Басылым№2013ж беттің шісі



бет4/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#13199
1   2   3   4   5   6

Ескерту. Көптеген аумақтарда, ӨҚТ шәкілдерін жасау әдістемесіне сәйкес, ертенгіштік маусымын және оның жинақты көрсеткішке тәуелділігін есепке алатын ерт қаупінің жергілікті шәкілдері әзірленеді және қолданылады, яғни ӨҚТ шегараларын анықтайтын жинақты көрсеткіштердің өзге шамалары болады.

Өрт қаупінің I тобы кезінде жоғары температура мен найзағай (жаңбырсыз күн күркірегенде) көздерінен өрт шығуы мүмкін болса да, көпшілік себептер (от көзінің) өрт тудырмайды және басталған, одан ары қарай өрбіген өрт ақырындап, әркелкі жайылады немесе сөніп қалады.

Өрт қаупінің II тобы кезінде оттың күшті көздерінен өрт шығуы мүмкін, дегенмен, тұтанған от саны көп емес. Оттың таралу жылдамдығы да елеусіз.

Өрт қаупінің III тобы кезінде от көздерінің көпшілігі орман өрттерінің шығуына себеп болады, Өрт қарқынды өрбиді, жылуды көп бөледі, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады.

Өрт қаупінің IV тобы кезінде өрт елеусіз от көздерінен-ақ шығады, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады.

Өрт қаупінің V тобы кезінде өрт кез келген от көзінен және жоғары температурадан шығады, О өте қарқынды жанып, жылдам тарайды.

Орман өрті қызметтерінің жұмыс тәртібі. ауа райы шарттары бойынша өрт қаупінің тобын есепке ала отырып. 2-қосымшада беріліп отыр.

Орман өрттерінің әр түрлі орман ағаштарының өскен жерле-ріне қарай, өрт қаупінің тобына байланысты.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Орман өрттерінің туындау және таралу қауіптілігінің дәрежесі неге байланысты?

2. Неше өрт қаупітіліг класы бар?

3. Орман өртінің туындау жоғары ықтималдығы қай класқа сәйкес келеді?

4. Орман өртінің туындау төменгі ықтималдығы қай класқа сәйкес келеді ?

5. Өрт туындауы және таралуы мүмкіндігін анықтайтын жағдайлар неге байланысты?



10-11 -дәріс. Тақырыбы: Орман өрттерінің туындауының алдын алу.
1. Орман өртінің алдын алу бойынша негізгі нормативтік актілер.

2. Өрт қауіпсіздігі ережесінің негізгі талаптары.

3. Занды тұлғаларға қойылатың арнайы талаптар.
1. Орман өртінің алдын алу бойынша негізгі нормативтік актілер.

Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабына және 1999 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленіп, жеке және заңды тұл­ғаларға – орман иеленушілер мен орман пайдаланушы­ларға олардың ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөнінде қойылатын талаптарды айқындайды. Ереже сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде байқау және жою, орман қорының аумағында жұмыс істейтін және жүрген барлық адамдардың осы Ереженің талаптарын орындауын қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.


2. Өрт қауіпсіздігі ережесінің негізгі талаптары.

Мемлекеттік орман иеленушілер ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын орын­­дайды және орман өрттерінің алдын алу (про­филактикасы) жөнінде мына іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:

1) орман қоры аумағын өртке қарсы және санитарлық тұрғыдан жабдықтауды қамтамасыз етеді, осы Ереженің бұзылуының алдын алады, оны дер кезінде байқайды және оған тосқауыл қояды, орман қорының аумағында шығатын орман өрттерін сөндіру жөнінде шаралар қолданады;

2) орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар өртке қарсы іс-шаралар жос­пар­ларын жасауы кезінде оларға көмек көрсетеді;

3) орман өрттерін және олардың зардаптарын тіркеп отырады.


3.Занды тұлғаларға қойылатың арнайы талаптар.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері.

Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері.

Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.

Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

ТТС, ЖС, ЖГ өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Көшіру жолдары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Көшіру жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда көшіру жоспары. Өрт кезінде адамдарды көшіру туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар ұйымдастыру.




Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. ҚР орман кодексі нені қарастырады: орманды әдейі жағу, отпен дұрыс жұмыс жасамау, өрт қауіптіліг кезде орманға бару ?

2. Негізгі нормативті актілерді атаңыз.

3.Орман өртінің алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керек?

4.Орманмен жүмыс істейтін азамматтар мен ұйымдар қандай ережелерді сақтау керек?

5. ҚР ормнадарында белгіленген арнайы талаптарды атаңыз?

(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
12-13-дәріс. Тақырыбы: Орман өрттерімен күресудің оперативті жоспары.


  1. Орман өрттерімен күресудің оперативті жоспары.

  2. Орман өрттерін ұйымдастырғанда басқа мекемелермен және шаруашылықтармен ара қатынастарды жоспарлау.


1. Орман пайдаланушылар мен ормандарда жұмыс жүргізетін немесе осында жолдары, қоймалары, құры­лыстары және басқа да объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жұмыс орындарында, жолдарда, қой­маларда және басқа да объектілерде орман өрттері шыға қалған жағдайда осы өрттерді өз күштерімен және құралдарымен жоюға шаралар қолданады және өрт туралы орман қоры учаскелерінің иесіне, жергілікті атқарушы органдарға және өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды.

Азаматтар орман өртін байқап қалған жағдайда бұл жайында мемлекеттік орман иеленушінің орман шаруа­шылығы қызметкерлеріне, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына, жергілікті атқарушы органдарға хабар­лайды және оны сөндіруге шаралар қолданады.

Жергілікті атқарушы орган бекіткен жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техниканы, орман өрттерін сөндіру жөніндегі көлік және басқа құрал­дарды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушінің талап ету бойынша жұмысшылар мен техникалық құрал­дарды орман өрттерін сөндіруге жібереді.

Орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы өрт туралы хабар алған соң оны сөндіру үшін шаралар, соның ішінде өрт шыққан аумақ бекітіп берілген өрт сөндіру-химиялық станцияның күшімен шаралар қолданады.

Өрт туралы хабар түскен жағдайда орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы:

1) команданы өртке дереу аттанып кетуге әзірлеу жөнінде шаралар қолданады;

2) орман мекемесінің басшысынан немесе орман­шыдан (бағыныстылығына қарай) нұсқаулар алады;

3) команданың немесе жеке бригаданың өртке аттанып кетуі туралы шешім қабылдайды.

Орманшылық аумағында бір мезгілде бірнеше өрт шыға қалған жағдайда немесе өртті тез сөндіру үшін бір өрт сөндіру-химиялық станцияның күші жетіспеген жағдайда орманшы көрші орманшылықтардың 2 типті өрт сөндіру-химиялық станциясының немесе І типті стан­циясының күштері мен құралдарын өрт сөндіруге жіберу үшін бұл жайында орман мекемесінің басшысына хабар­лайды.

Орман мекемесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақта пайда болған өрттерді тез сөндіруге күштер мен құралдар жетіспеген жағдайда және өрттердің кең ал­қаптарға таралып кету қатері төнгенде орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды және бекітілген Орман өрттерін сөндіру жөніндегі жоспарға сәйкес жергілікті ұйымдардың күштері мен техникалық құралдарын, халықты өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады. Егер өрттер дүлей күш апаты сипатына ие болса, орман мекемесінің басшысы авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады.

Орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріндегі орман өрттерін сөндіруге жалпы басшылық орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледі.

Жердегі күзет аудандарындағы әрбір орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылық жасауды орманшылық аумағында орманшы немесе орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы не орман пайдаланушының өрт сөндіру бекетінің бастығы (орман қорының тиісті учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушыда ол болған жағдайда) жүзеге асырады.

Орманшы және орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің күштері келіп жеткенге дейін орман өртін сөндіруге басшылықты тиісті аумаққа бекітілген мемлекеттік орман күзетінің қызметкері, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (орманшы көмекшісі, орман шебері не инспектор, орман күтуші) жүзеге асырады.

Ахуал ушығып кеткен жағдайда орман өртін сөндіруге басшылықты орман мекемесінің басшысы немесе оның тапсыруы бойынша осы мекеме басшысының орынбасары немесе осыған уәкілетті өзге адам жүзеге асырады.

Ормандарды авиациямен күзету аудандарында жету қиын жерлерде орман өрттерін сөндіруге басшылықты өрт сөндіруге келген өрт сөндіруші- парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командаларының ішінен лауазымы жоғары қызметкер жүзеге асырады.

Орман өртін сөндіру жөніндегі басшы:

1) өртті құрықтау іс-шараларымен байланысты емес барлық жұмысты тоқтатуы;

2) өртті сөндіруге қатысып жүрген адамдарды ықтимал жарақаттардан, уланудан, күйіп қалудан қорғауды қамтамасыз етуі;

3) адамдардың өміріне қатер төнген жағдайда қолда бар күштер мен құралдарды тегіс пайдаланып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастыруы;

4) өрт сөндіруде жұмыс істеп жатқан барлық адам­дардың жұмыстардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң орындауын қамтамасыз етуі;

5) өрт болып жатқан жерді тастап кетпеуі және өрт сөндіріліп немесе сенімді түрде құрықталып болғанша жұмысшыларды босатпауы;

6) орман өрті шыққан аумақта жұмыс істейтін ұйым объектісінің басшысын немесе басқа лауазымды тұлғасын өрт орнына шақыру жөнінде шаралар қолдануы қажет.


2. Орман өрттерін үйымдастырғанда басқа мекемелермен және шаруашылықтармен ара қатынастарды жоспарлау.

Орман өртін сөндіру басшысы өрт сөндірудің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін өртке алдын ала жасалған барлау деректерінің негізінде орман өртін сөндірудің тактикалық жоспарын жасайды. Барлау арқылы өрттің түрі мен күші, орманның неғұрлым өрт қауіпі бар және бағалы учаскелері, суаттар, оттың таралуын тоқтата алатын немесе қарсы өрт жіберу үшін тірек жолағы бола алатын тосқауылдар, сондай-ақ осындай тосқауылдарды немесе тірек жолақтарын құру қажет орындар анықталады.

Өрт сөндіру:

1) өртті тоқтату – өрт шетінде оттың алаулап жануын тоқтату;

2) сөндіру – оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою;

3) қосымша сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру;

4) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта шығу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқапта кезекшілік атқару;

5) өртті құрықтау – өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмау кезеңдерін қамтиды.

Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді.

Орман өрттерін сөндірудің мынадай негізгі жердегі тәсілдері:

1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу;

2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералды жолақтар тарту және орлар қазу;

3) өрттерді сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;

4) жағу немесе қарсы өрт қою пайдаланылады.

Жетуге қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командалары тартылады.

Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережемен таныстырылады.

Орман өрттерін тікелей сөндіруге 18 жасқа толмаған адамдар, екіқабат және бала емізетін әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабілеттері нашар адамдар жіберілмейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Орман өртін сөндіру әдісін жазыңыз?

2. ҚР ормандарында негізгі өрт қауіпсізідігі ережелері?

3. орман өрттерімен күресудің оперативті жоспарының маңызы неде?

(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)
14-15- дәріс. Тақырыбы: Орманды өрттен қорғаудың негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары.
1. Орманды өрттен қорғаудың қыста өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары.

2. Орманды өрттен қорғаудың жазда және күзде өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары.
1. Орманды өрттен қорғаудың қыста өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары.



Өткізу мерзімі

Жұмыстардың атауы

Қаңтар

Орман қорындағы орман құру мәліметтерінің өзгерістерін есепке ала отырып өртке қарсы шаралардың жоспарын құру.

Қаңтар – наурыз

Өртке қарсы жеткіліксіз инвентарды алу және оларды дайындау, сақтау.

Ақпан

Басшылық органның шешімін, орман өртіне қарсы оперативті жоспарды жасау, келістіру, қол қоюға ұсыну. Патрульдеу маршуртын бекіту.

Наурыз

Өртке қарсы жұмыстарды орындау боййынша әрбір орманшылыққа тапсырма беру. Территорияны авиациялық бақылауға дайындау.

Наурыз – сәуір

Өрттердiң пайда болуын ескерту бойынша жолдар және тұрғынның демалысы орындарындағы, басқа жұмыстардың өткiзуiне аналогтердiң қою және әзiрлеуi. Тағы басқа объекттердi авиациядан жергiлiктi демалыс және шылым тарту, хабарламалардың бақылаушы пункт, пункт қабылдауын жөндеу және жабдық.

Каналдар бойынша байланыстың радиосының құралдардың дайындығының тексеруi: жер - ұшақ, патрүл, өрт, орман шаруашылық тағы басқалар, және олардың кемшiлiктерiнiң жоюы.

Басшының Пхс-шы, тағайындауын өрт жабдықтауын дайындыққа, өрт бригадасының комплектеуi және көлiктiң бекiтуi келтiру.

Орман шаруашылығы қорғауын өрт қауiптi маусымға дайындықтың бақылауы, саты және кемшiлiктi жоюдың ауылшаруашылық құрастырулар, тағы басқа иелердiң ағаш дайындаушылар, жалгерлерi.



Сәуір

Орман шаруашылықтар және орман қорғауының қызметкерлерiнiң тұратын жерi тiк ұшақтар үшiн қону алаңдарының әзiрлеуiндегi көмек осы маңай.

Талаптар, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң түсiнiктемесi бойынша тұрғынмен жұмыс. Мобилизациялық жоспарға сәйкес өртке қарсы құрастыруын күйдi тексеру өрттердiң олардың күрес әдiстерiн үйретуi керек болса және керек болса.

Табылуды ұйым және шартты өрттiң сөндiруi бойынша жаттығу оқуы.


Сәуір – мамыр

Өрттердiң iрi сөндiруi бойынша жұмыстармен басшылық етуге қабiлеттi қызметкерлердiң анықталу және таңдап алуы және олардың әзiрлеуiн өткiзу.


2.Орманды өрттен қорғаудың жазда және күзде өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары.


Мамыр

Орман күзет бойынша сөз сөйлеулердi орман қорғауы және хабарлаулар, ескертулер және баптардың бөлмесiнiң қызметкерлерiне жергiлiктi радио және ТV, газеттiң редакциясы, мүмкiндiктiң беруiмен iскер байланысуларды негiзде өртке қарсы насихаттауын өткiзу. Жалдану уақытша өрт күзетшiлерi, штаттан тыс өрт құрастыруларын орман шаруашылықтың қызметкерлерiнiң құрастыруы, үлкен дайындық.

Мамыр –қазан

Ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң кәсiпорындармен, ұйымдармен және азаматтарының орындауын бақылау бойынша шаралардың өткiзуi, патрульдiк, өрттердiң күресiнiң ұйымы.

Қазан – желтоқсан

Әзiрлеу, жөндеу және өрт сөндiру жабдығы, жабдықтауды алу және келесi жылдың өрт қауiптi маусымына өртке қарсы қызметiнiң қамтамасыз етуi және орман қорғауының құралдары.

Қараша

Статистикалық есеп берудi форма үшiн мәлiметтердiң әзiрлеуi. Өртке қарсы құралдары тағы басқалар өрт жабдығының қысқы мерзiмiне консервация.

Желтоқсан

Келесi жылды өрт маусымына әзiрлеу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Орманды өрттен қорғаудың күнтізбелік жоспары қандай негізгі жұмытсардан тұрады?

(Орманды өрттен қорғау бойынша жұмыстарды көрсетіңіз және мазмұнын ашыңыз. Мысалы: келесі жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық қалай жүзеге асырылады)



3 Практикалық сабақтар

№1 Практикалық сабақ Орман саласында кездесетін терминдер мен анықтамалар. Пирологияда қолданылатын терминология.


1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Сабақ мақсаты: Орман саласы туралы түсінік. Пирология бойынша терминдер және анықтамалар.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Орманды түрлі аспекті де зерттеуге болады: биологиялық, экономикалық, эстетикалық және т.б. Өйткені адамның тұрмысы, тіршілік ету жағдайы қандай да бір шамада орманға, оның байлығына, жағдайына байланысты.

Орман – бұл биосферадағы оттегі және көміртегінің маңызды қоры. Орман топырақты эрозиядан қорғап, топыраққа атмосфералық жауын – шашынды жіберіп, оны бөрікбасында ұстап тұрады да топырақты қорғау функциясын атқарады. Топырақтың кебуі басталғанда, орманның ылғалды жинау, сақтау, бөлу сияқты ролі лезде өседі. Орманның ылғалды сақтау және қорғау ролі адамзатқа және бүкіл планетаға қажет топырақ құнарлылығын сақтауға әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылық аудандарында егісті қорғайтын орман жолақтарын өсіру жақсы дамыған, орманды көбінесе мал жайылымы және шабындық ретінде пайдаланады. Орман адам қызметінің маңызды табиғи негізі, себебі ол энергияның (отын), қоректің, белгілі және жаңа дәрілік заттардың, құрылыс материалдарының т.б. қайнар көзі.

Орманды қорғау - міндет. 2002 жылы 16 шілдеде еліміздің Үкіметі шег елге ағаш экспорттауға тыйым салды. Орман ағанітарын кесуді лицензиялау жонінде қаулы қабылдады. Орман шаруашылығы мамандары табиғат қоргау прокуратурасы, каржы полициясымен бірлесе отырьш, заңсыз түрде ағаш өнім-дерін дайындайтын кэсіпорындарды тексеріп, анықтауға қол жеткізді. Олар енді орман ағаштары өнімдерін облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының келісімінсіз теміржол бойымен басқа жаққа анара алмайтын болды. Орман шаруашылықтарында күзет те күшейе бастады.

Табиғатты қорғау – Отанды қорғау, денсаулықты қорғау. Өйткені, табиғат байлығы – халықтың игілігі. Сондықтан орман қорын өрттен сақтап, қорғап, орман “отаушылардың” жолын кесу – бәріміздің міндетіміз.

сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары (сабақ №1):

Орман саласында қолданылатын терминдердге анықтама беріңіз.


Терминдер:

1)агроорман-мелиорациялық екпе –

  2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты –

      3) биологиялық әралуандық –

      4) биоқауымдастық -;
      5) орман аурулары -
      6) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс –

      7) орманды қайта жаңғырту –

      8) кесу жасы –

      9) орманды молықтыру –

      10) орман зиянкестерi –

      11) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) –

      12) ағашы кесiлген жер –

      13) өртең –

      14) гендiк қор –

      15) географиялық дақылдар –

      16) қала ормандары және орманды саябақтар –

      17) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы –

      18) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi –

      19) сүрекдiңдер –

      20) шайыр –

      21) орманды қорғау –

      22) орман қорын түгендеу –

      23) мемлекеттiк орман қорының санаты

      24) орман –

      25) орманды өңiр –

      26) орманшылық –

      27) орман тұқым шаруашылығы –

      28) орман шаруашылығы –

      29) орман шеберiнiң учаскесi –

      30) орман қарау аймағы –

      31) орман питомнигi –

      32) орманның гендiк резерваты –

      33) орман ағаштары –

      34) орман иеленушiлер –

      35) орман иелену –

      36) орман пайдалану –

      37) орман пайдаланушы –

      38) кеспеағаш аймағы –

      39) орман өсiру –

      40) орман шаруашылығы iс-шаралары –

Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Өрттің таралуының себептері
1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Сабақ мақсаты: Орман өртінің туындауның негізгі себептерін, өртке қарсы профилактика, өртті бақылуды зерттеу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Ормандағы жанғыш материалдарды (ОЖМ) тұтанып жануы бойынша екі негізгі топқа белуге болады:

жеңіл түтанатын және жылдам жанатын материалдар -құрғақ шеп, қураған жапырақтар, қылқандар, ұсақ бұтақшалар, бұтақтар. Кейбір бұталар, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктер және басқалары. Бұл жанғыш материалдар оттың жылдам таралуына себеп болады және ақырын тұтанатын материалдарға тұтандыр-ғыш болады;

ормандагы бәсең түтанатын жангыш материалдар -шырпы-шөпшектер, түбіртек, ағаш төсемелерінің төменгі қабаттары, бұталар мен ағаштар. Жанғыш материалдардың бұл тобы жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығарады және өрттің өрбуіне себеп болады.

Жанғыш материалдардың түрі, олардың мөлшері, жай-күйі мен орман алқабында бөлінуі - орман өрттерінің таралуында негізгі мағынаға ие болады. Сонымен, материалдардың өрт үшін «пісіп-жетілуі», олардың мөлшері, - жану жылдамдығы мен қарқынына тікелей себепкер болады. Айрықша қауіп тудыратын нәрсе - мөлшері ағаштар мен жасыл желеңдердің түріне және жасына байланысты орташа есеппен 8-ден 59 т-/га аумақты алатын жанғыш материалдардың пайдасыз жатқан (өлі) коры. Оттың жайылуында жанғыш материалдардын алкапта тегіс және үздіксіз таралып жатуының маңызы аз емес.


бақылау тапсырмалары

Өрттің таралуына әсер ететін жағдайлар жәнет олардың өртепен байланысы.



Ауа райы шарттары. Ауа райы шарттарының өрттің таралуында шешуші маңызы бар, өйткені жауын-шашын мен жоғары ылғалдылық жануды шектейді және тоқтатады. Күшті желдер, керісінше, өрттің өршуіне себеп болады. Тынық ауа райы және температураның темендеуі, -әсіресе түн мерзімінде, - ертті тыншытып, оның қарқынын темендетеді. Құрғақ, ыстық ауа райы оттың шығуы мен таралуына аса қолайлы жағдайлар туғызады. Жұмыстар тәжірибесі керсеткендей, ерттің таралуына эсер ететін. негізгі есепке алынатын факторлар - жел, ылғалдылық, ормандағы жанғыш материалдар мен олардың қоры, ауа температурасы және жер бедері болып табылады (сурет 1).



Жел Ылғалдылық Температура

Сур. 1. Өрттің таралуын анықтайтын ауа – райы факторлары



Жел. Желдің әсерімен жанғыш материалдар кебеді, оттың, -әсіресе жоғарыдағы орман ерттерінің, - таралу жылдамдығы артады. Бұл жанып жатқан белшектердің жылжуы арқылы ерттің жаңа ошақтарының шығуына себепші болады. Ормандағы өрт бір жердің шеңберіндегі ауа толқындарын туындатады да, сол арқылы оттың жайылуына басым желдің әсерін күшейтеді. Жалынныңүстіңгі жағындағы ауа қызып, жоғары көтеріледі. Оның орнына жаңа ауа толқыны құйылады да, оттың өршу мүмкіндігін туғызады. Нәтижесінде, өрттің үстінде конвекциялық (жылулық) құбыр пайда болады. Конвекция (жылулық) құбырында, көбінесе, жанып жатқан бұтақтар, қылқан үйінділері болады да, олар орман үстіндегі жабыннан ары өтіп, содан кейін негізгі от ошағынан 200...300 метр және одан да асатын аралықта (желдің жылдамдығына және жылу құбырының ойысқан бағытына байланысты) орманға түседі, сөйтіп оттың жаңа ошақтарын туғызады.

Ауаның ылғалдылыгы. Ауада қашанда су буы түріндегі ылғалдылық болады. Ауадағы ылғалдылық мөлшері жанғыш материалдардың құрамындағы ылғалдылықтан байқалады. Жан-ғыш материалдардағы ылғалдылық өрт сөндіру барысына эсер ететін маңызды фактор, өйткені дымқыл жанғыш материал,- «көк» жанғыш материалдардың көпшілігі сияқты, - жанбайды. Әдетте, ауа түнге қарағанда, күндіз құрғақ болады. Сондықтан да, түн мерзімінде өрт (қалыпты жағдайларда) ақырын жанады (тарайды), себебі, жанғыш материалдар түнгі дымқыл ауадан ылғал сіңіреді. Атап айтқанда, бұл құрғақ шөпке, қылқандарға, ұсақ бұтақтар мен басқа да жеңіл жанғыш материалдарға қатысты.

Жанғыш материалдардың ылғалды сіңіруі, беткейді бойлай төмен қарай соққан жел, түнгі салқын температура, сонымен қатар, түнгі ауа райының өзге элементтері, әдетте, өрт сөндіру-шілердің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан, күндізгі уақытта бақылаудан шығып кеткен өртті түнде сөндіру (жайылуын шектеу) мүмкін болады. Ормандағы өртті толық оқшаулауға бар күшті жұмылдыру қажет, өйткені келесі күні өрттің жайылуына жағдай туғанда, оның оқшауланған алаң шектерінен асып кетпеуі керек.

Бұл өртті күндіз сөндіруден бас тарту керек деген сөз емес (өрттің көпшілігі күндіз сөндіріледі). Әйтсе де, егер өртті күндізгі уақытта сөндіру мүмкін болмаса, онымен күресу жөніндегі негізгі әрекеттер қараңғы түспей жасалуға тиіс.

Ормандағы өрттің өрбуінің тәуліктік сатысы шамамен алғанда төмендегідей:

оттың аса қарқынды жануы сағат 9-дан 21-ге дейін -сөндіру өте қиын;

оттың жану қарқынының төмендеуі сағат 21-ден 4-ке дейін - сөндіру тиімділігі артады;

оттың жану қарқынының саябырсуы сағат 4-тен 6-ға дейін (негізінен, от жалынсыз жанады) - өрт сөндіруге ең колайлы уақыт;

оттың жану қарқынының артуы сағат 6-дан 9-ға дейін -сөндіруге қолайлы уақыт.

Ауа температурасы өрт сөндіру кезіндегі негізгі факторлар-дың бірі болып табылады. Күнге қызған жанғыш материалдың ылғалдылығын жоғалтып, қызбаған материалға қарағанда жылдамырақ жанатыны белгілі. Топырақ бетінің температурасы ауа легінің қозғалысына да эсер етеді. Ол өрт сөндірушілерге де тікелей әсерін тигізіп, олардың жұмысын қиындатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет