Ассоциативсіз үйрету.
Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тірікендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы. Ең алғаш төменгі сатындағылармен жүргізіліп, әсіресе қарпапайым жүйке жүйесі бар құрттарда (планари), зерттелді. Үйрету мен бейімделуде айдия немесе кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесін бұзуы).
Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы.
Бейімделудің функциялары: жануарлардың қажетсіз реакциялардан сақтануын, шаршамауын реттейді және бұл үйретудің қарапайым функциясы болып табылады.
Ассоциативті – үйретуді бекітумен байланыстыру, жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың қалыптасу процесі және екі түрлі ықпалының арасындағы байланыстық; біреуі жануарларға әсерсіз, ал екіншісі мадақтау немесе жазалау әсерлерімен байланысты болады. Бұлар уақытша байланыс немесе шартты рефлекс. Шартты рефлекстер құрылымына қарай: классикалық – (Павлов) жекеше тітіркендіргіштің негізінде қалыптасатын реакция (слекей сөлінің бөлінуі) классикалық шартты рефлекс (КШР) Павловтың моделі бойынша (S Р).
Шартты стимул шартсыз ықпал шартсыз реакция
↓ ↓ ↓
қоңырау тамақ сілекей сөлі
S- стимул→R – реакция
Инструменталды шартты рефлекс (ИШР) моделінің негізін жасаушы Торндайк - қателесу және қолдану әдісі, проблемалық жәшік. Торндайк бұны проблемалық жәшікке салу арқылы тәжірибе жүргізген. Қолдану және қателесу концепциясы негізінде жануарлар өздерінің нәтижеге қалай жеткенін есте сақтай отырып, нәтижелі қозғалысын іріктеп, бекітіп оны қозғалыс дағдыларында қалыптастырады. Скиннердің пікірінше инструменталды шартты рефлексі арқылы жануарлардың қозғалыс актілерін қалыптастырып үйретуде лабиринттің маңызы зор деп көрсетті. Инструменталды шартты рефлекспен салыстырмалы сипаттамасы.
Құрылымдық ерекшеліктері: классикалық шартты рефлекстік байланыс барысында шартсыз реакция арасында ырықсыз шартсыз тітіркендіргіштер пайда болады.
Шартты Бекіту Реакция
↓ Инструменталды шартты рефлекс барысында жануар орындайтын қозғалыс шарттытітіркендіргіштермен бекітіледі.
Қозғалыс Бекіту Шартты стимул (R S).
Жалпы ерекшелігі: Классикалық шартты рефлекстерде инструменталды шарты рефлекстерде де болатын биологиялық маңызды бекітулер.
Классикалық шартты рефлекстердің кемістігі: Жануарлардың ішкі қажеттілігі немесе ішкі органдарының даярлығы болған жағдайда ғана жұмыс істейді.
Инструменталды шартты рефлекстердің кемістігі: оның қалыптасуы интенсивті мінез-қылықтың ақырғы фразасымен байланысты, ал бағдарлау фазасы жануарлардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысында ескерілмейді. Фабридің пікірі бойынша Павловтың осы пікірі жануарлардағы мінез-қылықтың табиғи қалыптасу жолын көрсетеді. Өйткені жануарлардың қоршаған ортаны бағдарлауы айқын компоненттердің бейнеленуіне байланысты.
Когнитивті процестері (таным) жануарлардың мінез-қылығының қалыптасуы сыртқы стимулдардың ықпалына, шарты рефлексті жауабына байланысты. Қалыпасуы адамдікінен өзгеше қоршаған ортаны қабылдау жануарларда белгілі бір нақты стимулының ықпалынсыз-ақ бейнеленеді. Жануарларда да адамдарға тән қоршаған ортаның бейнеленуі болды (сурет немесе ойша елестету).
Үйретудің әдістері:
1. Өтіп кеткен реакциялар әдісі – негізін салушы Хаутер (1813) Жануардың көзінше жәшікке приманка салынады. Біраз уақыттан соң жануарларды қатар тұрған үш жәшіктің ішінен приманканы тауып алуға жібереді. Бұл әдістің негізгі мақсаты: жануарлардың есінде сақталатындығын тексеру (приманканың қай жерде жатқанын).
2. Лабиринттің ойша жоспары – негізін салушы Э. Толмен. Бұл әдіс когнитивті карталар немесе аралық реакция деп аталады
3. Заттардың қасиетіне байланыс тұрақтылық бейнелерін тестілеу – негізін салушы Крушинский, яғни жануарлар заттардың қасиетіне байланысты есте сақтауын анықтау. Крушинский негізінен эмпирикалық заң негізінде жануарлардың мінез қылық әрекетінің қалыптасуын зерттеген.
Эмпирика–фактілер, бақылау, яғни жануарлардың мінез-қылығына тән, эмпирикалық заңдар Крушинскийдің пікіріне былайша тоқталады: -Жоғалу заңдылығы – жануарлар заттар туралы түсініктерін ырықсыз қабылдау арқылы есте сақтай алады (қысқа мерзімді). -Қозғалысқа байланысты заңдылық - кез-келген жануарлар кішкентай кезінен ата-анасының және басқа жыртқыштарының ортадағы қозғалысына қарап, тіршілікке қажетті қимыл қозғалыс дағдысын қалыптастырады. - Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстың көлеміне байланысты айрықша белгілеріне байланысты жануарлардың есінде сақталынуы.
Үйретудің формалары:
Латентік үйрету – жануарлардың өзінің мекен тұрағына байланысты бағдарлауы саналарында бейнеленеді.
Кеңістіктегі үйрету – (латентті үйретумен қатар жүреді) кез-келген жануарлар кеңістікте бағдарламаларды үйренеді және үйренуге қабілетті. Жануарларда өздеріне тән қоршаған ортаны бағдарлаудың тәсілдері қалыптастырылған. Мыс: жүріп өткен жолдарына байланысты, уақыттың күн мен түннің ауысуына байланысты. Жануарлар сыртқы ортадағы кейбір элементтері естеріне сақтайды. Ал бұл есте сақтау ассоциативті есте сақтау жүзеге асырылады.
«Үлгіге байланысты таңдау» - (эксперименттік әдіс) яғни жануарлардағы когнитивтік әрекеттік қалыптасуына байланысты жүргізілетін экспериментік әдіс. Екі немесе бірнеше үлгіге ұсына отырып, арасындағы айырмашылықтарды есіне сақтайды.
Имитациялық үйрету мен еліктеу жануарлардың кез-келген әрекетін, қимылын сол қалпында қайталау.
Эвристикалық үйрету мен инсайт. Инсайт – шындыққа жату. Бұл әдістің негізін салушы Келер-гештальт психологиясы ағымының өкілі. Бұл ілімнің негізі жануарлар мінез-қылығының тұтастығы жануарлар белгілі бір көзқарас барысында ойланбайды. Жануарлар демалу барысында ойланады.
Импритинг – жануарлардың көргенін есте сақтау, бейнелеуі. Жануарлардағы импритингтің функциялары:
Инстинктивті әрекеттік факторлар мен құрылымына бейімделу және әрекеттену негіз болады. Инстинктер – биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары. Инстинкт жануарлардың ішкі ағзаларындағы функцияларын қалыптастырады. К.Лоренц пен Н.Тинбергеннің концепциялары бойынша инстинктивті қимыл-қозғалыстар жүйке әрекетінің қызметімен тығыз байланысты. К.Лоренцтің пікірі бойынша жануарлардағы көрініс беретін көптеген мінез қылықтарының түрлері генетикалық қимылдары негізінде қалыптасады.
Инстинктивті мінез-қылықтың негізгі факторлары.
Инстинктивті мінез-қылықтың негізгі факторлары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі факторларға гомеостаз бен биоритм жатады:
гомеостаз – организмнің ішкі жағдайын қалыпта, тұрақтылықта сақтап отырудағы белсенділігі, яғни өзін өзі реттеу. Жануарлардың организмі үнемі ішкі тепе-теңдікке ұмтылады. Сондықтан ішкі ритмнің бұзыуы және физиологиялық функцияның қалыпты деңгейдің ауытқушылығы, жануарларды бірқалыпты күйге тұрақтылыққа жетелейді. Биологиялық ритмдер (ырғақтылықтар) немесе биоритм космостық уақытпен организмнің ішкі тұрақтылығы, ішкі ритмнің сәйкестеліп келетін ритмикалық қозғалыстар әрекеті, мысалы: әтештің шақыруы.
Сыртқы инстинкті факторларға негізгі тітіркендіргіштер жатады
Негізгі тітіркендіргіштер – яғни сыртқы тітіркендіргіштің организмге әсері және инстинкті мінез-қылықты тудыруы. Өзінің әртүрлілігі мен және өзіне тән ерекшеліктерімен дағдыланады. Негізгі тітіркендіргіштердің түрлері:
- физикалық (көлемі, түр түсі, иісі) және химиялық (кеңістік қарым-қатынастар, стимулдардың векторлары) мыс: аралардың векторлық қозғалысы;
- қимыл қозғалысқа келтіруші яғни қимыл қозғалыстың белгі түрі қалыптасады;
- бағыттаушы белгілі бір реакцияға байланысты пайда болатын тітіркендіргіштер;
- әрекетке келтіруші яғни жүйке орталықтарының табалдырығын алдына-ала төмендететін тітіркендіргіштер.
Негізгі тітіркендіргіштер сондай-ақ көптеген заттың қасиетін білдіреді. Жануарларда оптималды тітіркендіргіштер де болады. Олар жануарлардағы тән реакцияларды тудырады. Мысал ретінде Н.Тинберген анасының тұмсығындағы қызыл даққа құстың баласының реакциясын келтіреді
Суммация – негізгі тітіркендіргіштердің қозғалысқа келу ерекшеліктері яғни негізі тітіркендіргіштер ұлғайған сайын, жануарлардың инстинктивтік мінез-қылық реакциялары да ұлғайады. К.Лоренцтің айтуы бойынша жануарларда қалыпқа келтірілетін ішкі механизмдер бар. Ішкі қылыққа келтірілетін механизмдер нейро - сенсорлық жүйенің шоғырлануы жануарлардың мінез-қылығының актілерімен қоршаған биологиялық ортадағы қалым-қатынасын қалыптастырады.
№ 5-ші дәріс тақырыбы: Жануарлар психологиясының эволюциясы
Сұрақтары:
1. Психиканың кезеңдік даму концепциясы
2. Леонтьев бойынша интеллектуалды әрекет.
3. Фабри бойынша интеллектуалды әрекет.
Жануарлар психикасы мен эволюция жайлы көптеген психологтар зерттеулер жүргізген. Соның ішінде жануарлар психикасының дамуын кезеңдерге бөліп, концепциялық негізін жасаушылар Фабри мен Леонтьев. Леонтьев, Ч. Дарвиннің іліміне – организмнің өзра байланыстылығы формалары мен функциялары жайлы принципті негізге ала отырып жануарлардың психикасының даму концепциясын 3 кезеңдік принцип негізінде жасады. Жануарлардың психикасының дамуын жүйке жүйесі негізінде қарастыра келе жануарлардың мінез-қылығының қоршаған ортамен байланыстылығын дене бітімі ерекшеліктерінің жүйке жүйесімен оларға тән психикалық бейненің деңгейлерін терең зерттеген.
Леонтьевтің пікірінше жануарлардағы белсенділік дамудың қайнар көзі. Жануарлардағы психикалық бейнелеудің мынандай кезеңін ұсынады.
Сенсорлық психиканың қарапайым кезеңі яғни жануарларға жекелеген әсерлердің арқасында түйсіктердің формасы қалыптасады (төменгі жануарлар): тітіркендіргіш, сезгіштік.
Психиканың перцептивті кезеңі - яғни қоршаған ортаны қабылдау формасында пайда болуы: психикалық бейнелер, жануарлар әрекетінің күрделенуі байқалады. Сондай-ақ қозғалыс операциялары қалыптасады.
Интеллект кезеңі – жекелеген заттың ғана емес сондай-ақ қарым-қатынас ерекшелігі психикада бейімделеді. Яғни интеллект қабылданған жағдайлардың жануарлар психикасындағы бейнесі.
Фабри – кезеңдерге бөледі. Анықтамасы бойынша интеллектік әрекет. Фабридің пікірінше интеллектуалдық әрекеттің элементтері немесе белгілері:
1.Омыртқалылардың қимыл-қозғалыс әрекеттері. Омыртқалылардың заттармен қызығушылығы мыс.: бас жәшікті пайдалануы.Мұндай әрекет барысында когнитивті процестің сенсорлық жүйе қызметімен біріге отырып дамуы, көргенін жалпылау, жинақтау қабілеті яғни таным пайда болады.
2.Күрделі тапсырмаларды шешу қабілеті
3.Жаңа жағдайға байланысты қалыптасқан пайдалану қабілеті, яғни кезеңдеп оқыту элементтері.
4.Жаңа жағдайларға байланыс қалыптасқан іс-тәжірибе негізінде жаңа ортаға бейімделу кеңістікті толығымен бағдарлай білу қабілеті. Фабридің айтуы бойынша осындай сатылары бар. Басқа зоопсихологтарға қарағанда Фабри қарапайым биологиялық интеллект пікірін айтқан. Тіпті жоғарғы сатыдағы маймылдардың өзіне елестету қабілеті жоқ. Жануарларда себеп-салдарлы байланыстың болмайтындығы.
№ 6-шы дәріс тақырыбы: Сенсорлық психиканың қарапайым сатысын сипаттау
Сұрақтары:
Жануарлар психиикасының төменгі деңгейіндегі дамуы
Қозғалыстың ерекшелігі (локомоциялар)
Қарапайымдардың кеңістікті бағдарлауы
Қарапайымдардың мінез-қылық икемділігі.
Түйсік пен қабылдаудың арасындағы ортақ қасиеті мен айырмашылығы.
І. Тіршілік иелерінің психикалық даму ерекшелік қасиеті - сезгіштігі. Жануарлар психикасының қарапайым деңгейінің дамуы:
Локомоция – қарапайымдылыр қозғалысы
Қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлауы
Қарапайым мінез-қылықтың икемділігі
ІІ. Психикалық деңгейдің жоғарғысы:
Жүйке жүйесінің құрылымы
локомоция
сезім органдары
кеңістікті бағдарлау қабілеті
жоғарғылардың дамуы мен көбеюі.
Төменгі деңгейге барлық қарапайымдылар жатады: амёбалар, жасыл эвгленалар, инфузориялар, қарапайым көпклеткалылар.
Қарапайым тіршілік иелеріне, олардың мінез-қылығына тән ерекшеліктері, олардың икемділігі - яғни олардың психикасы қорегін табуға және оның қажеттігін анықтайды. Сондай-ақ жағымсыз ықпалдардан керісінше қашады. Осыдан барып, үйрену, бейімделу пайда болады. Егер жануарлар жаңа тітіркендіргіштікке әсер етсе, онда үйрену, бейімделу пайда болады. Егер әсер етпесе, яғни жануарлардың шаршағаны. Локомоция амебаларда кездесетін қозғалыс, яғни кірпігімен, мұртшалардың арқасында қозғалу. Эктоплазма эндоплазмаға қарағанда қоймалжың сұйық, амебалардың қозғалысында - псевдаподия өте қажет. Псевдоподиялар плазманың ыдырауынан немесе белгілі бір қысымның арқасында ішкі қабатты құрайды. Псевдоподиялар цитоплазмамен тығыз байланысты. Цитоплазманың қозғалысы бұлшық еттің ішіндегі аққуыздың актин, миозиннің кезектесіп тұруын құрайды. Мұндай белоктар бұлшық ет ткандарында болады, яғни цитоплазманың қозғалысты қалыпқа келтіру әрекеті қарапайым тіршілік иелеріндегі мұртшаның қозғалысы ұзын шаш тәріздес келеді және жануарлардың денесін спираль формасына келтіріп, қозғалысқа келтіреді. Ал қарапайымдыларда (кірпік тәрізділер) кірпіктер арқылы қозғалыс мұртшаларға қарағанда әлдеқайда қозғалыс аппаратын құрайды. Кірпіктер өте көп болады. Мұндай кірпіктер денеде ретсіз орналасады. Ал кірпікшелер мен мұртшаның қозғалысың миофибрильдің тартылуы нәтижесінде жүзеге асырылады және бұлшық талшықтары мионемаларды құрайды.
Қозғалыстың ерекшеліктері (локомоциялық): Кинездер – қарапайымдылардының интенсивті қозғалыс әрекеті. Кинездік қозғалыстың мынандай түрі бар:
ортокинез
клинокинез
1. Ортокинез – сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен болатын жылдамдығы өзгеріп отыратын қозғалысы. Негізгі ерекшелігі: қарапайымдалардың жағымсыз ықпалдардан жағымды ортаға ауыспалы қозғалысы немесе қозғалыстың ауыспалығы (өзгермелі қозғалыс ауыспалдығы). Қозғалыстың жылдамдығы - жағымды ортаның орналасуына байланысты, егер жағымды болса, - аз болады.
2. Клинокинез – бұл қозғалыс бағытының өзгеруі, яғни қарапайымдылар өзіне жағымды ортадағы тітіркендіргіштер параметрларын қателесе зертей келе (методы проб и ошибок). Ортокинездің негізгі ерекшелігі жануарлар вектор қозғалысынын өзгертеді.
Қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы негізгі стимулы - сыртқы тітіркендіргіштердің градиенттері (химиялық құрамының әртүрлілігі, заттың тығыздығы).
Таксистер – қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қозғалыс белсендігінің генетикалық түрі.
Таксистер былайша бөлінеді:
1) Ортотаксис – қозғалыстың жылдамдығына қатысты кеңістікті бағдарлаудағы белсенді қозғалыстар, яғни - байланысты болады.
2) Клинотаксис – қозғалыс бағытының өзгеруіне байланысты кеңістікті бағдарлаудағы белсенді қозғалысы.
3) Тигмотаксистер – жанама ықпал еткендерге бағдары. Жағымсызы клинотаксис деп аталады.
Қапайымдылардың жалпы ерекшеліктері:
қарапайымдылар кез-келген әлсіз тітіркендіргіштерге жағымды әсер етеді. Күшті тітіркендірніштерге жағымсыз әсер етеді.
Барлық қарапайымдыларға жағымсыз ықпалдарға жауап бергеннен гөрі олардан құтылу тән.
Қарапайымдылардың атқаратын функциялары:
геотаксис – жердің тартылыс күшіне байланысты бағдарлауы
жағымсыз геотаксис – қарапайымдылар қашанда жердің тартылыс күшіне қарама-қарсы қозғалады. Қарапайымдылар осындай жағымсыз әсерлерді сезінуде тепе-теңдік органы әсер етеді (ас қорыту ваккуоль).
Фототаксис – қарапайымдылардың жарыққа бағдарлауы. Көптеген қарапайыдыларда жарыққа бағдарлауы әлсіз дамыған. Ал кейбіреулерінде жағымды фотоктаксис байқалады. Мыс: жасыл эвгленада. Ең алғаш жасыл эвгленада фоторецепторлар пигменттік дақтар пайда болған. Бұл пигменттік дақтар жасыл эвгленаның қарын жағына орналасқан, жарық сәулелерді бағдарлауға ықпал етеді. Эвглена өзінің аз осінде айналып жарық түскен жаққа бұрылуы және жарықтың әсер ету реакциясы инстинктивті түрде қарны арқылы жүзеге асырылады. Қарапайымдылардың мінез-құлығы ерекшеліктерінің бірі - әрекетінің икемділігі.
Қарапайым жануарлардың психикасы өзіне қорегін табуға, анықтау, жағымсыз ықпалдан құтылуға бағытталған. Сондай-ақ оларда үйрену- бейімделу қалыптасады: яғни егер қарапайымдылар жаңа тітіркендіргіштерге әсер ететін болса, онда бейімделу қалыптасады. Егер әсер етпесе, онда жануарлардың шаршағаны.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша қарапайымдыларда жүйке жүйесінде ұқсас ерекшеліктер жоқ. Қарапайымдыларда импульстар-цитоплазмадағы бір заттың сапасынан екінші заттың сапасына өту градиенттік өту жүйесіне бағытталған. Қарапайымдыларды үйретудің ең қарапайым түріне үйрену қабілеті дәлелденген, мыс қарапайымдаларды квадрат, дөңгелек, қозғалысы. Қарапайымдыларды үйретуінің ең қарапайым формасы бейімделу. Сыртқы өзгерген шараларға біртіндеп бейімделу, яғни жануарларда туа біткен реакциялар белгілі тітіркендіргіштерде жоғалады. Егерде биологиялық қажетті нәтиже пайда болмаса.
Бейімделу шаршаудан әлдеқайда ерекше. Шаршауы – энергетикалық ресурстардың артық мөлшерде жұмсалуы. Үйрену не бейімделу керісінше энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған белсенді бейімделу реакциясы.
Ассоциативті үйрену (шартты рефлекстің белгілері) жоғарғы қарапайымдыларда биологиялық белгілі және нейтралды тітіркендіргіштер-дің арасындағы уақытша байланыстарды орнату эвгленада, инфузория туфелькаларда байқалған. Психиканың қарапайым формаларындағы тітіркендіргіштік иелеріне мыналар тән: 1) қарапайым тітіркендіргіштік иелердің қарапайым формасы – жеке сезім толықтығы тән. 2) Психикалық бейнеленуге дейінгі және психикалық бейнелеу қарапайымдылығы пигменттік дақтар немесе рецептордың аналогы. Аналогы – бұл ұқсастығы. 3)Қарапайымдыларда примитивтік қарым-қатынас, алғашқы интенситві қылық әрекеттері, мінездермен қөарым үйретудің формалары. 4)Қарапайымдылардың әр түрлі топтарына қарай олардың дамуы да әртүрлі.
№ 7 дәріс тақырыбы: Сенсорлық психиканың жоғарғы формасы
Сұрақтары:
Жүйке жүйесінің типтері
Кеңістікті бағдарлауы
Мінез-қылық үнемділігі
Жоғарғы мінез-қылықтың белгілері.
Фабри сипаты бойынша психиканың жоғарғы сенсорлық формасына гидралар, медузалар, фналарилар, дөңгелек құрттар:аскоридалар мен астрицалар. Инелілерге теңіз жұлдыздары кірпікшелер, малюскаларға: медиалар, устрицалар, виноград улиткалары жаңбыр құрты, пиавкалар жатады. Сақина тәріздес құрттар: олардың ішкі және сыртқы метометриялары бар. Олардың денесі көптеген сигменттерден тұрады. Олар ішкі органдардың құрылымын құрайтын ерекшеліктері. Осы кезеңдегі жануарларда жүйке жүйесі бар. Жүйке жүйесінің типтері:
Сечаткалық және диффузиялық жүйке жүйесі (гидра)
Сыртқы қабаттарда орналасқан энтодермаларда жүйке клеткалары бар. Олар ұзын, жіңішке өсінділер арқылы топ тәріздес жүйке шоғырын құрап, ауыз қуысымен шеткі аяқтарында тығыздалады.
Сақина тәріздес жүйке жүйесі (медузалар) медузалардың шартырша шетіндегі екі жүйке сақинасы тәріздес жүйке клеткасынан тұрады. Біреуі сыртқы (сезімдік), екіншісі ішкі қозғалыс функциясын атқарады. Сыртқы сақинаның негізгі функциясы - тітіркендіргіш органдарынан алған сигналды қабылдау. Сыртқы сақина - тепе-теңдік органына жарық сезінетін кезеңдермен аяқшалардың негізіне жақын орналасқан. Ішкі сақина мусульдық талшықтың шоғырлап орналасқан - парустың негізінде жатар.
Радиациялық жүйке жүйесі (теңіз жұлдызы) - бұларда орталық жүйке орталықтары бар және олар көмей төңірегінде сақина тәріздес орналасқан. Олардан қозғалыс органына тарайды.
Биотеральдық жүйке жүйесі (симметриялық) яғни жүйке негізі пайда болады. Планариларда жүйке жүйесі денесіне жақын орналасқан жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл жүйке талшықтарынан жүйке тканьдарымен жұтқыншақ төңірегінде орналасқан байланыстар тарайды, яғни бас бөлімінің пайда болуы.
Сақина тәріздес құрттарда жүйке жүйесінің күрделі түрі бар. Олар жүйке баспалдағы (ортогон) орналасқан. Жұтқыншақтың астыңғы және үстінде орналасқан жүйке байланыстылар арқылы байланысқан және олардан қарын стволын қамтамасыз ететін қос жүйке байланыстары тарайды. Жұтқыншақтың артындағы жүйке байланыстары қарапайым бас миы. Психикалық дамудың деңгейі бұларда жүйке жүйесінің құрылымымен және тіршілік ету ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Локомоция (қозғалыс) сақина тәріздес құрттарда бұлшық еттің дамуы байқалады. Бұлар тері бұлшық дорбасы тәріздес екі қабаттасқан бөлімнен тұрады.
Сыртқы тері асты қабығы – көптеген сақинаша талшықтардан тұрады.
Ішкі қабығы – көлденең орналасқан бұлшықтардан тұрады.
Көлденең және сақина тәріздес бұлшықтардың кезектесіп жиырылуының нәтижесінде қозғалыс пайда болады.
Сақина тәріздес құрттардағы жұп аяқ-тәріздес өсінділер - параподиялар пайда болған. Олардың - параподияларының негізгі функциялары қозғалыс сезіну және химиялық сезімталғышты қамтамасыз етуі. Яғни сезім органдары дәм сезу органдарынан тарап қалыптасты деген болжам бар.
Сенсорлық психиканың жоғары сатысындағы жануарларда: 1.плюромодания – дамудың эвалюциялық сипатына қарай кейбір органдары рецепторлық ерекшеліктердің пайда болуына әкеп соқты. Мыс: медузалардың көру органдарының ерекшелігі
Көз дақтары жарықты сезінетін клеткалар тері қабығындағы эпителлиялық клеткалардың арасында орналасқан.
Көз шұңқыры – яғни көз құрылымы пигменттік клетканың инвагинация байқалады.
Инвагинация – ішке қарай бағыттау
Нағыз көз – шар формасы тәріздес эпителиялық клеткадан тұратын көз көпіршіктері. Эпители өте нәзік және мөлдір функцияны атқарады. Көз көпіршіктерінің қабығы екі типтен тұрады.
- ретинальды
- пигментті
Сенсорлық психиканың жоғарғы формадағы жануарлардың кеңістікті бағдарлауы.
Жауын құрттарда арнайы жарықты сезінетін органдары жоқ. Негізгі ерекшеліктері жоғарғы фототаксистік ерекшелік. Жауын құрттары жағымсыз әсерлерден құтылуға тырысады. Мысалы. қараңғыға қарай ұмтылу. Жауын құрттарындағы клеткалары дененің жоғарғы қабатында шашырап орналасқан сезімнің түрлері: ауыр нәрсені, температураны сезіну.
Таксистердің кеңістікті бағдарлауы. Сенсорлық форманың жоғарғы сатысындағы жануарлардың сезім органдарының симеттриялық орналасуына байланысты таксистердің жоғарғы формалары пайда болған. А. Кюннің классификацисы бойынша
Тропотаксис симметриялы орналасқан рецепторлардағы қозғалудың әсерінен туындайтын жануарлардың қозғалысы.
Телотаксис – тітіркендіргіштің белгілі қайнар көзін анықтау және соған бағытталған қозғалысы.
Менотоксис – симметриялық емес тітіркендіргіштің симеттриялық рецепторларды тудыратын қозғалысы. Негізгі функциясы кеңістікте тұрақты қалыпты сақтау. Мінез құлықтың икемділігі - бұл кезеңдегі жануарлардың мінез-құлығы ерекшелігі. Олардың қылық әрекетінің икемділігінін және жетекші ролді инстинктер атқарады. Бұл кезеңдегі жануарларды үйретудің түрлері:
Үйрену, бійімделу – қалыптасқан реакцияларын тоқтату
Асоциативті үйрету – классикалық және инструменталды шартты рефлексі.
Фабридің пікірінше үйретудің ерекшелігі бұл топтағы жанураларда асоциативті байланыстар жоқ. Негізгі рөлді суммация заңы орындайды. Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде құрттардың мінез - қылықтарында икемділік бар екендігі байқалған. Т әріпі тәріздес лабиринтке құрттарды жіберіп екі түрлі шарттар жасаған бір жағында жағымды жағдайлар, екіншісінде электр тоғы 120 тәжірибе жүргізгеннен кейін ғана құрттар ұясына жетуді үйренген. Улиткалар 60 тәжірибеден кейін үйренген, тіпті құрттардың алдыңғы жүйке сигменттерін алып тастағандығының өзінде үйрету нәтижелері сақталған. Сенсорлық психиканың жоғарғы сатысындағы мінез-қылықтың жоғарғы формалары мен белгілері байқалған. Мінез-қылықтың жоғарғы формалары немесе күрделі инстинктивті бағдарламалар. Аталған кезеңде екі функцияны ажыратамыз:
белгілі бір тіршілікке қажетті құрастырылуы әрекетінің пайда болуы.
тіршілік етуге қажетті ұмтылу бұл кезеңде қалыптасқан ритуализация жоқ.
Ритуал – коммуникативтік функцияны жүзеге асыруға бағытталған жануарлардың арнаулы қозғалыстары.
Қорыта айтқанда сенсорлық жоғарғы формадағы жануарлар қарапайым сатысымен салыстырғандағы тән ерекшеліктер:
затты қабылдау жоқ, бірақ түйсікке негізделген бағдарлау бар
сыртқы жағымсыз әсерден құтылу, бірақ, жағымды шараларды іздеуге бағыттамайды;
жүйке жүйесінің пайда болуы диффузиядағы биотеральдық;
бас қуысындағы жүйке жүйесінің даралауы.
№ 8-ші дәріс тақырыбы: Перцептивті психиканың деңгейі
Сұрақтары:
1. Перцептивті психиканың ерекшеліктері.
2. Жүйке жүйесінің құрылымы. Сенсорлық қабілет пен сезім мүшелері
3. Заттық қабылдау ерекшеліктері.
4. Мінез-қылық түрлері.
Өкілдері
Бұл кезеңдегі негізгі ерекшелік: заттық қабылдау.Былқылдақ денелі жәндіктер (сегізаяқтылар, кальмарлар және каракатицалар); буынаяқтылар (шаянтәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалар). Локомациялық қозғалыс жүйесі – бұлшықет құрылысы, сезім мүшелері және т.б.
Жүйке жүйесінің құрылымы
Ерекшеліктері:
Металмерлі орналасқан жүйке түйіні.
Құрсақ жүйке түйіні (тізбегі).
Бас миының мықты болуы. Ұлғайған жұтқыншақ үсті жүйке түйіні.
Ол келесі үш бөліктен тұрады):
- а) протоцелебрум – алдыңғы ми, көру мүшесін жүйкелендіретін, дербес үлкен бөлігі:
- б) детоцелебрум – жәндіктердің мұртшаларын жүйкелендіретін бөлігі.
- в) тритоцелебрум – үшінші ми, жәндіктердің ауыз қуысын жүйкелендіреді.
Протоцелебрумда саңырауқұлақ тәрізді денешіктер (жүйке клеткалары) байқалады. Олар ассоциативті және координациялайтын орталық болып табылады. Бас миының өлшемімен байланысты заңдылық: бас миы үлкен болған сайын, мінез-құлық та күрделі болады. Аралардың денесі мен бас миының арақатынасы – 1/174, құмырсқада – 1/250, ал зауза қоңызында – 1/3220.
Сенсорлық қабілет және сезім мүшелері
Жәндіктерде күрделі торлы көз пайда болады. Олар көптеген жеке бөліктерден құралған. Әрбір торға сәйкес келетін өзінің көзшесі – оматидий болады. Бұл көзшелер жеке пигменттік қалқалармен көмкерілген. Және олар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. Қабылданатын заттардың мозаикалық бейнесі пайда болады. Жәндіктер жақыннан көргіштер екені айқындалды: 2-3 метр қашықтықтағы объект – анық бейне де,р жақыннан көргіштер екені айқындалды: 2-3 метр қашықтықтағы объект - анық болады. олған сайын, мінез-құлық та күрделі ал алыстағы бейнелер бұлдырлап көрінеді. Жәндіктер қозғалмалы объектілерді жақсырақ көреді. Түрлі-түсті көру – жәндіктерге тән. Олрдың көру спектрі адамдарға қарағанда кеңірек болады. Өйткені олар ультракүлгін сәулелерін көре алуымен ерекшеленеді.
Сегізаяқ – олардың жүйке жүйесінің бағандары адамдарға қарағанда жуанырақ келеді. Көздері – адамның көзіне ұқсас болады. Көріу көздің қасаң қабығы, қас, нұрлы қабық және көз бұршағынан тұрады. Олар күшті және әрсіз жарықты көруге бейімделген. Сегізаяқтарда аккомодацияны реттеп отыратын қоңыр пигмент бар. Аккомодация, яғни әр-түрлі қашықтықта орналасуына қарау көру. Сипап сезу, жарық, дәм, иіс сезуге бүкіл беткі жағы ерекше сезімтал келеді. Әсіресе қармау мүшелері сезімтал болады. Ол қару-жарақтық, қорғаныштық қызмет атқарады.
Кеңістікті қабылдау. Жәндіктердегі фототаксис. Бәрінен де кең тараған тропо, яғни – дене – және мено таксистер – таксистердің ең жоғарғы формасы және қарапайым таксистер: клино және ортотаксистер (жәндіктердің ұрпақтарында) болып табылады. Ересек жәндіктерде телатаксис, яғни тітіркендіргіштерге қозғалысы жиі кездеседі. Менотаксистердің өзіне тән нұсқалары бар. Мендауэр менотаксистердің келесі төрт жағдайын атап көрсетті:
Жарықтың ағымын белгілеу кездейсоқ болып табылады;
Туы біткен қозғалыс тұрақтылығы;
Бір тип ішіндегі түрлердің арасындағы тұрақтылықты бір-біріне хабарлау. (Мысалы, аралардың билеуі).
Фиксация – тұрақтылық жәндіктердің тіршілігінде ерекше қарастыралады.
Фиксация жекелей ретте қарастырылады. Бұл таксистердің ең жоғарғы формасы, миелотаксис – жаттықтырылған бейімделу болып табылады.
Заттық қабылдау ерекшелігі
Бұл деңгейде жеке заттар маңызды рөл атқарады. Ұзақ уақыт бойы жәндіктер белгілерді тек өмір сүру жағдайына байланысты арнайы сипатта қабылдайды (мысалы, аралар гүлдерге тән пішіндерді қабылдайды) деп қарастырылып келген. Тунбергеннің тәжірибесі бұл көзқарасты жоққа шығарады: аралар графикалық белгілер бойынша да пішіндерді айқындайды деген.
Былқылдақ денелі жәндіктер заттардың 46 түрлі формаларын ажырата алады. Олар квадраттан үшбұрышты, үлкен квадраттан кіші квадратты. Үшбұрыштан ромбты ажырата алады. Заттық қабылдау осы былқылдақ денелі жәндіктерде пайда болған.
Жоғары мінез-құлық формасы
Қарым-қатынас: Аралардың коммуникациялық жүйесі – би болып табылады. Билеу арқылы олар қоөректерінің қайда орналасқанын немесе қауіп-қатер төніп келе жатқаны туралы хабар береді.
Ритуалдық мінез-құлық (ритуализация) – некелік мінез-құлықтың салт жорасы (көбею инстинктісі); агрессивті мінез-құлық (қорғану инстинктісі).
Территориялық мінез-құлық – мекен-тұрақ иелігін шекарасын жасау және түйсіну қабілеті.
Биологиялық территория – жануарлардың тіршілігі мен өмір сүру жағдайына байланысты, оларды қорғау және бақылау үшін айқындалған белгілі бір аймақ. Территориялық мінез-құлық инеліктерде кездеседі. Олар өздерінің территориялық аумағын белгілейді де, бөтен инеліктерді (еркек) қуып жібереді. Территориялық мінез-құлық ішкі бәсекелестікке негізделген. Мұндағы негізгі мақсаты бір түрді немесе семьяны қорекпен қамтамасыз ету.
№ 9-шы дәріс ақырыбы: Перцептивті психиканың жоғарғы деңгейі
Сұрақтары:
1.Психиканың жоғарғы және өте жоғарғы деңгейлеріне сипаттама.
2.Локомоторлық даму. Манипуляциялық белсенділік.
3.Сенсорлық қабілеттер.
4.Әр топтағы жануарлардың қабылдау ерекшеліктері.
Өкілдері: Хордалық класс:
Бассүйексіздіктер (лоцентник);
Омыртқалылар (даналық ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жоғарлаушылар, құстар, сүткөректілер).
Құстар мен сүтқоректілерден басқаларының барлығы перцептивтік психиканың төменгі деңгейіне жатады. Перцептивтік психиканың жоғарғы және төменгі деңгейі элементтерінің сәйкестігі әртүрлілігімен сипатталады.
Локомоторлық даму
І. Қозғалу органдарының дамуы бойынша хордалық эвалюциясы.
ІІ. Шеміршекті заттан хорданың және көлденең жолақты бұлшықеттінің дамуы, (бұл арқа бөлігінудегі төменгі хорда арқылы өтеді, ал бұл түтік тәріздес пішінді төменгі бөлігінде орналасқан (ланцетник маңында).
ІІІ. Жақ аппаратының пайда болуы мен дамуы және оның функцияларыныңбіртіндеп кеңеюі.
ІV. Сыртқы мүшелерінің пайда болуы мен дамуы.
V. Алдыңғы және артқы сыртқы мүшелерінің дифференциясы және алдыңғы сыртқы мүшелерінің функцияларының кеңеюі.
VІ. Кеңістікте алдыңғы мүшелерменқозғалудың функцияларынан толық босатылуы.
VІІ. Сөйлеу әрекетін орындауға көмектесетін органдарының дамуы.
Манипуляциялық белсенділік. Осы фактордың ерекшелігі эффекторлық органдардың болуы. Функциялары:
Тірек – локомоторлық (тірек арқылы жерде орын ауыстыру);
Манипуляциялық (алдыңғының қатысуы, оның басымдылығы арқылы белсенді әрекет жасау (әртүрлі заттармен) артқыаяқтары сирек және де эффекторлық органдар: жақ аппараты, пілдерде – хобаты, маймылдарда – құйрық).
Манипуляциялық белсенділік – жеуге жарамды және жарамсыз заттарды манипуляциялау, яғни оған әрекет жасау, басқару. Жеуге жарамсыз заттарды басқару. Жеуге жарамсыз заттарды басқару жануар үшін танымдық функция болып табылады.
Затты алдыңғы мүшелер арқылы манипуляциялық ерекше мағынаға ие (жан-жақты зерттеу). Мұндай белсенділік жануарға затты комплексті зерттеуге көмектеседі; деструктивтік әрекет жасағанда ерекше көмектеседі, бұл психиканың дамуы үшін үлкен мәлімет береді. Манипуляцияның бір түрі – конфорттік әрекеті – жануарлардың өз денесіне дұрыс қарауы.
Түрлері:
-денені тазарту;
-сілкінуі;
-субстратта аунау (мысалы сазда жату, бұл биттен құтылуға көмектеседі);
-жуыну.
Сенсорлық қабілеті
Жоғары дамыған сезім мүшелері, адам сезім мүшелеріне құрылысы жағынан жақын.
Есту мүшесі – балықтарда пайда болады (ішкі құлақ); қосмекенділер (ортаңғы құлақ (ойық пленка) және ішкі құлақ); сүтқоректілер (ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақ).
Иіс сезу мүшесі – иіс сезу дорбашалары мен қалқаншалар.
Көру мүшесі – көз алмасы.
Жанасу, кинетикалық сезгіштік – терникалық (бауырмен жорғалаушыларда), дәм, сезу, электрлік және эколокациялық (тышқандар – вампирлер).
Бұл жануарларда доминантты сезім мүшесін атау қиын, өйткені бұл олардың өмір сүруімен байланысты. Яғни психикалық сенсорлық әрекет биологиялық негізделген. Мысалы: сүтқоректілердің басым көпшілігінде басты сезім мүшесі – иіс сезу, құстар мен маймылдарда – көру (жыртқыш құстарда ерекше жақсы).
Әртүрлі топтағы жануардың қабылдау ерекшеліктері. Затты қабылдаудың болуы, домалақ ауыздылардан басқалары (құрт тәріздес теңіз жануарлары). Жоғарғы және төменгілерде қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Балықтар: геометриялық фигураларды ажырата алу қабілеті, оның көлемі үлкейсе де, бірақ оларды танымай қалады (егер кеңістіктегі орналасуы өзгерсе. Құстар: тауық төңкерілген фигураны танымай қалады, бірақ оны ажырата алады, фигураны тани алады: оның түсіне және біртұтастығына мән бермей (біртұтастылық заңы).
Сүтқоректілер: фигураның әртүрлі пішінін, әртүрлі орналасуын таниды, ажырата алады. Бұл мысалдар жануарларда заттарды жалпы шолудың бар болуын көрсетеді. Және де бұларға тән күрделі елестету – қабылдағанды объективтік деңгейге ауыстыру. Егер уақытша өмірге қажетті тітіркендіргіштер болмаса, жануарларға қоршаған ортада бейімделе алмайды, немесе өзгерген ортада тітіркендіргіштер арқылы қозғалады, әрекет жасалды.
«Алып қою» реакция әдісі: Жануарлардың көз алдында тамақ тығулы тұрады, бұны жануар біраз уақыттан кейін ғана таба алады. Бұл приманканы ақырындап алып тастайды немесе басқа затпен алмастырады. Егер жануар ауыстыруға әрекет етсе, онда сезгіштік елестетудің жануарда бар болуы дәлелденгені. Жануарға көбінесе көру арқылы елестету тән, бұл арқылы олар заттың санын, сапасын ажыратады.
Жұмыстарының арқасында үйрету бастапқы кезде мойындалмады. К.Э.Фабридің, пікірінше, жәндіктердің әрекеті инстинкт арқылы ғана жүреді және жәндіктердің жаңа шарттарға үйренуге қабілеттері жоқ. Ол жалғыз тұратын араларға тәжірибе жүргізген. Аралардың табиғи әрекеті; бұл олардың ұядан ұшып шыққан кезде, ішкі қабатты кеміру арқылы сыртқа шығады.
Тәжірибе арқылы Фабри К.Э. екі топты үйренуге қабілетін анықтарды:
бақылаушы топ ол араның ұясын қағазбен жауып, ұямен қағаздың арасында орын қалдырмайды (ара ұя қабатын және қағазды кеміру арқылы еркіндікке шығады;
зерттеуші топ – ұяны қағазбен жауып қояды, мұнда ұя мен қағаз арасында орын қалдырып қояды (аралар ұясын кеміріп шығып, қағаз ішінде қалып қойды), мұнан шығатын қорытынды, жануар кеміру актіні қайта қалпына келтіре алмайды (акт үйретуі бір рет қана жүреді). Тәжірибенің кемшілігі: қағаз бетінің жылтыр және сырғанақ болуында, жақ аппаратына байланысты аралар оны кеміре алмады.
Қорытынды: шын мәнінде жәндіктер ассоциативті үйретуге қабілетті. Үйретудің мәні аралардың биінде дәлелденген. Бидің көптеген элементтері шартты рефлекс жолы арқылы пайда болады.
Тинберген Н. тәжірибесін араға жүргізгу арқылы мынаны дәлелдейді: жәндіктерде үйретуге қабілетті.
Бұнақденелі маллюскалардың үйретуге қабілеттіліктер кейбір қайшылықтарға ие. Бір жағынан сегізаяқтарды жәндіктерге – адам ең алғаш үйреткен жануар. Екінші жағынан сегізаяқтар айналып өту арқылы (кедергіні) қарапайым мәселен шеше алмайды (сегізаяққа жүргізілген тәжірибеде).
Бұл мысал мынаны түсіндіреді, жануардың психикасының дамуының прогрессивтік және жабайы белгілерінің сәйкестелуі негізінде байқалады. Примитивтік белгі- негативизмдік қатынас.
№ 10-шы дәріс тақырыбы: Жануарлар психикалық әрекетінің онтогенезде дамуы
Сұрақтары:
1.Әртүрлі топтағы жануарлар онтегенездері.
2.Мінез-қылық пен психиканың онтогенезі.
3.Омыртқалар мен омыртқасыздардың онтогенезі.
4.Туа біткен тану мен ерте үйретудің өзара байланыстылығы.
Жануарлар түрлерінің арасындағы қарым-қатынас, жануарлардың белгілі ортадағы қатынастары, қимыл әрекеттері жануарлардың бірлесіп топ болып қалыптасуын білу үшін, функциональдық жағын қарастыру қажет. Жануарлардың бір әрекеттен екінші әрекетке ауысу қабілеті жақсы дамыған. Жануарлардың ең жоғарғы тип түрлері қоршаған айналасына, жанындағыларына өте айбатты болады, жануарлардың көп тегін түрлерінде психика жақсы дамыған. Субдоминанттық жануарларда басқа жануардарға қарағанда психикалық әрекеттері басымырақ болады. Осы қабілеттері тек жоғары формадағы жануарларына тән Жануарлар арасында иерархалық қарым-қатынас бар. Мысалы, қасқыр үйірін алайық. Осы үйір саны жағынан бірнешеге жетеді және осы үйірді басқару үшін оның жетекшісі, немесе қасқыр үйірінде арлан қасқыр болуы тиіс. Ол әрине жас, мықты, үйірді басқара алатын, қорғай алатын қасқыр болуы тиіс. Арлан мен қатар үйірде қаншық қасқыр болуға тиіс. Осы үйірдің кішкентай көжектері өзінің қай топқа жататынын, және өзінің дәрежесін біледі. Көжектер үлкендердің мінез-құлықтары мен олардың әрекеттерін жақсы бақылайды және осы әрекеттерді орындауға тырысады. Кейбір күшіктер арланның немесе үлкен қаншықтың баласы болса, кейін жоғары дәрежеде үйірді басқарады. Жануарлар типтері арасындағы әрекеттері мен олардың мінездерін жақсы түсіне алады.
Имитациялық үйрену немесе бейімделу. Сүтқоректілердің басқа жануарлардан үлкен бір айырмашылығы, балалық шақтың ұзақтығы мен оның дамуы, сондықтанда осындағы үлкен айырмашылық: сүтқоректілердің осы әлемдегі әрекеті, мен әр нәрсеге деген қабілеті. Сүтқоректілердің аналығы өзінің баласымен көп уақыт өткізеді, бұл уақыт ішінде балаға сырттан көп қауіп қатер төнбейтін сияқты, және көп уақыт бойы баланың ашық тұрде ойнауға қабілеті туады. Балалық шақтың көп уақыт созылуына байланысты оларда имитациялық үйрену және қоршаған ортаға жақсы бейімделу жақсы қалыптасады. Сүтқоректілердің көп түрлері топ болып өмір сүруі бірлесіп топ өмір сүруіне негіз бола алады. Бірлесіп топ өмір сүргеннен кейін олар өздеріне қоректі табуға және оны бөлісіп алу қабілеттерін айтуға болады. Мысалға приматтарды қарастырсақ олар жеміс-жидекті қорек етіп алады, олар өздері тас ағаштың көмегімен өз қорегін табысты қолдана алады.
Жануарлардың үйренуге қабілеті. Сүтқоректілердің ассоциативті қатынас 1-ші кезеңде немесе 2-ші кезеңнен бастап қалыптасады. Жануарлардың психикалық қабілеттері өте жақсы дамыған. Қоршаған ортасы мен айналасындағы объектілер, жануарлардың қарым-қатынасы және ортаға бейімделуі психикалық қабілетті дамытады.
Онтогенездік құрамы жануарлар организмдегі жұмыртқа дамуымен тікелей байланысты. Қазіргі уақытқа дейін барлық жануарларға тән онтогенездік заңдылығы зерттелмеген. Біріншіден, барлық жануарлар арасындағы өмір сүру ұзақтығы әр түрлі болып келеді. Екіншіден, кейбір жануарларға тән қасиеттің бірі - метаморфоза, ал кейбір жануарларға бұл қасиет тән болмайды. Кейбір жоғарғы омыртқалыларда толық туу және жартылай туу тін.
Ал омытқасыздарда онтогенездік қасиеттері, оның өсуімен тікелей байланысты. Омыртқасыздардың дамуы мен мінез-құлығы әрекеттерінің тығыз өсуімен байланысты әрекеттер омыртқасыздарда аса үлкен роль атқармайды. Омыртқасыз жануарлардың онтогенездік дамуы өмір сүруіне тікелей әсер етпейді.
Омыртқалылардың онтогенезі
Омыртқалылардағы онтогенездік кезеңнің дамуы мен ұзақтығы әр түрлі болады.
1) Эмбриональдық (пренатальдық) – туғанға дейін және бастапқы кезде организме ұлпалардың дамуы мен бөлінуі.
2) Постэмбриондық (постнатальдық) – туа салысымен
Онтогенездік эволюцияда қарастырылатын негізгі қасиеттері және олардың өмір ұзақтығы. Мұндағы даму жануарлардың психикалық қабілеті жоғары дамуымен тікелей байланысты.
Жануарлардың қабілеттерін құрылымдық жағынан қарастыруға болады. Олардың қабілеттері өте күрделі жануарлар басқа жануарлар арасындағы айырмашылықты сенсорлық қабілеттің арқасынан біле алады. Онтогенездік ерекшеліктер негізінде жануарлардың қабілеттері мен әрекеттері күрделене түсуде. Қоршаған ортамен байланысы, жануарлардың популяциясы, үйірі, ошағы, жануарларға тән қасиеттер өте күрделі болады. Олардың имитативтік әрекеттері мен қосымша қарым-қатынас күштері енуде. Жануарлардың қоршаған ортаны тануға үлкен орын алатыны ойнау әрекеті әсері. Бұл қабілеттер тек жоғарғы жануарларда болады, жануарлар типтеріне тәуелді болады.
Пренатальдық қадам: бірнеше зерттеулерде, жануарлардағы туа салысымен олардың қимыл әрекеттерінің ерекшеліктері байқалған.Цин - Ян Куо, тауықтарға зерттеу жүргізе келе, жұмыртқаларға тесік жасау арқылы осы жұмыртқаның ішіндегі балапанның дамуын, қозғалыс қабілетін қарастырған. Уақыт өте салысымен қозғалым әрекеті қалыптасқан. Осы зерттеулер нәтижесінде, жұмыртқадағы балапан баласы жартылай туу дәрежеде болғанда, оның сыртқы әр түрлі әсерге жақсы бейімделу қабілеті туады.
«Комплекстік туу». Баланның тууы кезінде оның ассоциативтік қабілетін көруге болады.
Жануарларға зерттеулер жүргізу нәтижесінде олардың қимыл әрекеттерін бақылау. Депривация мен изоляция: жануарлардың мекен ететін ортасының бұзылуы және өзгеруімен байланысты болады. Өзгерістер әр түрлі болады, олар: онтогенез қысқа болса, өзгеріс тым әсерлі және айқын көрінеді. Жануарлардың мұндай ортада әрекеттері функциональдық болады. Мысалы аналықтарда құстарда немесе тышқандарда үйсалумен байланысты. Ал қалған жануарларда, мысалы: ит тәріздестерде тіршілік етуі: жүру, қозғалыс қабілетінің төмендеуі, теріс қайшылықтарға қатты эмоциональдық әсер етуі. Кейбір өзгерістерді приматтарда байқауға болады: оларда манипуляциялық әрекеттердің қалыптасуы
Дженинг, жануарларды қолға алып оларды сипап, ойнатады (поснатальдық және юневильдік кезеңде). Қорытындысында бұл жұмыстар нәтижесінде жануарлардың өсуі және басқа да қасиеттері қарқынды дамытады.
№ 11-ші дәріс тақырыбы: Психикалық әрекеттің пренатальдық кезеңдегі дамуы
Сұрақтары:
1. Туа біткен және пайда болған мінез-құлықтың пренатальдық дамуы.
2. Эмбриогенездік тәртіптің морфофункционалдық негізі.
3. Эмбриогенездік үйрену мен жетілу.
4. Эмбриогенездік мінез-қылықтың тұқымқуалаушылық негізі.
Бүкіл мінез-қылықтың онтогенездік даму процесінің негізі эмбирондық мінез-қылық болып табылады. Омыртқалылардың да, омыртқасыздардың да пернатальдық дамуы – қозғалыстарын туғызады және тіршілікке қажетті қозғалыс, қимылдарының элементтері, бірақ қоршаған ортаға бейімделу функциясын атқара алмайды. Қоршаған ортаға бейімделу функциясы тек постнатальдық кезеңде пайда болады, сол эмбриональдық кезден мінез-қылықтың алдын-ала бейімделуін ерекше қарастыруға болады.
Академик И.И. Шмальгаузен онтогенетикалық корреляцияның (тәуелділіктің) бірнеше типтерін ажыратқан. Әсіресе ерекше көңіл аударатыны мінез-қылықтың даму заңдылықтары, «эргонтикалық корреляциялары» (немесе функционалдық), яғни органдары мен оның бөлшектерінің арасындағы функционалдық байланыстар. Аталған органдарға эмбриогенездік кезеңде ұрықтық жүрек пен бүйрек функциялары жатады. Шмальгаузен эргонтикалық корреляциясының үлгісі ретінде жүйке мен орталық жүйке дамуы және перифериалық органдардың: сезім мүшелері мен аяқ-қолы дамуы арасындағы байланысты мысалға келтіреді. Эксперименттік бақылауда аталған органдарды алып тастағанда, жүйке жүйесінің тәуелді элементтері (бөлшектері) дамымай қалған.
Эмбриогенездің негізгі сипаты дамушы органдар мен коррелятивтік жылжуға байланысты. Дамып келе жатқан ұрықтың бөлшектері арасындағы өзара тәуелділік. Осылардың нәтижесінде қалыптасып келе жатқан органдардың әрекеттерін сипаттайтын функционалдық өзгерістер пайда болады. Тындайтын қорытынды – жануарлар мінез-қылығының эмбриогенездік қалыптасуын анықтайтын морфофункционалдық байланыстар мен тәуелділіктердің күрделілігі. Функциялардың дамуы таңдамалы сипатта: әрбір орган жеке дамиды, бірақ бір-бірімен тығыз байланысқан бір жүйеде жүріп отырады. Адамның, маймылдың және мысықтық эмбриондық дамудың асинхрониясы: мысалы туғанда өмірге қажетті функцияларды атқаратын жекеленген жүйке талшықтары (ему-сору қозғалыстары). Құрсақтағы қозғалыстар туғанда қажетті қимыл-қозғалыстық бұлшық әрекеттерін байланыстыратын физиологиялық процестер координациясына әсер етеді. Слоним А.Д.-ның мәліметтері бойынша жаңа туған қозылар мен лақтар аяқтарында тұрып, шаршамай екі сағаттай жүгіре алады. Бұндай мүмкіншілік эмбриогенездік дамудағы тіршілікке қажетті функциялар мен қимылдар арасындағы байланыстар мен тәуелділікті сипаттайды. Өмірге келер кезде жүректің минуттық көлемі мен тыныс алу жиілігі, басқа да функциялардың физиологиялық тәуелділігі реттеледі.
Жануарлардың қоршаған ортадағы өмірі, қарым-қатынасы ұрықтық дамумен тығыз байланысты. Функциялардың даму бағыты мен жалпы заңдылықтары филогенездегі және генетикалық қалыптасқан факторларға негізделген. Американ ғалымы Цин-Янг-Куо ең бірінші рет тіршілікке қажетті болашақ органдардың түзілуін – эмбриогенездік кездегі «жаттығу», «ал қозғалыс функцияларының дамуы мен жетілуін «эмбриондық тәжірибенің» жинақталуы деп көрсеткен Куо эмбриондық мінз-қылық, қимыл ерекшеліктерін зерттеуде көптеген зерттеулер жүргізген, әсіресе, тауықтардың ұрықтық дамуын ерекше зерттеген. Жұмыртқаның ішін зерттеген, қабығына терезе жасап, ұрықтың - балапанның алғашқы қозғалысын 3-ші, 4-ші тәулікте (басынан денесіне қарай, жан-жағына қозғалысын) анықтаған.
«Эмбрионалдық жаттығу», «эмбриондық үйрену» -эмбриогенездің алғашқы деңгейі. Алғашқы деңгейде дағдылану құбылысы, рефлекторлық доға болмайды. Дамушы органдар мен жүйелердің жұмыс істеуі жекеленген түрлерде дараланады.
Мінез-қылық белгілерінің қалыптасуы ұрықтың даму ерекшеліктеріне сай дамиды. Эмбриогенездік кезеңдегі сипап сезу және проприоцептивтік белсенділіктері қимыл-қозғалыстың дамуына тәуелді. Тұқым қуалайтын белгілер организмнің құрылымда, оның жүйелері мен органдардың функцияларында қайталанады.
Эмбриондық кезеңнің аяғына қарай омыртқасыздардың инстинтивті реакциялары қалыптасады. Қоректілердің эмбриондық қылықтары басқа жануарлардың эмбриондық дамуына ұқсамайды.
№ 12-ші дәріс тақырыбы: Ерте постнатальдық кезеңдегі психикалық әрекеттің дамуы
Сұрақтары:
1.Пре- және постнатальды психикалық әрекеттердің дамуы.
2.Ерте постнатальды мінез-қылықтың танымдық аспектілері.
3.Ерте манипуляцияның танымдық маңызы.
Эмбрионның психикалық әрекеті жануарлардың туғаннан кейінгі мінез-қылығы мен психикасы қалыптасу үрдісінің жалғасы. Эмбрион қалыптасушы организм, психика бұл кезеңде тек түзілу формасында болды. Дүниеге келу – туу – қалыптасқан қылық-әрекеттің қайта даму деңгейі. Постнатальдық дамудың жаңа деңгейінде организмнің сыртқы ортамен байланысын анықтайтын жаңа факторлар мен заңдылықтар қалыптасады. Жаңа кезеңде мінез-қылықтың туа біткен элементтерінің жетілуі жалғасады. Пре- және постнатальдық кезеңдердің әртүрлілігіне қарамастан, кезеңдердің онтогенездік даму арасында алшақтық байқалмайды, керісінше, бір-бірімен тығыз байланысып, жалғасып жатады. Әсіресе, эмбриондық қылық-әрекеттің бейімделуі. Мысалы, жұмыртқадан шыққанға дейінгі байланыстылық жүйесі. Жұмыртқадағы қарым-қатынас сақталады және оның жұмыртқадан шығуына маңызы зор.
Ерте постнатальдық кезең құстардың өмірінде өте маңызды, бұл кезеңде организмнің сыртқы ортамен маңызды қарым-қатынасы қалыптасып, өмірге қажетті байланыс компоненттері орнайды.
Әртүрлі жануарларда постнатальдық қылық әрекет әртүрлі дамиды және бір-бірінен белгілі заңдылықтар негізінде дараланады. Әсіресе ювенильдік және нәрестелік кезеңдерінде. Көптеген омыртқасыздардың және төменгі омыртқалылардың ұрықтары үлкендерге қарағанда мүлдем басқа: қоректену, қозғалыс әрекеттері. Омыртқалылардың балалары өмірге әртүрлі жетілу деңгейлерінде келеді. Орбели жетілген және жетілмей туған жануарлардың қылық-әрекет дамуының нақты биологиялық сипаттамасын келтірген. Жетіліп туғандар сыртқы ықпалдарға түскенімен, жағымсыз ықпалдарға төтеп бере алатындығын; бірақ ары қарай дамудың прогрессиясы баяулап жекеленген шартты рефлексті әрекеті қалыптасатынын көрсеткен.
Ал «жетілмей» құрсақтан, жұмыртқадан тыс туғандардың қылық-әрекетінің дамуы өзгеше. Орбелидің мәліметтері бойынша «жетілмей» туғандарға өте қиын және ата-аналарының көмегінсіз болғанымен тіршілікке бейімделуі әлде қайда тиімді: олардың жүйке жүйелері дамуын ары қарай жалғастырады және туа біткен қылық-әрекеттері қалыптасады. Эволюциялық процестердің нәтижесінде жануарлардың көптеген топтарында ұрпақтарына қамқорлқ, қорғау және қоректендіру қалыптасқан.
Ұрпақты жалғастыру мен қорағаудың ең жоғарғы формасы: әлсіз және белсенді болып бөлінеді. Әлсіз түрінде: жануарлардың жұмыртқаларын немесе балаларын арнайы қатпаршақтарда, сумкаларда алып жүруі жатады. Балаларын аналарынан бөлінетін заттармен қоректендіреді, мұндай түрі инелілерде, шаяндарда, балықтарда, маллюскаларда бар.
Белсенді түрінде: үлкендер ұрпақтарын қорғау мен сақтауда қалыптасқан арнайы әрекеттер жасайды – балаларын жәндіктермен қоректендіреді, мекен-тұрағына бейімдейді, денесін тазалауға, қорғануға, тамақ табуға, қауіп-қатерді ажыратуға үйретеді.
Тұрақты, қатал инстинтивті қозғалыстары постнатальды кезеңнің басында қалыптасатынын көптеген зерттеушілер, ары қарай дамымайды және дамуды қажет етпейді деген. Инстинктивті қозғалыстардың постнатальды дамуы генетикалық шарттарға негізделген тәжірибелік бейімделу ортасына тығыз байланысты.
№ 13-ші дәріс тақырыбы: Психиканың ювенильді кезеңде дамуы
Сұрақтар:
Жануарлар ойынына жалпы сипаттама
Жануарлар ойындарында іс-қимыл белсенділіктің шешілуі.
Қарым-қатынастың қалыптасуы.
Жануарлардың ойын белсенділігінің танымдық функциясы.
Жануарлардың мінез-құлқының дамуының ювенильді немесе ойын кезеңі туралы көптеген зерттеулер бар. Жоғарғы жануарлар балаларында мінез-құлықтың дамуы жыныстық жетілу алдында ойын белсенділігі формасында танылады.
Жануарлар ойыны әлі күнге дейін дұрыс зерттелмеген. Осы мәселеге әр түрлі дәуірлерде пайда болған көзқарастардың екі концепциясын біріктруге болады. Оның біріншісі Г. Скенсер, ал екіншісі К. Гроос ұсынған. Бірінші жағдайда жануарлардың ойын белсенділігі «шамадан тыс энергияны» жұмсау ретінде қарастырылады. С.А. Рубинштейн айтып ескерткендей, жануарлардың ойыны «шамадан тыс энергияны» жұмсау ретінде қарастырудың негізгі кемшілігі, белсенділік формасы мазмұнынан үзілуі. Екінші жағдайда жануарлардың ойын әрекеті өмірдің маңызды өрісінің жаттығуы ретінде қарастырылады. К. Плюйд-Морган Гроос ойынды «мінез-құлықтың есеюіне арналған жаттығулар» ретінде қарастырады.
Әйгілі голланд зоопсихологы Р. Бойтендийк Гросс концепциясына қарсы шықты. Оның айтуы бойынша ойын тек ойыншыға ғана маңызды, өйткені ол оны жақсы эмоционалдық жағдайға келтіреді, бірақ болашағына ешбір әсерін тигізбейді.
Бойтендийк бойынша мінез-құлықтың инстинтиктивті формалары жаттығуға тәуелсіз шешіледі, кейбір әрекеттерде жаттығу байқалса, ол ойын емес. Жануарлар мінез-құлқының қалыптасуына ойынның маңызы бар екендігінен басқа да көптеген зоопсихологтар бас тартады. Мейер-Хольцапфель ойын әрекетінің негізгі критерий ретінде әуестікке негізделген «байқап көруді» таныды.
Ойынның функционалдық маңызына келетін болсақ, қазіргі кезде зерттеушілердің көпшілігі ойынды сенсорлық және моторлық өрісте жаттығу арқылы ересек өмірге дайындық ретінде қарастырылғандығын айтып өту жөн.
Эльконин пікірінше ойын инстинктивті әрекеттердің ерте қалыптасуына кедергі жасайды. Торпта ойында ювенильді жаттығу ретінде қарастырады. Торп бойынша ойын жануарларда дағдыны қалыптастыру және қоршаған ортамен танысу үшін керек.
Ойынның есейген мінез-құлықты қалыптастырудағы маңызды экспериментальды дәлелі де бар. 20-шы жылдарда (Г. Бингхэм зерттеулері) жас шимпанзелердің жыныстық ойындары шағылыстырылуға қабілеттіліктің негізгі шарты болады.
Ниссен, Л. Чау және Дж. Семмеспен жасалған зерттеулері өте қызықты. Олар шимпанзе баласының қол әрекеттерін шекте заттармен ойнатпады. Бұның нәтижесінде шимпанзенің басқа шимпанзелерге қарағанда қол әрекеттері дамымай қалды.
Жас жануарлардың ойынын түсіндірудің көптігі, оның әр түрлі мінез-құлық актілерінің комплексінен тұратындығына байланысты. Сол себептен Фабри ойын негізінен дамитын әрекет ретінде болатын концепцияны ұсынды. Ойын – ересек мінез-құлықтың «нұсқауы» емес, ол қалыптасу процесіндегі ересек мінез-құлық.
Ойын белсенділігінде эмбриональды координацияда және туа пайда болған іс-қимыл координацияларының постнатальдық шешілуінен бастама алатын, мінез-құлық элементтерінің қалыптасуы аяқталады. Бұнымен қоса ойын маңызды танымдық рөлін де атқарады. Ойынды дамитын әрекет ретінде қарастыруға болады.
Мысалға, кішкентай түлкінің алғашқы ойындық әрекеті тұғаннан кейін 12-ші күні пайда болады. Оған дейін оның барлық манипуляциялық әрекеттері тек алдыңғы аяқтарымен жасалады.
Көзін ашқаннан кейін оның манипуляциялық әрекеттері дами түседі. Манипуляцияның формасы да, объектілері де көбейеді. Кішкентай түлкілердің жаңа әрекеттері көбейе түседі. Ему мен сорудан басқа, көзінің алдында нәрселердің бәрін ауыздарымен тістеп, жұлқылап, сүйретеді. Көбіне жануарлар ойынында көп кездесетін әрекет: кез-келген нәрсені мұрнымен тиісу, иіскеу алдыңғы аяқтарымен өзіне жақындату, арқада жатып өзіне қысу.
Алғаш пайда болатын манипуляциялары: ұстау, сипау, қысу болып табылады. Онтопогенездің ювильді кезеңінде жас жануар әрекеттері байи түседі. Манипуляцияның бәрі, ойынға дейінгі кезеңде пайда болған манипуляциялар. Олар тек сапасы жағынан өзгеріске ұшыраған.
Барлық ойын әрекеттерде жануардың ауыз аппараты және алдыңғы аяқтардың бастапқы функцияларының кеңеюі байқалады. Қорыта келгенде жануардың манипуляциялық ойындары ойын алдындағы кезеңде пайда болған, бірақ функционалды өзгерген манипуляциялар.
Егер де жануар туғанда сору арқылы тамақтанса, енді ол манипуляциялық ойындар арқылы жетілдірген сай әрекеттер арқылы басқаша тамақтанады. Мысалы кішкентай түлкі алғашында сорумен тамақтанса 21-ші күнге дейін ол тамақты жалаумен, одан кейін қатты тамақтарды жейді. Ауыз аппараттарының функциясынан бұндай өзгерісі (алдында тек сорса, одан кейін тістеп жейді) ойын арқылы дамуға байланысты болады. Өйткені манипуляциялық әрекеттерде жаттығулар арқылы бастапқы моторлы элементтер сапасы жағынан өзгеріске ұшырайды.
Ит тәріздес жануарлар олигофункциональды аяқтарға ие болады, аюды мысалға алатын болсақ оның манипуляциялық ойындары интенсивтірек және көптүрлі болады. Сондықтан да функциялары сапасы жағынан күштірек өзгереді.
Жоғарғы жануарлардың топтық тәртіптеріде ойын процесінде қалыптасады. Бұндай ойындарға бірігіп ойнау жатады. Олар топпен өмір сүретін жануарларға тән. Әрине қарым-қатынас түгелдей ойынға тәуелді емес. Біріккен ойындар көбіне затсыз болады.
Р. Шенкель Кенияда екі жыл бойы зерттеулер жүргізді. Соның нәтижесінде ол арыстын балаларының ойынын бақылап, олар ойнагайда бір-бірін аңду, шабуыл жасау және «күрес» жасап ойнайтындығына көзі жетті. Ойындар арқылы жануарларда ересек арыстандардың әрекеттері қалыптасады.
Манипуляциялық (емес) ойныдарға мысал келтіретін болсақ сасық кезеңдердің банкамен ойнағандарын айтуға болады. Банканы оны раковинаға тастап, шыққан дыбысқа мәз болған.
Ойын бірліктері туа пайда болатын сигнализацияға байланысты болады. Бұған – дыбыстар, қызық тұрыстар, әрекеттер жатады.
Жануарлар күресін ойнағанда күрестің ойын екендігін білдіретін белгілер өте маңызды.
Топтық ойындар жануарлар өскенде қарым-қатынас жасауда өте маңызды. Мысалы: маймыл баласын өзімен жасты маймылдарымен өсірмей жалғыз өсірген. Нәтижесінде оның басқалармен қарым-қатынас жасауы нашар болды.
Ойын барысында жас жануар өзін қоршаған заттардың сапасын және не үшін керектігін түсінеді.
Неміс этологы О. Келлер айтқандай жануар ойынында олар өмір тәжірибесін жинайды.
Ойынның бәрін зерттеушілік әрекет деп тануға болмайды. Бірақ әр ойында зерттеушілік компонент болады. Манипуляциялық ойындардың бәрінде зерттеулік компоненттер болады.
Іс-қимылдар дамуы әр уақытта қоршаған ортаны зерттеумен байланысты болады. Дербес тәжірибені жинау туа пайда болған танымдық қасиетке байланысты болады. Мысалға Лоренц мысықтың ойын объекті болу үшін зат: кішкентай, домалақ, жұмсақ және қашатын екенін таниды. Бірақ ол оның кішкентай, жұмсақ екендігін алын-ала білмейді, ол туа біткен тануға байланысты болады.
№ 14-ші дәріс ақырыбы: Жануарлар құралдары мен адамдардың еңбек құралдары
Сұрақтары:
Жануарлар құралдары менадамдардың еңбек құралдары
Еңбек әрекетінің шығуы.
Қоғамдық қарым – қатынастардың пайда болуы..
Достарыңызбен бөлісу: |