2-тарау. «Цифрлық сауаттылық»
пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
7. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта, аптасына – 0,5 сағат, оқу жылында – 17 сағат.
8. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) робототехникаға арналған жиынтықтар.
9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) компьютер;
2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
3) Интернет желісінде жұмыс істеу;
4) есептей білу;
5) робототехника.
10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедиа.
12. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
14. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
15. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;
2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңының интерфейсі (Scratch); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу;роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
Достарыңызбен бөлісу: |