Лекция 6. Тақырыбы: Метал материалынан бұйым жасау технологиясы.
Мақсаты. Метал материалынан бұйым жасау технологиясы мен техникасы туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Металлды қолмен өңдеуге қолданатын технологиялық процесстер: кесу, тазалау, түзету, өлшеу және белгілеу, ию, бүгу, біріктіру және т.б.. бұл процесстерге қолданатын аспаптар: металл кесетін қайшы, балға, кемпір ауыз, кескіш, металдан жасаған сызғыш, белгілегіш сызғыш және кернер, қысқыш және т.б.. жасалған бұйымды әрлеуге химиялық еріткіштер, лактар және сыр майлары жатады.
Түсті металдардан жасалған бұйымды әсемдеу техникалары: чеканка, металлопластика, зергерлік жұмыс техникасы, инкрустация және т.б.
Металды өңдеу кезінде жүқа (қаңылтыр және сымдар) жеке жәшіктен келесі аспаптарды шығарып, оны жүмыс үстелінің үстіне орналастыру қажет: сызғыш, бұрыштық, тістеуіш, атауыз, бұрауыш) аралар, металл кесетін пышақ, балға. Тік орналасқан ұстағышта сызба немесе технологиялық картаны бекітеді. Жүмыс үстелінің ортасыңда қыстырғыштарды бекітеді.
Бақылау сұрақтары:
метал өңдеу жұмыс орны;
жұмыс құралдары мен материалдар;
технологиялық процесстері;
метал бұйымын безендіру техникалары.
Әдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Достарыңызбен бөлісу: |