Басшылыққа ала отырып әзірленді


ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫНА



бет2/2
Дата20.11.2019
өлшемі67,25 Kb.
#52109
1   2
Байланысты:
11-сынып әдебиет КТЖ. ЖБМ



ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫНА

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
11-сыныптың соңында оқушылар:

- әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіруді;

- өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуді;

- мәнерлеп оқудың барлық элементтерін қолдануды;

- ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын;

- әдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын, тезисін дайындауды;

- компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды;

- әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын түсіндіре алуды;

- сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқуды;

- берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізуді білуі тиіс.

- әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті мен тәуелсіз жылдардағы әдебиет үлгілерін;

- көркем шығарманың негізгі мазмұнын, мәнін;

- әдебиеттің өнер түрлерімен байланысын;

- оқыған көркем туынды бойынша шығармашылық жазба жұмыстар орындауды;

- көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра талдауды;

- әдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын;

- сөйлеу дағдыларын меңгеріп, өзіндік көзқарасын білдіруді;

- әдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды пайдалануды;

- ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан түсінуді;

- әдеби білімдері негізінде көпшілік алдында өзіндік пікір білдіруді;

- шығармада бейнеленген өмір шындығы мен автордың ойын тани алуды және т.б. меңгеруі тиіс.


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
15. 11-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 68 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 60 сағат, шығармашылық жұмыстарға -6 сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.

16. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:

1) Жалпы шолу −1 сағат (ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи-әлеуметтік жағдайы. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму сипаты. Әдебиеттің жанрлық, мазмұн мен түр, тақырып пен идеялық жағынан жаңа сатыға көтерілу себептері. Қазақ тіліндегі басылымдардың жарық көруі және оның елдің рухани дамуына әсері. Алғашқы қазақ романының өмірге келуі. Драматургияның пайда болуы. Проза жанрының классикалық үлгіде дамуы. Әдеби ағымдар мен бағыттар. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік);

әдебиет теориясы: әдеби ағымдар мен бағыттар туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы;

2) Ахмет Байтұрсынұлы «Маса» жинағы мен «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі −2 сағат (Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы аса ірі тұлға, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің мазмұны мен мәні. «Әдебиет танытқыш» – қазақ тіліндегі әдебиет теориясы туралы алғашқы еңбек екендігі. А.Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш рет әдебиеттану терминдерін қалыптастыруы. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде көркем шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық ерекшеліктері, композициялық құрылымның жан-жақты қарастырылуы. Аталған еңбектің сөз өнерін танып, пайымдауымыздағы рөлі);

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық− А.Байтұрсынов мұражайлық телесабақ, 2009;

өзіндік ізденіс жұмыстары: әдебиеттану терминдер сөздігі, З. Ахметов, Т. Шаңбай– Алматы, 1996;

3) Міржақып Дулатұлы. «Оян, қазақ» жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы −2 сағат (Өмірі мен қоғамдық қызметі. «Оян, қазақ» жинағындағы ұлт-азаттық идеясы. Ақын өлеңдерінде бостандық, тәуелсіздік рухының жырлануы. «Бақытсыз Жамал» – қазақ роман жанрындағы алғашқы шығарма. Шығарманың жанрлық ерекшелігі. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері және қазақ әйелінің тағдыры. Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың образ сомдау және адам психологиясын суреттеу шеберлігі);

әдебиет теориясы: роман, эпикалық жанр;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» повесі;

4) Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы −2 сағат (Өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қоғамдық-әлеуметтік қызметі. Жүсіпбек Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы. Романның тақырыбы. ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және шығармада суреттелген өмір шындығы. Адамдардың сана-сезіміндегі өзгерістерді бейнелеудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты және психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі);

әдебиет теориясы: мінездеу;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж. Аймауытов пьесалары;

5) Сұлтанмахмұт Торайғыров «Туған еліме», «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдері, «Қамар сұлу» романы −2 сағат (С. Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы. Ақын лирикасының көркемдік ерекшеліктері. «Қамар сұлу» романындағы әйел теңсіздігі және оның эпикалық шығармаға көркем жинақталуы. Көркемдік ерекшеліктері. Отбасылық тәрбие мәселесі. Қамар – типтік образ);

әдебиет теориясы: авторлық және объективті идея;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Т.Жомартбаев «Қыз көрелік» романы;

6) Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу», «Шолпы», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдері, «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы −2 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы. Мағжан лирикасындағы ақындық «Мен». Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік. Метафоралық қолданыстар. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасының тақырыбы. Жанрлық ерекшелігі. Эпикалық дастан мазмұнындағы романтикалық сарын. Тіл көркемдігі. Образ сомдау шеберлігі);

әдебиет теориясы: лирика жанры;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қасым Аманжолов өлеңдерімен салыстыра талдау;

7) 1930-1960 жылдардағы әдебиет. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу −1 сағат (Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті және социалистік реализм әдісі. Әдебиеттің кеңес идеологиясының құралы ретіндегі қызметі. Ел тарихындағы іргелі оқиғалардың көркем шығармашылықта бейнеленуі. Әдеби-мәдени даму бағыттары. Жаңа тақырыптардың пайда болуы. Өндіріс тақырыбы. Қазақ әдебиеті екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Тың игеру. Жеке басқа табынушылық зардаптары. Поэзияның дамуы. Проза мен драматургиядағы соны бетбұрыстар. Жаңа бағыт пен бет. Әдебиеттегі көркемдік ізденістер);

әдебиет теориясы: әдеби ағымдар;

пәнаралық байланыс;

8) Сәкен Сейфуллин. «Сыр сандық» өлеңі мен «Көкшетау» поэмасы −1 сағат (Өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі, ұстанған бағыты. Өлеңдерінің реалистік сипаты, демократтық-ағартушылық бағытта және Қазан төңкерісі туралы жазған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Сыр сандық лирикасының көркемдік ерекшелігі. Суреткерлік шеберлігі. «Көкшетау» поэмасының тақырыбы, композициялық құрылымы. Ертегі, аңыздарға негізделген оқиғалар жүйесі. Тұтқын қыз, Адақ образдары. Поэмадағы Абылайхан бейнесі. Сәкен – қазақ мәдениеті мен тарихында қайталанбас өзіндік орны бар азамат, күрескер ақын, тоталитарлық қоғам құрбаны); әдебиет теориясы: аллегория;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: С. Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» өмірбаяндық романы;

9) Бейімбет Майлин. «Күлтай болыс» әңгімесі, «Шұғаның белгісі» повесі −1 сағат (Б.Майлиннің өмірі мен қызметі. Поэзияда қол жеткізген табыстары. Б.Майлиннің прозасы. Шығармашылығының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, қазақтың қалың бұқарасының қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарға байланысты сана-сезімдегі өзгерістері. Майлин – әңгіме жанрының шебері. Күлтайдың жаңа заманға бейімделуі. Автордың мінез сомдау шеберлігі. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің баяндау стилі, образ жасау шеберлігі. Шығарма тіліндегі суреттілік, бейнелілік, дәлдік);

әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, тіл білімі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Б. Майлиннің әңгімелері (мұғалімнің ұсынуы бойынша);

10) Ілияс Жансүгіров. «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдері, «Құлагер» поэмасы −2 сағат (Өмірі мен әдеби-шығармашылық қызметі. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. Ақын лирикасындағы суреттілік, бейнелілік. «Құлагер» поэмасының тақырыбы, сюжеті, көркемдігі, тіл айшығы. Поэмадағы Ақан мен Құлагер бейнесі. Күреңбай сыншы мен Батыраш образдары. Ақынның мінез сомдау шеберлігі. Поэманың композициялық құрылымы. Идеясы. Автордың көркемдік шешімі);

әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка, кино («Ақан сері»);

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ақан серінің «Құлагер» өлеңі;

11) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет −1 сағат (Лирика Ж.Жабаев, Қ.Аманжолов, Ж.Саин, С.Мәуленов, т.б., публицистика Б.Бұлқышев, Б. Момышұлы, т.б., көркем проза Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия», М.Әуезовтің «Абай жолы» романдары. Поэма жанрында қалам тартқан көрнекті қаламгерлер: Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз», Х. Ерғалиев «Әке сыры», т.б. Драматургияның дамуы: Ғ. Мүсірепов «Амангелді», С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов», Ә.Әбішев «Достық пен махабат»);

12) Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» драмалары −5 сағат (Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. М. Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық, этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі. Абай образының өсу, даму динамикасы. Абай жолындағы әйелдер бейнесі. Сөз өнерінде сәтті сомдалған образдың бірі – Құнанбай образы екендігі. Тарихи шындық және көркемдік шешім. Романның композициясы. Сюжет пен характер. Кейіпкер тілінің даралануы. Шешендік сөз үлгісі. М.Әуезов бейнелеген пейзаж бен портрет. Драматургия саласындағы еңбектері. «Еңлік-Кебек» пьесасының өмірге келу тарихы, «Қарагөз» драмасының тақырыбы мен идеялық ерекшелігі. Адам мінезін ашудағы психологиялық ізденістері);

әдебиет теориясы: образ туралы түсінік, «классика» ұғымы;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық (Бөрілі мұражайы);

өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) (Монография), жиырма томдық шығармалар жинағы – Алматы: Жазушы, 1985;

13) Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы −2 сағат (С.Мұқановтың өмірбаяны, шығармашылығы (ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі). «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман, ақынның шоқтығы биік шығармасы екендігі. Сұлушаш образын сомдаудағы қаламгердің көркемдік ізденістері. Романның басқа кейіпкерлері);

әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география, электрондық оқулық С.Мұқанов мұражайы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Мұқанов «Өмір мектебі» романы;

14) Ғабит Мүсірепов «Оянған өлке» романы −2 сағат (Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен қызметі. Шығармашылық еңбектеріне шолу. «Оянған өлке» романы және ондағы өндіріс тақырыбының көтерілуі. Романдағы Игілік пен Жұман образдары. Кейіпкерлер арасындағы психологиялық тартыс. Жазушының портрет пен пейзаж, монолог пен диалог жасаудағы шеберлігі. Қаламгердің өндіріс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі, тіл көркемдігі, стилі);

әдебиет теориясы: әдебиеттің ұлттық ерекшелігі, реалистик бейне; пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық Ғ.Мүсірепов мұражайы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Қайсенов «Жау тылында» романы;

15)ҒабиденМұстафин «Дауылдан кейін» романы − 2 сағат (Ғ. Мұстафиннің өмірі мен жазушылық қызметі. Шығармашылығына шолу. «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуы. Аман образының көркем жинақталуы. Жазушының стилі, сөз қолдану ерекшелігі);

әдебиет теориясы: стиль туралы ұғым;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мұстафин «Қарағанды» романы;

16) Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы −1 сағат (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері. Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы. Поэмалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм. Поэзиясындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік мәселелерінің көркем жинақталуы);

әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Аманжолов «Дариға, сол қыз» өлеңі;

17) 1960-1990 жылдардағы әдебиетке жалпы шолу 60-жылдар – қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі −1 сағат (Оның себептері мен салдары. Поэзиядағы тың ізденістер. Жаңа толқын ақындардың өлеңдеріндегі нәзік лиризм, жаңа ойлар мен соны тақырыптардың игеріле бастауы. Өлең өріміндегі жаңалықтар. М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Т.Айбергенов, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындардың алғашқы қадамдары. Проза мен драматургиядағы жаңалықтар. Шағын әңгіме мен повестерде революционер коммунистің образын сомдаудан алшақтап, жеке адамның психологиялық болмысын танытуға ұмтылуы. Тарихи тақырыптың игеріле бастауы І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, М.Мағауин. Ұлттық құндылықтарға мән беруі А.Сүлейменов, Т.Әбдіков, Д.Исабеков, О.Бөкей, Б.Нұржекеев);

әдебиет теориясы: сентиментализм;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: І. Есенберлин «Қаһар» романы;

18) Әбділда Тәжібаев «Портреттер» толғау-эссесі −1 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Жазушының поэзия, драматургия және әдебиеттану ғылымы саласында қатар еңбек етуі. Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары. Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері. Комедия жанрындағы ізденістері: «Дубай Шубаевич» комедиясы. Әдебиеттану саласындағы зерттеу еңбегі: «Өмір және поэзия»); әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә. Тәжібаев «Майра» драмасы;

19) Мұқан Иманжанов «Алғашқы айлар» повесі −1 сағат (М. Иманжановтың өмірі мен қызметі. Повестің тақырыбы мен сюжеттік даму ерекшелігі. «Алғашқы айлар» повесіндегі жас ұстаз Жақыпбектің және оның оқушы-шәкірттері Сапар, Сейтен, Жарқын образдарының көркем жинақталуы. Шығармадағы мектеп өмірі, бала тәрбиелеу жұмысының қиыншылықтары мен қуаныштары, өзіндік ерекшеліктері. Жазушының балалар мінез-құлқын суреттеудегі ізденістері мен жетістіктері. Шығарманың идеялық мұраты);

әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің таңдауы бойынша;

20) Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы − 1 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Ж.Молдағалиев – эпик ақын. Поэмадағы халық тарихы, ұлт болмысы. «Мен - қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты);

әдебиет теориясы: екпін;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әлімбаев «Менің Қазақстаным» поэмасы;

21) Сырбай Мәуленов «Шөңге», «Қаратау», «Торғай қақпасы», «Ізгілік», «Ілияс» өлеңдері −1 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. Кеңес дәуірі әдебиетіндегі С.Мәуленовтің орны. С.Мәуленов – лирик ақын. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріндегі соғыс суреттері. Сырбай өлеңдеріндегі сыршыл сезім. Сырбай өлеңдеріндегі ұйқас, ырғақ, тіл көркемдігі);

әдебиет теориясы: силлабикалық өлең;

пәнаралық байланыс: қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Тоқаш Бердияров поэзиясы;

22) Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романы − 1 сағат (Жазушының өмірі, шығармашылығы. «Шырағың сөнбесін» романының тақырыбы, идеясы. Нәзира бейнесі. Кейіпкердің ұлттық болмысы. Шығарманың реалистік сипаты. Соғыс адамзат баласына не берді, ол туралы авторлық көзқарас);

әдебиет теориясы: тақырып пен идея;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Шәріпов «Партизан қызы» повесі;

23) Әбдіжәміл Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылығы. «Соңғы парыз» романының көтерген тақырыбы – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Арал теңізінің экологиялық тағдыры, балықшылар өмірі, адамдар арасындағы тартыс. Шығарманың жанрлық сипаты. Шығармадағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім, Сары шая образдары - типтік бейнелер. Жазушының мінез сомдау шеберлігі);

әдебиет теориясы: сарказм, ирония;

пәнаралық байланыс: география, экология, кино («Қан мен тер» кинофильмі);

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы;

24) Зейін Шашкин «Теміртау» романы −1 сағат (З. Шашкиннің өмірі мен қызметі. Теміртау романының тақырыптық ерекшелігі. Шығарманың реалистік сипаты. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Қаламгердің монолог пен диалог құрудағы ізденістері);

әдебиет теориясы: мінездеу түрлері;

пәнаралық байланыс: тарих, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: З. Шашкин «Доктор Дарханов» романы;

25) Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы −2 сағат (Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы. Ә.Нұршайықовтың очерк жанрының шебері екендігі. «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы, оның жанрлық ерекшелігі. Романның жазылу тарихы. Шығармадағы Бауыржан Момышұлының батырлық бейнесі. Жазушының кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігі. Көркемдік сипаты);

әдебиет теориясы: монолог пен диалог;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, кино («Москва үшін шайқас»), электрондық оқулық (мұражайлық телесабақ);

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә. Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» романы;

26) Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы −1 сағат (Қ.Мұхамеджановтың шығармашылық өмірбаяны. Пьесаларының тақырыптық сипаты, жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, көркемдік ізденістері. Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасындағы образдар жүйесі, тартыс табиғаты. Ондағы Қазақстан шекарасы, адамзатқа ортақ мәселелер. Адамның қандай жағдайда да адам боп қалу мәселесінің көтерілуі. Көктөбедегі достар. Олардың қуанышы мен қайғысы. Драманың кейіпкерлері – Досберген, Исабек, Өсіпбай. Олардың шындық жолындағы айтыстары. Айша апайдың қатынасы, көзқарасы);

әдебиет теориясы: драма, пьеса;

пәнаралық байланыс: театр;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» комедиясы;

27) Зейнолла Қабдолов «Ұшқын», «Жалын» романдардан үзінді−
2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. Романның көтерген тақырыбы мен идеясы. Сюжеттік даму желісі. Шығармадағы көзқарастар қайшылығы. Адамдар арасындағы психологиялық тартыс. Тайман, Қабен, Жанар, Сардар бейнелері. Портрет пен пейзаж жасау шеберлігі. Шығарманың тілі);

әдебиет теориясы: өндіріс тақырыбына жазылған роман туралы;

өзіндік ізденіс жұмыстары: мұражай материалдары, деректер;

28) Мұқағали Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері, «Дариға, жүрек» поэмасы −1 сағат «Өмірі мен шығармашылық қызметі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі. Табиғат лирикасы. Лирикасындағы ақындық «мен». Тілінің көркемдігі, оралымдылығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі т.б. Поэмаларының тақырыптары. «Дариға, жүрек» поэмасының сюжеті, композициялық құрылымы. Ұйқас, ырғақ ерекшелігі) Әдебиет теориясы: баллада, сонет;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық («Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» телесабақ);

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Айтматов «Жәмилә» повесі;

29) Қадыр Мырза Әли «Домбыра», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау» өлеңдері −1 сағат (Қадыр ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың ірі өкілі. Қ. Мырза Әли – балалар ақыны. Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет салуға шеберлігі. Өлеңдерінің тәрбиелік мәні. «Домбыра» өлеңінің идеялық мұраты. Қ. Мырза Әли поэзиясының көркемдік ерекшелігі. Қадыр поэзиясының ұлттық сипаты); Әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғамдық мәні;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ. Мырза Әли «Дала дидары», «Бұлбұл бағы» өлеңдер жинағы;

30) Мұхтар Шаханов «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі, «Танакөз» поэмасы −1 сағат (Өмірі мен шығармашылық қызметі. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Т.Айбергенов пен М.Шаханов поэзиясы арасындағы байланыстар. Шаханов поэзиясына тән өршілдік, қызу интонация, жоғары пафос мәселелері. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің идеялық мұраты. Мұхтар поэзиясына тән сюжеттілік. Шығармаларында тартыстың оқиға соңында ерекше шешімін табу сипаты. Шаханов лирикасындағы көне дәстүр мен жаңашылдық. «Танакөз» поэмасындағы биік адамгершілік, мораль мәселесі); Әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Т. Айбергенов «Аруана бауыр дүние...» өлеңі;

31) Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі −1 сағат (Өмірі мен шығармашылық жолы. «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншіліктің суреттелуі. Балзия, Атымтай, Заманай мен Аманай образдары. Повестің тақырыбы мен идеясы. Сюжеті мен композициясы. Шығарманың тілі, көркемдігі. Өмір шындығы мен көркемдік шешім);

әдебиет теориясы: сюжет пен композиция;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, «Заманай» көркем фильмі;

32) Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы −2 сағат (Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. «Тағдыр» романында көтерілген ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелері. Бүтін бір халық жерінің екі империя арасында таласқа түсіп, бөлінуі. Демежан бейнесі. Оның тарихта болған тарихи тұлға екендігі. Жазушының тіл көркемдігі. Кейіпкер, портрет, пейзаж жасау ерекшелігі. Шығармада суреттелген ұлттық этнографиялық әрекеттер мен бояулар айшығы);

әдебиет теориясы: пейзаж бен портрет;

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ. Жұмаділов «Соңғы көш» роман-дилогиясы;

33) Әбіш Кекілбаев «Үркер» романынан үзінді −2 сағат (Өмірі мен шығармашылығы туралы. «Үркер» тарихи романы. Тақырыбы, идеясы. Композициясы. Тарихи негізі. Романдағы халықтық бейнесі. Әбілқайыр тұлғасы, тарихи шындық және көркемдік шешім. Жазушының тіліндегі тың теңеулер, метафоралық қолданыстар, айшықты бояулар мен соны тіркестер. Адам мінезін сомдаудағы суреткерлік шеберлігі);

әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар;

пәнаралық байланыс: тарих, география;

өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә. Кекілбаев «Шыңырау» повесі, «Аңыздың ақыры», «Бір шөкім бұлт» әңгімелері;

34) Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесі −1 сағат (О. Бөкейдің өмірі мен қызметі туралы мәлімет. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері. «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің араласып келуі. Повестің образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Повестің тіл көркемдігіне қатысты ой-пікірлер. Әдеби сында бағалануы. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы);

әдебиет теориясы: суреткер қиялы;

пәнаралық байланыс: қазақ тілі;

өзіндік ізденіс жұмыстары: О. Бөкей «Атау кере» повесі;

35) Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет. Поэзия − 3 сағат (Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары. Ұлттық рухани жаңаруы және сөз бостандығы. Ұшқыр жанр лирикадағы ел егемендігінің жырлануы. Қазақ қаламгерлерінің елдің тәуелсіздігін, халықтың арман-мүддесін жырлауы. Поэзиядағы тың тақырып, жаңа идеялар мен соны теңеулер. Эпикалық жанрдағы тың ізденістер, қол жеткен табыстар. Поэзияда дәуір шындығының көркем жинақталуы. А.Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасы. Ақын лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуы. «Наурыз» жырының көркемдік ерекшелігі, ұйқас пен ырғақ мәселелері. Жарасқан Әбдіраш поэзиясының көркемдік сипаты. Иранбек Оразбай поэзиясындағы шеберлік үрдістер. Лирикалық пафос, интонациялық қызулық. Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдәулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Рафаэль Ниязбек, Несіпбек Айтұлы поэзиясындағы автор тұлғасы және өлеңдеріндегі бейнелілік. Темірхан Медетбек лирикасының тақырыптары, жанрлық ерекшеліктері. «Мінез», «Бір уыс топырақ» лирикаларындағы отаншылдық рух. Ақын поэзиясындағы көне түркілік сарын. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы уақыт пен кеңістік. Жұматай Жақыпбаев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахимов, Исрайыл Сапарбаев, Ғалым Жайлыбай, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Гүлнар Салықбаева, т.б. ақындардың өлең-жырларындағы ел тәуелсіздігі, азаттық, бостандық сияқты ұғымдардың көркем жинақталуы, отаншылдық рух. Адам бойындағы нәзік сезім иірімдерінің сөзбен кестеленуі);

36) Проза − 2 сағат (Кеңес дәуірінде жабық тақырып болып келген қазақ халқының басынан өткерген ашаршылық С. Елубаевтың «Ақ боз үй» трилогиясы, саяси қуғын-сүргін Д. Досжановтың «Алыптың азабы» романы, тоталитарлық дәуірдің шындығын Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», К. Оразалиннің «Абайдан соңғы арыстар», З.Қабдолов «Менің Әуезовім», Ә.Таразидің «Жаза», Б. Мұқайдың «Өмірзая» романдары, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» повесі, шет ел өмірін Т. Нұрмағамбетовтің «Айқай» повесі) суреттейтін шығармалардың дүниеге келуі. Барлық әдеби жанрларда егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен жеңістерінің суреттеле бастауы. Ұлттық құндылықтардың негізгі тақырып ретінде алға шығуы М. Сәрсекеевтің «Сәтбаев», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б.Нұржекеұлы «Жау жағадан алғанда» романдары. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысы А. Кемелбаева. Көркем прозадағы жаңа көркемдік ізденістер. Ойшылдық пен философияның көркем шығармашылықта алдыңғы планға шығуы. М. Мағауиннің «Жармақ», Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» туындылары. Тарихи тақырыптың қайта сарапталып, өмір шындығының нақты материалдармен толығып, көркем жинақталуы Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Т.Жұртбайдың «Дулыға» романдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы және әдебиет);

36-1) Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» (1 сағат). Тәуелсіздіктің халқымыздың басты құндылығы ретінде сипатталуы. Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы, Елбасының барлық қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге, қоғамымыздың жалпы құндылықтарын ̶ бейбітшілікті, келісім мен бірлікті бағалауға және нығайтуға, ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға және дамытуға шақыруы;

37) Қазіргі драматургия − 1 сағат (Драма жанрының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ драматургиясының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері туралы қысқаша шолу. 60-90-жылдарға дейін драматургия саласында қалам тартып келген қаламгерлер (Қ.Мұхамеджанов, Қ.Шаңғытбаев, О.Бөкеев, А.Сүлейменов, т.б.). Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының жай-күйі. Драматургияда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды баяндайтын пьесалар Ә.Кекілбаев «Абылай хан», И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?». Тәуелсіздік жылдарында жазылған драмалық шығармалардың тақырыптық ерекшеліктері (Д.Исабеков, О.Бодықов, Н.Оразалин, И.Сапарбаев, Б.Мұқаи, Р.Мұқанова, Е.Аманшаев). Комедиялық жанрда жазылған драмалық шығармалар. С. Балғабаев («Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар»). Көркемдік-идеялық деңгейі. Трагедия табиғаты. Конфликт пен характер мәселесі. Драма жанрының қазақ әдебиеттануында зерттелуі);



әдебиет теориясы: элегия, сонет, трагедия, комедия;

38) Әдебиеттану мәселелері − 1 сағат (Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Ол әдебиеттің тарихын, әдебиет теориясын, әдебиет сынын қарастырады. Әдебиеттің тарихы - халық тарихы. Әдебиет сынының әдебиет тарихы және теориясымен байланысы).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет