228
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
дармау үшін ашық суретті, сонымен қатар бір түсті болмауы тиіс. Галстук күңгірт
матадан, қара-көк, қызыл шарап түсті, әрең көрінетін суреті бар күрең қызыл түсті
болғаны жөн. Галстуктің ұзындығы белбеудің белдемшесін сәл жауып тұруы тиіс.
Егер сіздің пиджагыңыз екі түймелі болса, онда жоғары түймесін тағу керек, ал
үш түймелі болса, ортаңғы түймесін тағу керек. Егер көпшілік алдында сөз сөйле-
генде көзілдірік киюге аса қажеттілік болмаса, кимеген жөн, сондай-ақ зергерлік
әшекейлер де қажет емес.
Егер шешен әйел болса, оның киімі ұзын жең, юбкасының ұзындығы – орта-
ша (тізеден төмен), тым тар болмауы тиіс. Түстеріне қатысты, ерлерге қарағанда
айтарлықтай либералды: түсі жай ғана әйелге жарасымды болуы тиіс. Әйелдер де
жарқыраған, көлемді әшекейлерден аулақ болу керек. Аяқ киім қаралау, білінбей-
тін гүлдер немесе бір түсті банттармен сәнделген; шұлық аяқ киім түстес болуы
жөн. Көзілдірік қарапайым дизайнды және жиектемелері шашының түсіне сай бо-
луы жарасымды.
Бейресми жағдайларда (достармен кездесу кештері және т.б.) сөз сөйлегенде
киімге қойылатын талаптар үлкен рөл ойнамайды. Қалай киіну өз еркіңізде, қалай
дегенмен, есіңізде болсын, егер сіздің сыртқы келбетіңізде көзге түсетін электика-
лық (жарқыраған түйреуіш, түрлі-түсті «айғайлап» тұрған галстук, күрделі ою-өрне-
гі бар ерекше үлгідегі костюм) нәрсе болса, онда ол сіздің сөзіңіздің мазмұнына
көңіл аударуға кедергі келтіреді. Көрермен сіздің сөзіңізге көңіл аудармайды, дәл
соны есте сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: