Басқару Құжаттары



Дата07.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#96485
Байланысты:
Презентация

Басқару Құжаттары

Орындаған: Калиева Жансулу; АиДК-202

Тексерген: Қасымқұлова Ақниет

Басқару Құжаттары

  • Шешім(қаулы)
  • Бұйрықтар
  • Нұсқау
  • Өкімдер

Бұйрық

Бұйрық

Бұйрық – дара басшылық негізінде іс-əрекет жасайтын

министрліктер, ведомостволар, бөлімдер, басқармалар, мекемелер,

бірлестіктер, ұйымдар, кəсіпорындар басшылары шығаратын құқықтық

акті. Бұйрық негізгі шұғыл міндеттерді шешу үшін шығарылады.

Бұйрық басқару құжаттарының ішінде ең көп тараған түрі. Ол

көбіне басқару тəжірибесінде жиі қолданылады.

Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің

құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу

мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды бекіту; кəсіпорынның

жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру,

жабдықтау, өнімдерді сату жəне басқа да өндірістік мəселелер,

сондай-ақ кадр мəселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру,

босату жəне т.б. мəселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару

арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды,

түбегейлі мəселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы

кəсіпорынның барлық қызметкерлері үшін орындауға міндетті.

Жекелеген жағдайларда, бағыныштылығына байланыссыз ұйымдар

мен лауазымды тұлғалардың үлкен тобына қатысты болуы да мүмкін.

Төмендегі құжаттар бұйрықпен ресімделуге жатады:

Төмендегі құжаттар бұйрықпен ресімделуге жатады:

● кəсіпорын үшін тұрақты сипаттағы жəне орындалуы міндетті

жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты шешімдер мен

тапсырмалар;

● ережелерді, жарғыларды, тəртіптерді, нұсқаулықтарды жəне

с.с.-ды бекіту жəне енгізу;

● құрылымдық бөлімшелерді қайта құру, құру, тарату мəселелері;

● кəсіпорын жұмысының қорытындылары, хабарландыру,

жүргізілген тексеріс қорытындылары;

● қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату;

● қызметкерлерді көтермелеу, тəртіптік жазаға тарту жəне басқа

да кадрлық мəселелер.

Бұйрықтар нақты қажеттік туындаған кезде ғана шығарылуы

керек. Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тек бұйрық

арқылы ғана жүргізіледі.

Бұйрық шығаруға төмендегілер заңдық негіз бола алады:

● Қазақстан Республикасының заңдары;

● Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өкімдері;

● Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері;

● кəсіпорын қызметін құқықтық реттеудің қажеттігі, кəсіпорын

алдында тұрған шұғыл жəне негізгі мəселелерді шешу.

«Арқау» ЖШС БҰЙРЫҚ Алматы қаласы № ________ 200_ жылғы «___» ______ Жылдық түгендеу жүргізу туралы БҰЙЫРАМЫН: 1. Кəсіпорынның барлық нысандарында 2007 жылғы 01 наурызға дейін негізгі, арзанқол жəне тез тозатын материалдарға түгендеу жүргізілсін. 2. Түгендеу жүргізу үшін төмендегідей құрамда комиссия құрылсын: Аманова Н.Р. – кəсіпорын директорының орынбасары; Бердімұратов Қ.К. – кəсіпорын директорының орынбасары; Сабыров Т.П. – механик; Асылова Г.М. – кассир. Директор __________ _____________ (қолы) (аты-жөні) Бұйрықпен танысқандар: (артқы бетінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының қолдары қойылады).

Өкім

Өкім

Өкім – кəсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық жəне

əкімшілік қызметінің жедел мəселелері бойынша директор немесе

оның орынбасары шығаратын құжат.

Өкім кəсіпорынның ішкі құжаттатрына арналған бланкілерде

ресімделеді жəне оған директор немесе оның орынбасары қол қояды.

Өкімнің мəтініне мыналар кіреді:

- нақты тапсырма (жұмыс);

- орындаушының жауапкершілігі;

- орындау мерзімі.

Өкім беру бөлігі, əдетте, қазақ тіліндегі мəтінде «Міндеттеймін»,

«Белгілеймін» жəне т.б. сөздермен аяқталады.

Нұсқау

Нұсқау

Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды жəне

с.с. орындауды ұйымдастыруға байланысты мəселелер бойынша

өкімдік құжат. Нұсқауға кəсіпорын басшысы немесе өз құзыреті шегінде

оның орынбасары қол қояды. Нұсқаудың өкімдік бөлігі «ҰСЫНАМЫН»

деген сөзбен басталады. Нұсқау басқа өкімдік құжаттардан бөлек

жалпы бланкіде ресімделеді.

Шешім (қаулы)

Шешім немесе қаулы – алқалы органның (директорлар кеңесі,

акционерлердің жалпы жиналысы жəне т.б.) құжаты. Өндірістік

мəселелелер бойынша дайындалады. Сондай-ақ Қазақстан

Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына

сəйкес Мəслихаттар (7-бап) жəне Əкімдер (37-баптың 3-тармағы)

нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер қабылдайды. Шешім

«ШЕШТІ», «ШЕШІЛДІ», «ҚАУЛЫ ЕТЕДІ», «ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ»

деген сөздерді пайдалана отырып, басқа басқару құжаттары секілді

ресімделеді. Шешімге (қаулыға) алқалы органның төрағасы жəне оның

мүшелері немесе Төраға мен хатшы қол қояды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет