«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет69/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа
лекций, Тақырып 13
 
 
Тақырып №3: Шетелдегі музыкалық тәрбие беру 
жүйесінің ерекшелігі
Тапсырмалар: 
Мына берілген музыкалық ұғымдардыі оқып, жаттап 
алыңыздар:
1. Пентатоника
-биіктігі бойынша бөлек болатын, октава 
көлеміндегі бес дыбыстан тұратын дыбыс қатары. Гректің pente-
бес деген сөзі. Мажор мен минорға қарағанда, жартытонсыз 
пентатоникада дыбыстар бір бірінен бүтін немесе бір жарым тон 
ара қашықтығында болады. Фортепианоның бес қара басқышы 
пентатониканың 
қарапайым 
түрі 
болып 
табылады. 
Пентатониканы осы басқыштардың кез келгенінен бастап құруға 
болады. Мұндай дыбыс қатары бесеу, ал интервалдық қатынасы 
әр қайсысының түрлі болады: 
Ре бемоль 1–ми бемоль-соль бемоль-ля бемоль-ре бемоль 2 
Ми бемоль-соль бемоль, ля бемоль- ре бемоль2 - ми бемоль 2 
Соль бемоль-ля бемоль-си бемоль-ре бемоль 2 - ми бемоль 2 
- соль бемоль 2 
Ля бемоль - си бемоль-ре бемоль 2-ми бемоль 2 - соль бемоль 
2–ля
бемоль 2 
Си бемоль - ре бемоль 2 - ми бемоль 2 - соль бемоль 2 - ля 
бемоль 2 - си бемоль 2 
Лад – музыкалық дыбыстардың өзара байланысынан, 
олардың үйлесімділігі мен үндестігіне құрылған белгілі дыбыс 
қатары. Ладқа негізделген әуен дыбыстары түрлі дәрежедегі 
тұрақтылықты сақтайды.
2. 
Татар, башқұрт, чуваш, моңғол, қытай, ирланд 
халықтарының музыкасы пентатоникаға негізделген музыкалық 
үлгілерінің таспадағы жазбасын тыңдап, өзіндік ерекшелігін 
айқындаңыздар.


62 
3. 
Тек жарты тоннан тұратын пентатоника, және 
жартытонсыз пентатоника мен жарты тондың пентатоника 
қатынасынан тұратын аралас пентатоникаға негізделген музыка 
үлгілерінен мысал келтіріңіздер.
4. АҚШ, Канада, Франция, Жапония, Аргентина, және 
Прибалтика сияқты мемлекеттерде З.Кодайдың музыкалық 
тәрбие жүйесінің қолданысқа енген тәжірибесін талдаңыздар. 
Өзін-өзі бақылау материалдары: 
музыкалық сөздік, нота 
дәптеріне әндердің нотасы жазу, оқу, музыкалық аспапта ойнау,
Тапсырмаларды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: 
Тапсырмаларды орындау барысында интернет желісімен, 
сонымен бірге ҚарМУ-дың электронды катологы ресурстарынан 
алынған материалдарды (ғылыми зерттеулердің теориясы мен 
әдістемесі пәні бойынша электронды дәрістер) қолданып
хабарлама, баяндама әзірлеу керек. 
Музыкалық 
аспапта 
ойнауға 
жаттығу, 
мектеп 
репертуарындағы әндерді нотасына қарап әндету, аспапта ойнауға 
жаттығу.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: 
[1-3, 29, 30, 30, 33, 49-51]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет