Байланысты: Білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелерін анықтау. Бозтай А
Білім берудің сапалы нәтижесі барысында мына жүйелер іске асады
Білім берудің сапалы нәтижесі барысында мына жүйелер іске асады
білім беру стандарттарының халықаралық талаптарға сәйкестігі;
педагог кадрлардың мәртебесі мен кәсіби деңгейі;
бағалаудың дұрыстығы;
өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу тиімділігі;
білім беруді басқару жүйесінің тиімділігі.
Қазіргі таңда білім беру барысында белгілі нәтижеге қол жеткізу мақсатында ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, инновациялық идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады. Осыған сәйкес білім беру жүйесін жетілдірудегі маңызды міндеттер қойылып отыр:
-педагогикалық білімнің мазмұны мен әдістерін жаңарту;
-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауда теориялық және практикалық инновациялық бағыттарды анықтау;
-оқу-тәрбие процесіне инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру технологияларын енгізу;
-кез келген жағдайда өз бетімен оң шешім қабылдай алатын, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра білетін және оны тиімді жүзеге асыру жолдарын анықтай алатын, оны тиімді жүзеге асыра білетін интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды қалыптастыру.