Тапсырма №1.
Тапсырма: Мата немесе былғарыдан аппликация техникасында сәнді «Панно» дайындау(1 сағат).
Панно – қоғамдық мәдени орындарды, үй бөлмелерін әсемдеу және безендіру үшін жасалатын өнер туындысы. Оны оқушыларда жасай алады. Ол үшін қажетті заттар: сурет жақтаушы (рама), ирек таспа, түрлі түсті мата, жіп, ине,желім, бір түсті қалың қатты мата.
Оқушы өзінің таңдауы бойынша безендіру объектісінің нобайын қалам саппен қағазға орындайды. Қатты ағаштың ұнтағынан жасалған тақтайшаны кесіп(өлшеммен) немесе картонды алуға да болады. Оның бетіне «фон» ретінде бір өңді түсті матамен немесе былғарымен жапсырылады. Нобай бойынша бейне кесіннің пішіні мен түсіне орай мата немесе былғарыны қыиып, бір өңді жазық матаның немесе былғарының бетіне жапсырады. Дайын болған жұмыстың жиек бөліктерін ағаш немесе тығыз түсті картонмен безендіріп рамасын қондырады. Соңғы кезең «Панно» ілгекті жасап, жұмыстың теріс жағына қондырады.
Тексеру сұрақтары.
Оқу материалында толықтыру, ықшамдау өзгерістері енгізілді ме?
Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
Оқушыны жаңа оқу материалын басқа жағдайда қолдана алу мүмкіндігі қандай болды?
Шығармашылық жұмысқа оқушының игерген білімі мен іскерлігі жеткілікті болды ма?
Қандай технологиялық процесін материалды өңдеуде, оқушы жұмыс орындауда жиі қолданды?
Мұғалімнің тарапынан қандай көмек көрсетілді?
Оқушының шығармашылық жұмысы қандай критерияда бағаланды?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж.
Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж.
Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж.
Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж.
Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -Уральск, 2005 ж.
Өстеміров К. Еңбекке баулу (4 - сынып). -Алматы, 2000 ж.
Барадулин В. А. Основы художественного ремесла. -М., 1979 ж.
Әміргазин Қайрат. Қазақ қолөнері. -Алматы, 1986 ж.
Афонькин С. Ю. Орнаменты народов мира. -С – ПБ., 1998 ж.
Маргулин А. Х. Казахская народная прикладная искусство. В 3 – х томах. -Алматы, 1986, 1988, 1994 ж.ж.
Гукасова А. М. Рукоделие в начальных классах. -М., 1984 ж.
Лабораториялық жұмыс №9
Достарыңызбен бөлісу: |