Бесінші, қорытынды кезеңде төртінші кезеңдегі процедуралар қолданылады. Бірақ олар негізінен клиенттің кеңесшіден алған кеңестерін орындауының нәтижесіне қатысты. Мұндағы негізгі процедура клиентте өзінің проблемасының міндетті түрде шешілетініне сенімділігін күшейту және кеңес беру аяқталғаннан кейін бірден оны шешуге кірісуге дайындау. Бұл кезеңде сендіру, иландыру, эмоционалды-жағымды реттеу және т.б. тәсілдер қолданылады.