108
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Қазанда
Жылыжайға топырақ қоспасы дайындалады.
• Күзгі-қысқы айналымнан қалған қияр мен қызанақ өсіруді жалғастырады.
• Парниктегі дақылдарды жинау аяқталады.
• Ашық топырақта жиын-терім жұмыстары аяқталады.
• Ақжелкекті қазып алады.
• Жүйектерді көмеді.
• Ақжелкен өсіп тұрған жүйектерді топырақпен көмеді немесе оларды құмы-
раға отырғызады.
• Босаған жүйектерді өсімдік қалдықтарынан тазартады.
• Тіреуіштер мен қадаларды тазалап жуады.
• Көкөніс өнімдерін сақтауға қояды.
• Қырыққабатты тұздап басады, қызанақты тұздап маринадтайды.
Сәбіз, ақжелкен, қызылша, аскөкті қысқы егіске егеді.
Қарашада
Жабық топырақта күзгі-қысқы дақыл өсіру жұмыстарын аяқтайды.
• Жылыжайды тазалап зарарсыздандырады.
• Ақжелкен жапырақтарының алғашқы өнімі кесіледі.
• Ашық топырақтағы көпжылдық дақылдарды суықтан қорғау шаралары жа-
салады.
• Қыстық көкөніс дақылдарын егу жұмыстары жалғастырылады.
• Парниктегі құрал-саймандарды, рамаларды жинап, жабық жайға қояды.
• Жергілікті (табиғи) тыңайтқыштарды жинау басталады.
Желтоқсанда
Қырыққабат, қызанақ, салат жапырағы, баклажан, бұрыш, қияр және басқа
дақылдар үшін топырақ қоспасы дайындалады.
• Жылыжайда жөндеу жұмыстарын бастайды.
• Егілетін тұқымның сапасын тексереді.
• Қоймадағы көкөністерді сұрыптап, бұзыла бастағандарын тастайды.
• Тұздалған өнімдердің сапасын тексереді.
• Келесі жылға егілетін дақылдарға жоспар құрылады.
• Басқа жақтан сатып алынатын тұқымдардың тізімі жасалады.
• Тыңайтқыш сатып алынады.
• Бақша құрал-саймандары мен жабдықтарын тазалап жөндейді.
Достарыңызбен бөлісу: