● қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату;
● қызметкерлерді көтермелеу, тəртіптік жазаға тарту жəне басқа
да кадрлық мəселелер.
Бұйрықтар нақты қажеттік туындаған кезде ғана шығарылуы
керек. Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тек бұйрық
арқылы ғана жүргізіледі.
Бұйрық шығаруға төмендегілер заңдық негіз бола алады:
● Қазақстан Республикасының заңдары;
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өкімдері;
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері;
● кəсіпорын қызметін құқықтық реттеудің қажеттігі, кəсіпорын
алдында тұрған шұғыл жəне негізгі мəселелерді шешу.
«Арқау» ЖШС БҰЙРЫҚ Алматы қаласы № ________ 200_ жылғы «___» ______ Жылдық түгендеу жүргізу туралы БҰЙЫРАМЫН: 1. Кəсіпорынның барлық нысандарында 2007 жылғы 01 наурызға дейін негізгі, арзанқол жəне тез тозатын материалдарға түгендеу жүргізілсін. 2. Түгендеу жүргізу үшін төмендегідей құрамда комиссия құрылсын: Аманова Н.Р. – кəсіпорын директорының орынбасары; Бердімұратов Қ.К. – кəсіпорын директорының орынбасары; Сабыров Т.П. – механик; Асылова Г.М. – кассир. Директор __________ _____________ (қолы) (аты-жөні) Бұйрықпен танысқандар: (артқы бетінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының қолдары қойылады).
Өкім
Өкім
Өкім – кəсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық жəне
əкімшілік қызметінің жедел мəселелері бойынша директор немесе
оның орынбасары шығаратын құжат.
Өкім кəсіпорынның ішкі құжаттатрына арналған бланкілерде
ресімделеді жəне оған директор немесе оның орынбасары қол қояды.
Өкімнің мəтініне мыналар кіреді:
- нақты тапсырма (жұмыс);
- орындаушының жауапкершілігі;
- орындау мерзімі.
Өкім беру бөлігі, əдетте, қазақ тіліндегі мəтінде «Міндеттеймін»,