
Қағыс атауларын жаттау. Ақжелең күйі ықшам, қабылдауы жеңіл. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлеріне жаттығу. Күйді орындап жаттығу.Сол қол қойылымының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау,қол саусақ буындарының жеке-жеке сезініп дайындалу керек.
шығармамен танысу, шығармада кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, шығарманың көркемдік мәнін ашу.Тербеліс әдісіне жаттығу.
Сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу. «Боғда» күйі күйшінің атымен аталатын күй.Қазіргі Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарының түйіскен тұсындағы Ойыл, Қызылқоға өңірінде Бозтөбе деген биік бар.
1-2-3-саусақтарды жиі қолдануға жаттығу. 3-4- саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басумен жаттығу. Күйлерді орындап жаттығу.Саусақтар үлгідегі көрсетілгенінен ауытқымауы керек.
Берілген тақырыптарды жатқа оқу, шығарманы орындап жаттау. Домбырадағы позициялардың схемасын орындап жаттау.Позициядан позицияға көшудің бірнеше жолдары бар.
Студент емтиханға өте тыңғылықты дайындалып келуіне жаттығу. Сахналық киім,орындаушылық көңіл – күйі, шығармаларын жатқа білу.
Емтихан алдындағы дайындық жұмысы. Алдымен сахнадағы жүріс-тұрысы, шығарманы орындаудағы өзіндік сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәрі әрбір орындаушыда өзінше болсада жаттықтыру қажет. Емтихан болатын күні тыңғылықты, тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу.
10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі.
Пәннің оқу - әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады: Орындалатын шығарманың ноталық текстісін дәл орындап, шығармалардың мәнін, көркемдік мазмұнын аша орындау.
Техникалық қиыншылықтарға арналған виртуоздық шығармаларды міндетті түрде нақышына келтіре орындау.
Фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларда ансамбльдік ойынның жоғары дәрежеде болуы.
11. Білімді бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары:
Барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
Сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек; шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингті бақылау
Семестрде оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтінгті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [ (P1+P2) | 2 ]* 0,6 + E * 0,4
P1- бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2- екінші рейтингті бағалаудың бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) +30% (2 рейтинг) + 40 % (емтихан ).
«Білімді бағалау схемасы»
№
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Апталар
|
%
|
барлығы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Жеке сабақ
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Коллоквиум
|
5
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
4
|
Техн.сынақ
|
10
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Акад.сынақ
|
10
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
6
|
P1+P2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Барлығы
|
|
100
|
II – жарты жылдық
№
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Апталар
|
%
|
барлығы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Жеке сабақ
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Коллоквиум
|
5
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
4
|
Техн.сынақ
|
10
|
10
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Акад.сынақ
|
10
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
6
|
P1+P2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Барлығы
|
|
100
|
Семестр барысында аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші – 40%). Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер соиасы ретінде анықталады. Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады.(кесте бойынша)
Емтихан талабы бойынша 3күй, 2 шығарма (күйсандық сүйемелдеуімен) орындалады.
Емтихан талабының үлгісі;
1.Мәмен «Он жетінші жыл»
2. Қазанғап «Домалатпай Ақжелең»
3. Сембек «Наз Қосбасар»
4. Н. Тілендиев «Алтын дән»
5. Е. Брусиловский «Румын әуендері»
Тақырыптар бойынша емтихан тапсыру талаптары:
Орындалатын шығарманың ноталық текстісін дәл орындап, шығармалардың мәнін, көркемдік мазмұнын аша орындау.
Техникалық қиыншылықтарға арналған виртуоздық шығармаларды міндетті түрде нақышына келтіре орындау.
Фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларда ансамбльдік ойынның жоғары дәрежеде болуы.
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:
Студент сабаққа алдын-ала дайындалып, аспаптың құлақ күйін келтіріп, саусақтардың жүргектігін дамыту үшін гамма, жаттығуларды орындап келу қажет.
Сабаққа қатысуы :
Үй тапсырмасы; гамма, арпеджиоларды орындап жаттығу қажет.Сабақта үйреткен күйлерді жатқа ойнау қажет.
Жеке тапсырмалар; Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады.Студент семестр барысында өз бетімен 2 этюд, 2 гамма, 3 күй үйренуге міндетті.
Бақылау жұмысы; Оқу жылы бойынша екі техникалық сынақ, екі академиялық концерт, екі емтихан тапсырады.
Концерттік орындаушылық; Студент оқу жылы бойында университеттік, қалалық, облыс көлемінде ұйымдастырылған концерттерге қатысуға міндетті.
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның пайыздық баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру.
- №1 оқу залы
- №2 оқу залы
- №3 оқу залы
- №4 оқу залы
- №5 оқу залы
- Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы
13. Арнаулы аудитория №413, акт залы 209
Достарыңызбен бөлісу: |