37
2. Бастауыш сынып мұғалімінің музыка пәні мұғалімі ретінде
кәсіби даярлығына қойылатын талаптар.
3. Бастауыш сынып мұғалімінің зық музыкалык-педагогикалык
тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына ендіру
1.
Бастауыш сынып мұғалімінің музыкант-педагог ретінде
әдіснамалық мәдениетінің мазмұны
Әдіснаманың әдіснамалық білімдер жүйесіндегі орнын
анықтау үшін әдіснаманың бірнеше деңгейлері бар екендігін
ескеруге тиіспіз (П.И. Пидкасистый). Бұл деңгейлерді былайша
жуйелеуге болады:
Бірінші деңгей – философиялық білімдер.
Екінші деңгей – жалпығылыми әдіснама (жүйелік тұрғы, іс-
әрекеттік тұрғы, түрлі типтегі зерттеулердің сипаттамасы:
зерттеудің болжамы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері және
т.б.).
Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама белгілі бір арнайы
ғылыми пәнде қолданылатын әдістердің, зерттеу принциптерінің
жиынтығы және процедурасы.
Педагог-музыкант өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауда өзін-
өзі зерттеу, кәсіби іс-әрекетін талдау, оқу-тәрбие жұмысында
білімалатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігін пайымдау, музыкалық
білім мазмұнын жоалау, болашақ нәтижелерді талдау сияқты
толып жаттқан іскерліктерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.
Бұндай іс-әрекет мазмұны музыка пәні мұғалімінің әдіснамалық
мәдениетінің сипатын танытады.
Достарыңызбен бөлісу: