Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері


II. Логикалық есептерді шығару барысында оқушыларды ойлауға



бет2/4
Дата19.07.2017
өлшемі1,03 Mb.
#21308
1   2   3   4

II. Логикалық есептерді шығару барысында оқушыларды ойлауға

үйрету жолдары.

II.1 Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін

дамыту.

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау, кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Ұстаз қауымы оқушыларға мейілінше терең білім беруге тырысады. Алайда «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер» демекші, білім тез ескіреді, маңыздылығы жойылады, оқыту тиімділігі төмендейді. Оның үстіне мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет. Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған міндеттің бірі.

Бастауыш мектеп оқушыларды оқуға үйретіп, олардың танымдык мұқтаждығын сақтап және дамытып, ғылым негіздерін игеруі үшін кажетті танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім танымдық іс-әрекеттің, табиғаттың шығу тегін, неден тұратындығын, оны оқушыларда қалыптастыру кандай ретпен жүзеге асатындығын білуі керек.

Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі -логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру.



Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жөнінде оқу бағдарламаларына берілген түсініктеме хаттарда айтылып, мұғалімдерге арналған әдістемелік әдебиеттерде жазылған. Бірак нақты пәнді оқыту барысында қалыптасуы тиіс, логикалық ойлау тәсілдерінің нақты бағдарламасы жоқ. Содан барып оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жөніндегі жұмыс қажетті тәсілдер жүйесін, олардың мазмұнын және қалыптасу ретін білмей журіиілсді. Логикалық ойлаудың дамуы едәуір тақпақ (стихиялық) түрде өтеді. Сондықтан оқушылардың көпшілігі бастауыш ойлау тәсілдерін жоғары сыныптарда ғана емес, тіпті жоғары оқу орындарында да меңгермейді. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны сөзсп Оқушылардын ойлауындағы қателікті байқап, сол қатенің мән-мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыра білу ушін ұстазға логика саласынан кажетті теориялық білім ксрек. Сол себептсп оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені кұрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі - оқыту үрдісінде формальды аспектіге назар аудару. Білім беру жүйесі осы бағытта дамып келе жаткан елдер (Жапония, Оңтұстік Корея, Сингапур, т.б) өздерінің дамуында елеулі жетістіктерге жетіп, соңгы 10 жыл ішінде әлемдік прогрестің алғырлар қатарына косылды.

Педагог ғалымдар, атап айтқанда, Н.Н.Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, И.А.Гибш «Логикалық ойлау» ұғымына нақты аныктама берген. Олардың пікірлерін жүйелесек, «логикалық ойлау» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдала отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Логикалық ойлауды дамыту дегеніміз:


  • барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру,
    жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрдс қальштастыру;

  • ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;

  • трансформация әрекетін, яғни объектіні өзгерте білу қабілеттерін
    жетілдіру.

Осы аныктамалар негізінде логикалық ойлауды дамыту жүйесі төмендегідей құрамдас бөліктерден түрады.

1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру.

- талдау

- жинақтау



  • салыстыру

  • жалпылау

  • саралау.

2. Ойлау белсенділігін өзбеттілігін дамыту:

  • әртүрлі болжам, пікір айта білу;

  • мәселені шешудің бірнеше әдістерін ұсыну;

3. Трансформация әрекетін жетілдіру:

  • заттарды бөліктері арқылы құрастыру;

  • объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
    Ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген

бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық кұнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен І-ІІ сыныптағы оқушыларға тура келеді) олардың ойлау әрекеті көбіне мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді (мұндай талдауды кейде тәжірибелік немесе сезімдік деп атайды).

Ойлауды дамытудың екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты І-ІІ сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасты көрсету талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғая береді.



Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы үйретуге болады.

Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс- бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқырлық пен зеректік), логикалық ойлауды кажет ететін мысалдар құрастырту, есептер шығарту, шығармалар жаздырту баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы. Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және классификациялауға арналған мынадай жаттығулар жүргізуге болады. Балаға бірнеше заттың зейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап талдап, топтап, жүйелеп, логикалық ой қорытындысын шығара білуі керек. Мысалы: 4-5 түрлі бас иімнің ішінде 1 етіктің суретін көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ, п артық заттың атын айтады. Мына жерде етік артық, өйткені басқалары |ас киімдер немесе мынаның бәрі аңдар, ал сауыскан артық, себебі, ол кұс деген сияқты.



Балаға бірнеше геометриялық фигураларды көрсетіп, осы фигуралардан бір зат құрастыр (құс, жануар, балық, т.б.). Құрастырған фигураларды боя десең, әр бала өзінше ойланып, тек сол фигуралардан құралған бейнені бояйды. Мысалы, балапан кұралған денені боя десең, әр бала өзінің ойлау деңгейіне қарай бояп береді.


















Мына шеңберлердің ішіне 1-ден 19-ға дейінгі сандарды орналастыр. Түзу сызықтың бойындағы 3 сан жиынтығы 30-ды құрайтын болсын. Ортада оған бір сан барлығына ортақ болады






Мына шеңберлердің ішіне 1-ден 19-ға дейінгі сандарды орналастыр. Түзу сызықтың бойындағы 3 сан жиынтығы 30-ды құрайтын болсын. Ортада оған бір сан барлығына ортақ болады

Сағыз сатып алу үшін Ерланға 1 теңге жетпеді. Ал Темірланға 2 теңге. онда Ерлан Темірланға екеуміз қосып бір сағыз алайык десе, бәрібір олардың бір теңгесі жетпей тұр. Бұлардың әрқайсысында неше теңгеден болды. Сағыз қанша тұрады? Жауабы: сағыз 2 теңге Ерланда 1т Темірланда От.

Мына сандардан сөз құрастыр.











300




6







Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет