Бастауыш мектепте бейнелеу өнерді оқытудың теориясы мен технологиясы



бет79/98
Дата12.09.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63663
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98
Тапсырма № 1.
Тақырып: Мүсін түрлерімен танысайық(2 сағат).
Кеңістікте жан – жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма мүсін деп аталады.

Мүсін негізінен екі түрге бөлінеді.



  1. Бедер (рельеф) – көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленген түрі.

  2. Дөңгелек мүсін – бейнеленген нәрсенің көлемд бейнеленуі.

Мүсіндеу – бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі. Оның тарихында небір қайталанбас туындылар өмірге келген. Мысалы, мысыр перғауындары, Грециядағы «Родос алыбы», Микеланджелоның «Давид» мүсіні, т. б.

Ірі көлемдегі, ауқымды ескерткіштерді монументті мүсін ескерткіштері деп атайды.

Мүсін өнерінің бір түрі станокты мүсін. Станокты мүсінге көбінесе шағын көлемде орыдалған жұмыстар жатады. Мүсіндердің түрі станок – мольбертінде сомдалады.

Мүсіндеудің ең бір қарапайым құралдары: әр түлі қалақшалар, тұзақшалар, қол тоқпақ (үлкен ағаш балға).

Оқушылар пайдаланатын материалдардың негізгі түрі – пластелин, саз балшық.

Қатты гранит пен мәрмәрдан мүсін жасауда қашау, шапқы, темір балғалар, қатты қылшықты қылқаламдар пайдаланылады. Олармен көбінесе кәсіби мүсіншілер жұмыс істейді. Қазақстанда Х. Наурызбаев, Т. Досмағамбетов, Б. Әбішев, Е. Сергебаев, Е. Мергенов, Б. Төлеков және т. б. белгілі мүсіншілер бар.

Мүсін сомдауда материал бола алатын заттар әр түрлі. Мысалы, ағаш, түрлі тастар, саз балшық, металл, пластилин мен саз балшық ыңғайлы. Олардың ең жақсы қасиеті – ырыққа көнгіш, тез иілгіш, мүсін формасын қалай өзгертем десең де, өз еркіңе көнеді. Сондықтан пластилинмен, саз балшықпен жұмыс істеуге бейімделу керек.

Мүсін өнерінің бір түрі рельеф болып табылады. Рельефтың екі түрі бар: мүсінделген бейне мен нәрсе кеңістіктен, яғни қалыңдығынан жартылай шығып тұрса рельеф дейді.

Адамның кеудеден жоғары тұлғасын сомдаған мүсін – бюст деп аталады.

Рельеф – іштей ойылып, қалыңдықтың ішінде бейнеленген мүсін.

Мүсіндеу жұмысы арнайы станок –тұғырда сомдалады. Сомдалуға тиісті мүсіннің алдымен ішкі қаңқасы жасалады. Қаңқа сомдайтын нәрсеге лайық болуы тиіс. Ол әдетте ағаштан, иілгіш сым темірден құралады. Мүсіндеу процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан – жағынан сомдап, қадағалап, артық – кем жерлерін түзеп отыру керек.

Практикалық сабақта оқушыға жануар бейнесін көлемді пішінде орындату. Ол үшін сым темірден жануардың негізгі тіректі бөліктерін құрастырып, соның пішін бетіне пластилинді жапсыра отырып жануар келбетін алу.


Тексеру сұрақтары.


  1. Тақырыптық оқу материалының өзгеру дәрежесі қандай болды?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Мүсіндеу жұмысындағы негізгі оқу материалының мазмұны неде?

  4. Мүсіндеу жұмысының көркемділік ерекшелігі қандай?

  5. Қандай оқытудың тиімді әдістері қолданылды?

  6. Оқушының танымдық қасиетінің материал бойынша жүйеленуі кандай дәрежеде?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Аубакирова Р. Ж. және т. б. Бейнелеу өнері. Мүсіндеу. Алматы, 2004 ж.

  4. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  5. Болатбаев К.К.Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы. -Алматы, 2003 ж.

  6. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  7. Конышева Н. М. Лепка в начальных классах. -М., 1985 ж.

  8. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  9. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.

  10. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

Лабораториялық жұмыс №8




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет