Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі



бет2/2
Дата07.03.2022
өлшемі33,63 Kb.
#134587
1   2
Байланысты:
Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыздар : п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздарб,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар : р, л, м, н, ң, у.
Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – эвкалипт. Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, құлап қалған біреуінің түбірін ойып, өзіне үй жасапты. Түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішінен жасапты дейді. («Негеш» энциклопедиясынан)
Диалог, араб, каталог, клуб, драматург, педагог, масштаб, түзу, миллион, аттестат, грамматика, металлург, дифтонг, штаб.
Өз сөзіммен түсіндіретін болсам, диалог сөзінің жазылуы диалог, ал айтылғанда диалок деп айтылады. Араб-арап,каталог-каталок, клуб-клуп, драматург-драматурк, педагог-педагок, масштаб-масштап, түзу-тізу, миллион-миллон, аттестат-аттестад, грамматика-грамматига, металлург-металлурк, дифтонг-дивтонг, штаб-штап осы сөздердің әріптері айтылған кездегі өзгеріске ұшырайды.Мысалға басқаша талдайтын болсақ, диалог сөзі неше түрлі болады, үлкен диалог, қысқаша диалог, орысша диалог, қазақша диалог т.с.с.педагог сөзі- педагог модератор,педагог сарапшы,педагог организатор,педагог психолог деген сияқты, түзу –түзу орындық, түзу адам, түзу сызғыш, түзу жол т.с.с.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі де соңғы кезеңде тіліміздің табиғи ерекшеліктеріне сай фонологиялық тұрғыда жүйелі зерттеліп келеді. Фонологиялық заңдылықтар тілдің айтылым талаптарын қатаң сақтауды қажет етеді. Қазақ тілінің фонологиялық ерекшелігі сингармонизм заңдылығымен тікелей байланысты. Сөз құрамындағы, сөз бен сөз, қосымша аралығындағы дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп айтылады. Ал жазу ыңғайына қарай сөйлеуге болмайды, тіліміздің фонологиялық ерекшелігіне сай орфоэпиялық норманы сақтау қажет. Орыс тілінде негізгі фонологиялық қызметті екпін атқаратын болса, қазақ тілінде бұл қызметті сингармонизм атқаратындығы дәледенді. Мысалы, орыс тілінде угол-уголь, мел-мель т.б. сөздер мағынасы бір-бірінен сөз екпініне қарай ажыратылатын болса, қазақ тілінде мұндай ерекшелік (сөз екіпіні) жоқ. Сондықтан «алма» сөзі етістік не зат есім мағынасында жұмсалғанын жеке тұрғанда байқай алмаймыз. Оны басқа сөзбен тіркесуі кезінде ғана анықтауға болады. Мысалы, кітапты алма, қызыл алма; Демек, қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер сингармонизмге арқа сүйеп, бунақ арқылы (ритмическое членение) ажыратылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет