«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



бет9/19
Дата11.02.2018
өлшемі5,9 Mb.
#37518
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Тапсырма:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

  2. Іскерлік құжаттарды дайындауды әр түрлі программалық жабдықтарда орындауға мысал келтіріңіз


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Дәріс №1 және жоғарыда берілген теориялық нұсқауларға қараңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,5,6,7]


Бақылау сұрақтары:

  1. Электронды және баспа құралдарының айырмашылығы неде?

  2. Электронды және баспа құралдарына мысалдар келтіре аласыздар ма?

  3. Үстелдік баспа жүйелері неге арналған?

  4. Компьютерлік беттеу үрдісі неден тұрады?

  5. Баспа жүйелері қандай объектілермен жұмыс жасайды?


Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: MicroSoft Word програмасының құралдары көмегімен басылымдар дайындау
Мақсаты: Студенттер тізімдерді түрлерін білулері керек және мәтіндерден тізім құра алуылары керек
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Word
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Реттелген ақпаратты көп жағдайда тізім түрінде берген өте қолайлы. Себебі әрекеттер реті, объектілер тізімі берілуі мүмкін.

MicroSoft Word мәтіндік процессорында келесі тізімдер түрлері бар: маркерленген тізімдер, номерленгер тізімдер. Маркерленген тізімдерде әр пункт маркермен белгіленеді. Ал номерленген тізімдерде тізім элементтері ретімен номерленеді.

Терілген мәтінді тізімге аудару керек болса, сол мәтінді ерекшелеп аламыз да Формат – Тізім (Список) командасын немесе Форматтау тақтасындғы сәйкес батырмаға шертіңіз.


Тапсырма:

MicroSoft Word мүмкіндіктерін пайдалана отырып Қосымша №1 тапсырмасын орындаңыздар.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Мәтінді өңдеу керек:

    • Қаріп өлшемі – 16;

    • Түрі – жартылай қарайтылған, көлбеу;

Мәтінді маркерленген тізімге келтіру үшін мтәінді ерекшелеп алып, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден маркерленген тізім, соның ішінде керек маркер белгісін таңдаңыз. Егер ол маркер жоқ болса Өзгерту (Изменить) батырмасын шертіңіз де керек маркерді таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  1. Мәтінді теріңіз.

  • Қаріп атауы - Courier New;

  • Қаріп өлшемі – 13;

  • Түрі – жартылай қарайтылған.




  1. Мәтін көпдеңгейлі тізім түрінде терілген. Мәтінді теріңіз. Оны ерекшелеп алып, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден көпдеңгейлі тізім, соның ішінде керек тізім белгісін таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.

  2. Мәтінді теріңіз. Бірінші телефон номерін ған ерекшелеп алыңыз, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден маркерленген тізім, соның ішінде керек маркер белгісін таңдаңыз. Содан кйін келесі телефон номерін белгілеп керек маркерді таңдаңыз т.с.с.

  3. Сурет салу (Рисование) тақтасынан Автофигуралар – Жұлдыздар және ленталар (Звезды и ленты) сәйкес лентаны таңдаңыз. Жанама мәзірден Мәтін қою (Добавить текст) командасын таңдап, мәтінді теріңіз.

  • Қаріп атауы - Comic Sans MS;

  • Қаріп өлшемі – 14;

  • Түрі – жартылай қарайтылған.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[2,3,5,6,7]/[6]


Бақылау сұрақтары

    1. Тізім дегеніміз не?

    2. Тізімнің қандай түрлері бар?

    3. Автофигураға мәтінді қалай енгізуге болады?


Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері

Мақсаты: Microsoft Word программасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып беттеу, стиль құрып үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Word
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Сурет салу тақтасының элементтері: автофигуралар, жазу (надпись), көлңке т.б. қолданасыз. Microsoft Word анықтама бөліміне барып, сурет салу тақтасы жайлы оқып танысыңыз.
Тапсырма:

Қосымша №4 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Автофигура ішіне WordArt компонентін қоюға болады. Ол үшін автофигураның жанама мәзірінен Мәтін қою командасын орындап, керек мәтінді теріңіз. Оны ерекшелеп алып, Сурет салу тақтасындағы WordArt компонентін таңдаймыз. Керек WordArt компонентінің түрін таңдап ОК батырмасына шертеміз.

  2. Мәтінді теріңіз. Формат – Стильдер және форматтау командасын орындаңыз. Ашылған терезеде Стиль құру (Создать стиль) батырмасына шертіңіз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 3).




Сурет 3. Стиль құру терезесі
Ашылған терезеде келесі параметрлерді орнатыңыз:


    • Аты – ФОРТУНА;

    • Стиль – Абзац;

    • Қаріп атауы - Courier New;

    • Қаріп өлшемі – 18;

    • Жоларалық интервал – 1;

    • Туралау – ортасы бойынша;

    • Қаріп түсі – көк.

Шаблонға қосу өрісіне жалауша белгісін қойыңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Мәтінді ерекшелеп алып, Форматтау тақтасындағы стильдер тізімінен өзіңіз құрған ФОРТУНА стилін таңдаңыз.

  1. Тізімдерді теріңіз. Оларды ерекшелеп алып, Формат – Бағандар (Колонки) командасын орындаңыз немесе стандарттау тақтасындағы сәйкес батырмаға шертіңіз.

  2. Мәтінді теріңіз. Өз бетіңізбен осы мәтінге стиль құрыңыз.

  3. Автофигураны форматтаңыз, мәтінді енгзіңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[2,3,5,6,7]/[6]


Бақылу сұрақтары

  1. Бағандарға мәтінді қалай бөлуге болады?

  2. Автофигураның түсін, шектеуін қалай өзгертуге болады?

  3. Microsoft Word программасында стильді қалай құрамыз?

Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің терезесімен танысу. Басылым құжатымен жұмыс істеп үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

Microsoft фирмасының версткалау программасы - Microsoft Publisher 2003. Бұл программаның негізгі мақсаты - толық кітапты, газетті версткалау емес, қолданушыға жарнама жасауға, визитка, буклет жасауға, өңделген мәтінді жасауға көмектесу. Бұл программа QuarkXPress, PageMaker, Adobe InDesigh программаларының мүмкіндіктерін де қамтыған. Microsoft фирмасы әмбебап версткалау программаларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін бір программаға жинақтаған. Пуск – Программы – Microsoft Office - Microsoft  Office Publisher 2003 командасын орындаңыз. Келесі терезе (Сурет 4) ашылады:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет