Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет3/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,61 Mb.
#6301
1   2   3   4

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:

сызықтардың негізгі түрлерін (түзу, ирек, қисық), материалдардың қасиеттері мен сапаларын (форма, көлем, сипат, текстура); көкжиек деңгейлері, заттарды бейнелеу перспективаларын; негізгі және қосалқы түстерді (құрамдас, жылы және суық), түстердің араласуын, түстік колоритті; сурет салу және көркем жұмыс үшін қарапайым материалдар (қасиеттері, сапасы) мен құралдарды; бейнелеу өнерінің негізгі түрлері (сурет, графика, мүсін, көркем құрастыру, дизайн, сәулет, декоративті-қолданбалы өнер) мен жанрларын (пейзаж, пейзаж түрлері, натюрморт, анималист, ертегі-жыр); сурет салу және көркем жұмыс бойынша қарапайым зерттеу және тәжірибелік жұмыс тәсілдерін; материал (табиғи материалдар, ермексаз, сым, қағаз, картон, тоқыма, киіз, иірілген жіп, жіп, т.б.), орындау техникасы (коллаж, сомдау, аппликация, оригами, жазба, тігу, кестелеп тігу, басып шығару, құрастыру, модельдеу, т.б.), функционалдық нышандарына (ойыншықтар, киім, бас киім, әшекейлер) қарай декоративті-қолданбалы өнер жұмыстарының қарапайым техникасын; түрлі өнер салаларындағы қарапайым жұмыс техникасын; қарапайым көркем жұмыс құрастыру үшін қарапайым сандық компьютерлік технологияларды;

негізгі музыкалық мәнерлілік құралдарын; қарапайым музыка формаларын; музыкалық грамотаның негіздерін; музыкалық және шу дыбысы түсініктерін; қарапайым вокалдық жанрларды; ансамбль және ансамбль түрлері, хор және хор түрлері түсініктерін; дирижерлеу кестесін, қарапайым дирижерлік ишараларды; музыкалық белгілерді; «композитор-орындаушы-тыңдаушы» моделінің өзара байланысын; халық және композитор музыкасын; музыкалық шу аспаптарын; қазақ халық аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің композиторларының әндік және аспаптық репертуар үлгілерін; музыкалық импровизация жасау үшін қарапайым зерттеу және тәжірибелік, оның ішінде сандық компьютерлік технологияларды пайдаланып жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

Қазақстан мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер, қолөнер, дизайн, мәдениет туындыларының мәнін; көркем шығарма идеяларын, оларда берілетін сезімдерді, күйзеліс пен эмоциялық жағдайды; түс, сызықтар, формаларды қолдана отырып, сезім мен эмоцияны жеткізу тәсілдерін; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтар мәдениетінің көркем құндылығын;

қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың ұлттық музыкалық салт-дәстүрлерінің мәнін; адамның қоршаған ортадағы дыбыстардың алуан түрлілігімен өзара байланысының мәні; музыкалық шығармаларда берілетін идеялар, сезімдер, күйзелістер мен эмоциялық жағдайларды; халық және композитор музыкасының ерекшеліктерін түсінеді;

визуалды және басқа да ақпаратты жинау, іріктеу және өңдеудің бастапқы дағдыларын; қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін шығармашылық идеялар мен материалдарды, оның ішінде АКТ арқылы; негізгі сызық түрлерін, материалдардың қасиеттері мен сапасын есепке ала отырып, бейне жасау үшін тиісті құралдарды, техниканы; көркем және техникалық жұмыс бойынша қарапайым материалдармен түрлі жұмыс істеу техникасын; шығармашылық жұмысты орындау барысында көркем шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін; қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін жоспарлау, құрастыру/модельдеуді қолданады және өзі орындаған жұмыстарды ұсынады; қауіпсіздік техникасы ережелерін;

дыбыстық ақпаратты, оның ішінде АКТ арқылы жинау мен іріктеудің бастапқы дағдыларын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, қарапайым музыка формаларын жасау үшін шығармашылық идеяларды, балаларға арналған музыкалық аспаптарды; өздік шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін; шығармашылық тәжірибе мен қысқа импровизация жасау үшін музыкалық аспаптарды, сандық технологияларды, графикалық белгілерді; музыкалық аспаптарда ән салу, орындау, музыкалық үзінділерді жасау үшін аранжировка дағдыларын қолданады;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларындағы өнер туындыларын; түрлі ақпарат пен оның көздерін; қолөнер және дизайн бойынша суреттер мен жұмыстарды; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларындағы музыка туындыларын; халық және композитор музыкаларының стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, музыкалық шығармалар туралы түрлі ақпаратты талдайды;

жеке көркем жұмыстарын орындау, шығармашылық жоба жасау үшін, оның ішінде АКТ қолдана отырып, білімі мен дағдыларына; түрлі материалдар мен құралдарды пайдалана отырып, басты және аралас техника бойынша жұмыс істеу тәсілдері мен жолдарына;

үндесіп және партиямен ән шырқау, музыкалық шу аспаптарында ойнау, қарапайым музыкалық шығармалар мен түрлі жобалар жасау үшін алған біліміне, іскерліктері мен дағдыларына; музыкалық сөйлемдер құрастыру және импровизациялау, балалардың музыкалық аспаптарымен ән салу және ойнау үшін білім, дағдылар мен шығармашылық идеяларға синтез жасайды;

өнер туындыларын (пейзаж, натюрморт, графика, мүсін, декоративті-қолданбалы өнер); көркем және техникалық еңбек бойынша өзі жасаған жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын бағалайды және оларды жақсарту мақсатында пікір білдіреді;

негізгі стильдер мен жанрлардағы музыкалық өнер туындыларын; өзі шығарған музыкалық шығармаларды, балалардың түрлі музыкалық аспаптарын қолдана отырып, импровизация мен сахналауды; оларды жақсарту мақсатында пікір білдіреді; тыңдау үшін ән материалы мен репертуарды; түрлі жанрлар мен стильдердегі музыкалық шығармалардың құрылу логикасын бағалайды.
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:

сызықтардың негізгі түрлерін (түзу, ирек, қисық); материалдардың қасиеттері мен сапаларын (форма, көлем, сипат, текстура); көкжиек деңгейлері, заттарды бейнелеу перспективаларын; негізгі және қосалқы түстерді (құрамдас, жылы және суық), түстердің араласуын, түстік колоритті; сурет салу және көркем жұмыс үшін қарапайым материалдар (қасиеттері, сапасы) мен құралдарды; жазық және көлемді жұмыстар жасауға арналған материалдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын; бейнелеу өнерінің негізгі түрлері (сурет, графика, мүсін, көркем құрастыру, дизайн, сәулет, декоративті-қолданбалы өнер) мен жанрларын (пейзаж, пейзаж түрлері, натюрморт, анималист, ертегі-жыр); сурет салу және көркем жұмыс бойынша қарапайым зерттеу және тәжірибелік жұмыс тәсілдерін; материал (табиғи материалдар, ермексаз, сым, қағаз, картон, тоқыма, киіз, иірілген жіп, жіп, т.б.), орындау техникасы (коллаж, сомдау, аппликация, оригами, жазба, тігу, кестелеп тігу, басып шығару, құрастыру, модельдеу, т.б.), функционалдық нышандарына (ойыншықтар, киім, бас киім, әшекейлер) қарай декоративті-қолданбалы өнер жұмыстарының техникасын; түрлі өнер салаларындағы негізгі жұмыс техникасын; қарапайым көркем жұмыс құрастыру үшін сандық компьютерлік технологияларды;

негізгі музыкалық мәнерлілік құралдарын (мотив, әуен, лейтмотив, ырғақ, метр, қарапайым музыкалық өлшемдер, мәнер, мажор, минор, темп, тембр, динамика); қарапайым музыка формаларын (сөз орамы, сөйлем, кезең, бөлік); музыкалық грамотаның негіздерін (дыбыс, регистр, дыбыс шегі, нота, нота белгілері, нота ұзақтығы, дыбыс қатары, интервал, үш дыбыстылық, нота сызықтары, скрипка кілті, үзіліс және үзіліс түрлері, такт, такт артықтығы, такт сызығы); музыкалық және шу дыбысы түсініктерін; қарапайым вокалдық жанрларды; ансамбль және ансамбль түрлері, хор және хор түрлері түсініктерін; дирижерлеу кестесін, қарапайым дирижерлік ишараларды; музыкалық белгілерді (унисон, легато, стакатто, нон легато); халық және композитор музыкасының ерекшеліктерін; музыкалық шу аспаптарын; қазақ халық аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің композиторларының әндік және аспаптық репертуар үлгілерін; жеке музыкалық импровизация жасау үшін зерттеу және тәжірибелік, оның ішінде сандық компьютерлік технологияларды пайдаланып жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

Қазақстан мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер, қолөнер, дизайн, мәдениет туындыларының мәнін; көркем шығармадаңы бейненәі мағыналыө мәнін, идеяларды, сезімдерді, күйзеліс пен эмоциялық жағдайды және оларды бейнелеу өнерінің тілі арқылы өзгерту тәсілдерін; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың дәстүрлері мен мәдениетінің көркем құндылығы мен маңыздылығын;

музыка өнерінің өмірмен байланысын; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың ұлттық музыкалық салт-дәстүрлерін; адамның қоршаған ортадағы дыбыстардың алуан түрлілігімен өзара байланысының мәнін; музыкалық шығармаларда берілетін идеялар, сезімдер, күйзелістер мен эмоциялық жағдайларды; халық және композитор музыкасының ерекшеліктерін түсінеді;

қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін шығармашылық идеялар мен материалдарды, оның ішінде АКТ арқылы; негізгі сызық түрлерін, материалдардың қасиеттері мен сапасын есепке ала отырып, бейне жасау үшін тиісті құралдарды, техниканы; көркем және техникалық жұмыс бойынша қарапайым материалдармен түрлі жұмыс істеу техникасын; шығармашылық жұмысты орындау барысында көркем шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін; қарапайым көркем жұмыстар жасау үшін жоспарлау, құрастыру/модельдеуді қолданады және өзі орындаған жұмыстарды ұсынады; қауіпсіздік техникасы ережелерін; көркем іс-әрекетте өзінің әсерлерін, сезімдерін, эмоцияларын жеткізу үшін өз ойын көрсетудің түрлі тәсілдері мен дағдыларын; көркем және техникалық еңбектің түрлі техникасында балама жұмыс тәсілдерін; қауіпсіздік техникасын сенімді және өздігінен;

музыка формасы мен жанрын анықтау үшін білімі мен дағдыларын; музыкалық дыбыстың биіктігі, ұзақтығы, қаттылығы мен тембріне қарай негізгі қасиеттерін тану тәсілдерін; қарапайым вокалдық және аспаптық импровизациялар мен аранжировкаларды жасау үшін музыкалық мәнерлілік құралдарын; дыбыстық ақпаратты, оның ішінде АКТ арқылы жинау, іріктеу және өңдеудің бастапқы дағдыларын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, қарапайым музыка формаларын жасау үшін шығармашылық идеяларды, балаларға арналған музыкалық аспаптарды; өздік шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық шығарма түрлері мен жанрлары туралы білімін; шығармашылық тәжірибе мен қысқа импровизация, аранжировка және композиция жасау үшін музыкалық аспаптарды, сандық технологияларды, графикалық белгілерді; үйлесіп ән салуды; музыка ерекшеліктерін дәл бейнелеу және онымен әрекет жасау үшін терминологияны қолданады;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларындағы өнер туындыларын; қолөнер және дизайн бойынша жеке жұмысын ұйымдастыру үшін сан алаун өнер түрлері туралы түрлі ақпаратты; қазақ халқы мен әлемдегі басқа да халықтардың өнер стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; тәжірибе, зерттеу жұмыстарын өткізу үшін материалдар мен құралдардың қасиеттері мен сапасын; бейнелеу өнері, техникалық және көрке еңбек бойынша шығармашылық жобалар жасау тәсілдері мен жолдарын;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларындағы музыка туындыларын; халық және композитор музыкаларының стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; музыкалық мәнерлілікті ескере отырып, музыкалық шығармалар туралы түрлі ақпаратты; қарапайым тәжірибе, зерттеу жұмыстарын жүргізу, музыкалық импровизация мен сахналау үшін музыка және шу дыбыстарын; шығармашылық жоба жасау өз сезімдерін эмоциялары мен күйзелістерін орындау музыкаландыру және жеткізу үшін дыбыстық және музыкалық ақпаратты талдайды;

бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша анағұрлым күрделі көркем жұмыстар мен түрлі композицияларды орындау, шығармашылық жобаларды, оның ішінде АКТ арқылы жасау үшін білімі мен дағдыларына; түрлі материалдар мен құралдарды пайдалана отырып, басты және аралас техника бойынша жұмыс істеу тәсілдері мен жолдарына;

үндесіп және партиямен ән шырқау, музыкалық шу аспаптарында ойнау, қарапайым музыкалық шығармалар мен түрлі жобалар жасау үшін алған біліміне, іскерліктері мен дағдыларына; музыкалық сөйлемдер құрастыру және импровизациялау, балалардың музыкалық аспаптарымен ән салу және ойнау үшін білім, дағдылар мен шығармашылық идеяларға; музыкалық шығармалардың стилі мен жанрын анықтау үшін музыкалық формалардың құрылымы туралы біліміне; музыкалық импровизацияларды жасау үшін шығармашылық идеяларға; дыбыстық және музыкалық ақпаратты жинау және іріктеу үшін әрекет тәсілдері туралы біліміне синтез жасайды;

өнер туындыларын (пейзаж, натюрморт, графика, мүсін, декоративті-қолданбалы өнер); көркем және техникалық еңбек бойынша өзі жасаған жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын бағалайды және оларды жақсарту мақсатында пікір білдіреді; көркем жұмыстардың жасалу кезеңдері мен олардың құрылымының негізгі ойын;

негізгі стильдер мен жанрлардағы музыкалық өнер туындыларын; өзі шығарған музыкалық шығармаларды, балалардың түрлі музыкалық аспаптарын қолдана отырып, импровизация мен сахналауды; оларды жақсарту мақсатында пікір білдіреді; тыңдау үшін ән материалы мен репертуарды; түрлі жанрлар мен стильдердегі музыкалық шығармалардың құрылу логикасын бағалайды.
23. «Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер:

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:

дене жаттығуларын орындау техникасын, ағзадағы дене өзгерістерін, тыныс алуды бақылау негіздерін; қозғалыс ептілігі, жылдамдығы, тепе-теңдігі, үйлесімі секілді қабілеттерді дамытуға арналған негізгі дене жаттығуларын; ағзаның дамуына септігін тигізетін алуан түрлі дене жаттығуларын; дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

дене қыздыру және салқындату қажеттілігін; дене және психикалық денсаулықты сақтау маңыздылығын; орындалатын жаттығулардың қиындық деңгейін; қимылдарды орындау мерзімі, кеңістігі мен бірқалыптылығы түсінігін көрсете отырып, жаттығулардың нәтижелілігі мен бірізділігін; өзіне, басқа адамдарға және қоғамға деген құрмет қажеттілігін; елдің дамуы мен мақтанышты қалыптастырудағы спорттың ролін түсінеді;

дене қимылдарына қатысты қиындықтарды жеңуге және тиісінше әрекет етуге қажетті дағдыларды; басшылықты кезекпен бөлісе отырып, келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін жеке және ортақ жұмысты орындау дағдыларын; өзінің және басқалардың шығармашылық жұмыстарын талдау үшін конструктивті тәсілдерді ұсыну туралы білімін; бірқатар жаттығуларға қатысу барысында ережелер мен композициялық тәсілдер туралы білімін қолданады;

мектеп ішінде және мектептен тыс жерде дене шынықтыруды дамытуға бағытталған іс-шараларға қатысу мүмкіндігін; кеңістік, ресурстар мен ойларды бөлісу кезіндегі өзінің тәртібін; денсаулықты күшейтуге бағытталған тактикалар мен стратегияларды қойылған оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін өзгерте отырып талдайды;

айрықша тақырып, көңіл-күй не сезімді жеткізу үшін бірқатар композициялық идеяларға; дене қимылдарының инновациялық (жаңа) үрдістері мен міндеттерін қалыптастыру үшін түрлі шығармашылық дағдыларға; білім мен дағдыларды спорттық жобаларға; қимыл түрлерін белгілі бір қимылдар жиынтығына; сонымен қатар түрлі спорт тактикаларын стратегияға синтез жасайды;

денсаулықты нығайтуға бағытталған түрлі дене жүктемелерін орындау барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында әріптестік және әділ сайыс өткізу ережелерін; дене жаттығулары аясындағы мәселелерді зерттеу және шешу үшін шығармашылық білімі мен сыни тұрғыдан ойлау құралдарын; түрлі жағдаяттарда оларға деген құрмет қалыптастыру үшін өзінің және басқалардың тәртібін бағалайды;
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:

дене жаттығуларын орындау техникасын; қозғалыс ептілігі, жылдамдығы, тепе-теңдігі, үйлесімі секілді қабілеттерді дамытуға арналған негізгі дене жаттығуларын; ағзаның дамуына септігін тигізетін алуан түрлі дене жаттығуларын; сабақ алдында дене салқындату және қыздыру ережелерін, дене жаттығулары кезінде ағзадағы дене өзгерістерін (тыныс алу, жүрек қағысының жиілігі, дене қызуы) бақылау тәсілдерін; дене даярлығын жақсарту мақсатында дене бөліктері мен бұлшықеттерді дамыту тәсілдерін; дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

орындалатын жаттығулардың қиындық деңгейін; түрлі дене жүктемелерінің қажетті қарқындылығына қол жеткізу қажеттілігін; дене, психикалық және эмоционалдық денсаулықты сақтау маңыздылығын; түрлі дене жүктемелерін орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; дене іс-әрекетінің денсаулыққа, дене шынықтыру мен ауқаттылыққа қатысты мәнін; мемлекеттің даму мақсаттары үшін дене дамуы мүмкіндігін; өзіне, басқа адамдарға және қоғамға деген құрмет қажеттілігін; елдің дамуы мен мақтанышты қалыптастырудағы спорттың ролін түсінеді;

басшылықты кезекпен бөлісе отырып, келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін жеке және ортақ жұмысты орындау дағдыларын; өзінің және басқалардың шығармашылық жұмыстарын талдау үшін конструктивті тәсілдерді ұсыну туралы білімін; бірқатар жаттығуларға қатысу барысында ережелер мен композициялық тәсілдер туралы білімін; дене қимылын үйлестіруді; қимылдарды орындау мерзімі, кеңістігі мен бірқалыптылығы түсінігін көрсете отырып, дене жаттығуларын дұрыс біріздікпен орындау туралы білімін; кемшіліктер мен тәуекелдер ықтималдығын жою үшін сатылап дайындайтын арнайы жаттығуларды; дұрыс тамақтану және қозғалу режимінің басты қағидаттарын; бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолданады;

мектеп ішінде және мектептен тыс жерде дене шынықтыруды дамытуға бағытталған іс-шараларға қатысу мүмкіндігін; рефлекстеу және әрекеттер, динамика, байланыс пен кеңістікті бағалау қабілетін талдайды, бұл өзінің және басқалардың іс-әрекетін жақсартуға жетелейді; топтағы болашақ оқуы мен тәртібін бақылау үшін дене жаттығуларындағы бұрынғы жетістіктері мен тәжірибесін; түрлі дене іс-әрекеттеріндегі жеке қабілеттері мен сенімділігінің артуын; дене белсенділігіне бағытталған топтық тапсырмаларды орындау барысында ынтымақтастық, патриотизм сезімін қалыптастыру жағдаяттарын және әділ сайысу ережелерін талдайды;

айрықша тақырып, көңіл-күй не сезімді жеткізу үшін бірқатар композициялық идеяларға; дене қимылдарының инновациялық (жаңа) үрдістері мен міндеттерін қалыптастыру үшін түрлі шығармашылық дағдыларға; білім мен дағдыларды спорттық жобаларға; қимыл түрлерін белгілі бір қимылдар жиынтығына, сонымен қатар түрлі спорт тактикаларын стратегияға; түрлі жағдаяттар мен бірқатар дене іс-әрекеттеріне бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу үшін білім мен дағдыларға; балама әрекеттерді зерттеп, іс жүзіндегі дене қозғалыстарына қатысты стратегиялар мен жоспарларға; жаттығуларды орындау кезінде жіберілген қателіктерді жою мәселелерін шешу үшін өз әрекеттеріне; түрлі өмір шарттарындағы шығармашылық іс-әрекет пен сыни тұрғыдан ойлау құндылықтарына синтез жасайды;

денсаулықты нығайтуға бағытталған түрлі дене жүктемелерін орындау барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында әріптестік және әділ сайыс өткізу ережелерін; дене жаттығулары аясындағы мәселелерді зерттеу және шешу үшін шығармашылық білімі мен сыни тұрғыдан ойлау құралдарын; әрекеттер, динамика, байланыс пен кеңістікті бағалайды, бұл өзінің және басқалардың іс-әрекетін жақсартуға жетелейді; өзінің және басқалардың дене қимылдарының күшін, кемшіліктері мен әлеуетін; топтық бірлескен не бәсекелес дене қимылы тапсырмаларын орындау барысында басқалардан көмек сұрау үшін жағдаяттарды; дене белсенділігі кезінде қандай дене бөліктерінің қолданылатындығын және олардың жұмысының дене даярлығына қалай септігін тигізетіндігін; салауатты өмір салтын жетілдіру үшін өзінің дене бітімін бағалайды.
3. Бастауыш білім мазмұнына қойылатын талаптар
3.1. Бастауыш білімнің базалық мазмұны
24. Бастауыш білімнің базалық мазмұны екі ұстанымның біріктірілуінің негізінде жасалған: оқушылардың академиялық даярлығы және оқу, жобалау және зерттеу іс-әрекеттерін үйлестіру негізінде олардың дербес жұмыс істеуін дамыту.

25. Бастауыш білімнің базалық мазмұны орта білім Мақсатына қол жеткізу құралы болып табылады және келесі бағдарларды ескере отырып айқындалады:

1) заманауи қоғамның қарқынды сұраныстарына сәйкестік;

2) сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту қажеттілігі;

3) оқу пәндерінің санын азайту үшін пәнаралық сипаттағы мазмұнды кіріктіруді жүзеге асырудың орындылығы;

4) оқу, тәрбие және дамыту бірлігін қамтамасыз ету.

26. Білім беруді ұйымдастыруда міндетті оқу пәндерімен қатар жоба жұмыстары, элективті курстар, сыныптан тыс сабақтар жүргізу қарастырылған. Жоба жұмысын енгізу оқушылар бойында зерттеу дағдыларын, ынтымақтастық және сыни тұрғыдан ойлау, презентация жасау дағдыларын дамытатын болады.

27. Бастауыш білімнің базалық мазмұны үш тілде білім беру саясаты аясында іске асырылады. Үш тілде оқытудың мақсаты – кем дегенде үш тіл меңгерген, түрлі іс-әрекет салаларында еркін әңгімелесе алатын, өз халқының мәдениетін бағалап, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстан азаматын қалыптастыру.

Үш тілде оқыту іс жүзінде мына жолдармен іске асырылады:

1) қазақ, орыс және шетел тілдерінің деңгейлік меңгерілуін халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;

2) оқыту тіліне қарамастан белгілі бір пәндердің қазақ, орыс және шетел тілдерінде пәндердің оқытылуын ұйымдастыру;

3) сабақтан тыс іс-әрекеттерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру.

28. Білім беру ұйымдарында әрбір білім аялары бойынша бастауыш білімнің базалық мазмұны бастауыш білім берудің негізгі миссиясына сәйкес анықталған, оған сәйкес оқушыны оқытып қана қоймай, оның бойына руханият пен әлеуметтік мәні бар дағдылардың негіздерін сіңіру қажет.

Оқу материалдарын құрастырудың заманауи үрдістерін ескере отырып, бастауыш білім берудің базалық мазмұнында жеке оқу пәндері мен білім беру аяларын кіріктіру орынды. Мысалы: «Технология» білім беру аясының мазмұны «Өнер» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәндерінің мазмұнына кіріктірілген.

29. «Тіл және әдебиет» білім беру аясының мазмұны келесі оқу пәндерінде жүзеге асырылады:

1) қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі», «Әдеби оқу» және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Орыс тілі», «Әдеби оқу» пәндері;

2) орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» және қазақ тілінде тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Орыс тілі»;

3) аз ұлттардың тілі мен әдебиеті жалпы білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша үлгілік (типтік) оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен қосымша оқытылады. Сыныпта белгілі бір аз ұлт өкілдерінен 10 және одан артық оқушы оқыған жағдайда тіл мен әдебиеттің кіріктірілген курсы оқытылады.

4) «Ағылшын тілі».

30. «Тіл және әдебиет» білім беру аясы пәндерінің мазмұнында дәстүрлі түрде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің грамматикалық құрылымын оқытудан оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға көшу қарастырылған. Қазақ /орыс тілі мен әдебиеттің әрбір пән аясында кіріктірілуі оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, түрлі мәтін түрлерімен жеке жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген. Осы пәндердің мазмұны таныс тақырыптарға ақпарат алмасу, күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттау, әдеби мәтіндерді сыни тұрғыдан бағалау, өзге мәдениеттерге мейірбан көзқарас пен құрмет көрсету іскерліктерін дамытуға бағытталған.

Екінші (мектепте оқыту тіліне қарай орыс/қазақ) және үшінші тілді (ағылшын) оқыту тілді деңгейлік меңгеруді ұйымдастыруға бағытталған. Осы оқу пәндерінің білім беру мазмұны ойын және танымдық іс-әрекет арқылы оқушыларда тілдерді үйренуге деген қызығушылық пен оң көзқарасты дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды, мәтінмен тілдік материал ретінде жұмыс істей білу, сөз тіркестері мен сөйлемдер мәнін түсіну және оларды нақты жағдайларда пайдалана білуін қалыптастыруға бағытталған.

31. «Математика және информатика» білім беру аясының мазмұны «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәндерінде іске асырылады.

32. «Математика және информатика» білім беру аясының мазмұны оқушыларда қоршаған болмыстың түрлі нысандары мен құбылыстарын сипаттауға қажетті математика тілінің бастапқы негіздерін қалыптастыруға; арифметикалық амалдар орындауға, ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін меңгеруге, сандық есептерді шығаруға, сөз есептер шығаруға; есептер шығарудың жалпы тәсілдерін, өлшеу және есептеу дағдылары негізінде логикалық тұжырымдама жасай білу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын пайдалана білу, ақпаратты іздестіру, таңдау мен жеткізуге, нысандар мен үдерістерді жобалау, деректерді ұсыну, талдау және түсіндіру үшін кестелер, сызбалар, графиктер және диаграммалармен жұмыс істеудің қарапайым әдістерін қолдана білуді дамытуға бағытталған.

33. «Жаратылыстану» білім беру аясының мазмұны «Ғылымға кіріспе» оқу пәнінде іске асырылады.

34. «Жаратылыстану» білім беру аясының мазмұны негізінен «Адам-Табиғат» жүйесі шеңберіндегі қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етуді көздейді. Осы пән оқушылардың табиғи құмарлығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсінуі мен көре білуін дамытуға бағытталған. Пән мазмұны «жеңілден күрделіге қарай», «таныстан бейтанысқа қарай» қағидаты бойынша құрылған. Тірі және өлі табиғаттағы қарапайым құбылыстар мен үдерістердің себептерін ұғыну, қоршаған ортаның алуан түрлілігі мен күрделілігін сезіну, ондағы құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын түсіну оқушылардың дүние туралы ой-өрісін кеңейтеді. «Ғылымға кіріспе» пәні дербес «Биология», «Физика» және «Химия» пәндері ғана емес, ғылымның кез-келген саласында маңызы бар қарапайым зерттеу әдістерін үйренудің де пропедевтикалық курсы болып табылады.

35. «Адам және қоғам» білім беру аясы пәндерінің мазмұны «Дүниетану», «Өзін-өзі тану» пәндерінде іске асырылады.

36. «Адам және қоғам» білім беру аясы пәндерінің мазмұны негізінен «Адам-Қоғам» жүйесі аясындағы пропедевтикалық біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Пән мазмұны өткен өмір деректерін және оның қазіргі заманға әсерін, адамдардың отбасы мен қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын зерттеуге; өз Отанына деген шаттық сезімін қалыптастыруға, жанұя, жергілікті, аймақтық, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғынуға, қазақстандық қоғам құндылықтары мен жалпы адамзат құндылықтарын түсінуге; әр оқушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін көрсетуіне, өзінің және басқа халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін, өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілігін дамытуға, басқа адамдар сезімін түсінуге және оларға қолдау көрсетуге, адамға деген мейірбан көзқарасты тәрбиелеуге бағытталған.

37. «Өнер» білім беру аясының мазмұны «Бейнелеу өнері» және «Музыка» пәндері арқылы берілген. «Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұнына көркем және техникалық еңбек компоненттері кіріктірілген.

38. «Өнер» білім беру аясы пәндерінің мазмұны адам өміріндегі бейнелеу өнері мен музыканың ролі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыруға, қазақ ұлттық өнері, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына және басқа да әлем халықтарының өнеріне құрмет көрсетуге; бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек (сурет, бейнелеу өнері, қолөнер, көркем құрастыру) бойынша көркемдік іс-әрекет түрлерін, оның ішінде АКТ қолдану арқылы орындау іскерліктері мен дағдыларын дамытуға; бастапқы вокалдық және аспаптық дағдыларды (оның ішінде түрлі музыкалық технологиялар мен АКТ) дамытуға; түрлі визуалдық-тактильдік және музыкалық құралдар арқылы дүнинеі танып білу тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

39. «Дене шынықтыру» білім беру аясының мазмұны «Дене шынықтыру» оқу пәнінде іске асырылады.

40. «Дене шынықтыру» білім беру аясының мазмұны адам өміріндегі дене шынықтырудың ролі туралы түсінікті қалыптастыруға; спорт, ұлттық спорт түрлері туралы ақпаратты дербес іздеп табуға және оны денсаулықты нығайту үшін пайдалана білуге; физикалық қасиеттерін, жалпы дамытатын жаттығуларды орындауға, жеке гигиена мен салауатты өмір салтын сақтауға қызығушылығын қалыптастыруға; өзін-өзі жетілдіруге, оқу, ойын және сайыс іс-әрекеттері шеңберіңде өз құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет