Басқарма Бюджеті


жылға арналған 006 бюджеттік бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі6,74 Mb.
#123856
1   2   3
Байланысты:
7ae92182-325b-448f-8fff-0d2f621e2c51

2019 жылға арналған 006 бюджеттік бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» №898 Жарлығына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қырқүйектегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №239-V Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдарының құзырына аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету функциялары берілген.
Жоғарыда аталған функцияларды орындау мақсатында Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қарашадағы №483 қаулысымен «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі Алматы облысының аңшылық алқаптарының және балық шаруашылығы су айдындарының (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғау болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттын саны 18 адамды құрайды, олар қажетті техникамен және арнайы құралдармен қамтылған. Мекеме балансында 4 патрульдік автокөлік, 1 стационарлық радиостанция, 4 автокөлік және 11 алып жүретін рация, 3 сандық бейнекамералар, 1 сандық фотоаппарат, 4 видеорегистратор, 4 навигатор , 6 дүрбі оның ішінде 2 дүрбі түнгі көру функцияларымен, 6 шатырлар және басқа да қажетті құралдар бар.
Жылдың басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметкерлерімен, сонымен қатар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен 45 рейд және тексерістер өткізілді. Жалпы 60 табиғат заң бұзушылықтар анықталды. Табиғат заңдылығын бұзушыларға 1123625 теңге айыпұл салынып, 49 табиғат заң бұзушылардан 669125 теңге өндірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет