Тапсырма №2.
Тақырып: Түрпімен тегістеу(1 сағат).
Түрпі – ағаш сапты, төрт қырлы жалпақ егеу (56 беттегі 1 – 5 суреттер). Түрпінің бетінде бұдырлы сызықтарды болады. Бұл бұдырлар ағаш бетін тегістейді. Түрпіні ағаштың бетімен алға қарай жылжытады.
Жұмыс біткеннен кейін түрпіні щеткаман ағаш ұнтақтарынан міндетті түрде тазарту керек.
Зімпара – бетіне құм түйіршіктері желімделген қағаз немесе кенеп мата. Тегістегіш зімпараны үнемдеу керек екені есте болсын. Тегістегенде, бұйымның бетінен шыққан тозаң мен ағаш ұнтақтарын арнаулы сыпырғыш щеткамен тазартады.
Ағаштан жасалған бөлшектерді зімпарамен ағаш талшықтарының ұзына бойына қарай тазалайды.
Тегістеген кезде, тегістегіш қабықшаны қолға ұстамай, төрт қырлы ағашқа орап алып ұстаған ыңғайлы.
Ағаштың беті тегістелгеннен кейін, оны бояуға болады. Акварель бояумен, тушьпен бояған жақсы. Бояу жұмысын арнаулы щеткамен орындаймыз. Немесе жұмсақ мақта матадан домалақтап жасалған анжымен (тампонмен) бояймыз.
Анжы – матаға оралған бір шөкім мақта.
Бұйымның бетін алдымен ұзынынан, онан соң көлденеңінен бояйды.
Сүргілеу мен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Бұдырлары біркелкі және сабы орнықты түрпімен жұмыс істеу керек.
Түрпінің ұшын саусақтарыңмен ұстамаңдар.
Тегістегенде шыққан шаң мен үгінділерді үрлеуге, оны қолмен жинауға болмйды, оларды арнаулы сыпырғыш щеткамен тазалайды.
Жұмыс аяғында қолды ұқыптап сабынмен жуу қажет.
Бояғыш заттармен абайлап жұмыс істеңдер.
Оны киімге, қолға, денеге жұқтырмауға тырыс.
Ағаш өңдеу кәсіпорындарында мұндай жұмыстар арнаулы станоктарда атқарылады. Бұйымдарды әсемдеуші - әрлеушілер сәндейді. Машинаның көмегімен олар бұйымды бояп, арнаулы құрғатқыштарда кептіреді.
Тексеру сұрақтары.
Оқу материалының мазмұны өзгерілді ма?
Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
Неге қолданған әдістер анықталған сабақтың типінде тиімді?
Оқыту құралдардың іріктелуі дұрыс орындалды ма?
Ағаш материалын тазалауға, басқа қандай аспаптар қолдануға тиімді болар еді?
Оқушы өңдеудің технологиялық процесін дұрыс, сапалы орындауға мүмкіндік тууына қандай қолайлы тәсілдер қолданылды?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы( 3 сынып). -Алматы, 2003 ж.
Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж.
Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005ж.
Оралбекова Т. Еңбекке баулу (3 - сынып). -Алматы, 2003 ж.
Лабораториялық жұмыс №6
Достарыңызбен бөлісу: |