2.Сабақ- “Дүниетану” оқу жұмысын
ұйымдастырудың басты түрі.
Сабақ бүкіл мектеп пәндері бойынша, сонымен бірге
“Дүниетануда” да оқу жұмысының ұйымдастыру түрінің
негізі болып табылады.
“Дүниетанудың” әр сабағы оқушыларды сай біліммен,
білікпен және дағдымен қамтамасыз етуі керек және
олардың арқасында белгілі бір тәрбиелік жұмысты шешуі
тиіс. Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін
және олардың көп емес өмір тәжірибелерін ескере отырып,
балалар табиғаттың заттары және құбылыстарымен
тікелей танысуға мүмкіндік беретін, әртүрлі әдістермен
амалдар сабақта қолданылуы керек. “Дүниетану” сабағы
әртүрлі көмекші, көрнекі құралдармен жақсы
жабдықталуы тиіс.
Өлкетану приниптеріне сай “Дүниетану” сабағында
жергілікті табиғи заттар кең қолданылуы керек.
“Дүниетанудың” әр сабағы бағдарламаның белгілі бір
сұрағына арналады, көзқараспен Қарағанда да ол кейбір
бітілген тұтастықты білдіреді. Сонымен қатар әр сабақ
курстың тек бөлігі ғана болып табылады. Ол әрқашан
өткен сабақтың жалғасы жіне келесінің тірегі.
Сабақтың дидактикалық мақсатының негізіне
байланысты оның түрі белгіленеді. Педагогикада
жалпылама қабылданған классификацияда сабақ түрі
жоқ. “Дүниетанудан” мектептің бастапқы сыныптарында
әдетте келесі түрмен оқытылады: аралас, немесе
біріктірілген, сабақтар; пәндік және қорытатын.
Аралас немесе біріктірілген сабақ деп, білімді
қайталау және жаңа материалды оқып білу жатыр, осы екі
жағдай көрінетін орынды алады. Қайталаудағы сияқты
62
жаңа материалды оқып білуде де әртүрлі әдіс-тәсілдер
қолданылады: сұхбат, мұғалімнің айтқаны, жаратынды
объектімен жұмыс, әртүрлі дайын көрнекі көмек құрал,
мақала оқу және олардың мазмұнымен жұмыс, дәптерге
сурет пен жазу және сол сияқтлар. Жұмыстың сол немесе
басқа түрін таңдау сабақтың мазмұнына байланысты.
Пәндік сабақ деп, балалар сыныпта оқу пәндерімен
тікелеу жұмыс жасағанда және табиғаттын зат пен
құбылысы туралы белгілі нақты мәлімет алғандығы
айтылады. Бұл сабақтарда мұғалімнің бас- шылығымен
оқушылар әртүрлі заттарды өзара салыстырады, осылай
ортақ және ерекше белгілерін іздейді, бастыларын
айқындайды, ал басқа кездері тәжірибе арқылы зат
құрылысын оқып біледі және осы жұмыс негізінде
олардың ортақ сипаттамасын құрады.
Бұдан басқа, пәндік сабақтар оқушыларды
тәрбиелеуде төзімдімділік, табандылық, ұқыптылық,
жұмыста мұқияттылық қалыптасуына
үлкен
мүмкіндіктерді ашады.
Пәндік сабақтарды өткізу мұғалімнен мұқият
дайындықты талап етеді. Алдынала құралдар мен
заттарды топ немесе жекелеген оқушылар санына қарай
әзірлеу керек, әр пәнді оқып-білуге уақыт бегілеу керек.
Егер тәжірибе қойлатын болса онда тек құрал
жабдықтарды дайындап қана қоймай, тәжірибе ертерек
жасалуы тиіс, олардың жағдайын, ұзақтағын анықтау
керек, қажетті сақтық шараларын қабылдау керек.
Объектіні немесе құбылысты оқып білу пәндік
сабақта жаппай немесе топтармен өткізілуі мүмкін.
Төменгі сыныптарда көбіне жаппай жұмыс қолданылады.
Пәндік сабақта сұрастыруға уақыт бөлінбейді, бүкіл
сабақ жаңа материалды оқып білуге арналады, оған қысқа
кіріспе сұхбат жол салуы мүмкін. Белгілі орын жаңа білімді
бекітуге жұмсалады. Пәндік сабақтың жеке бөлшектер
арасындағы уақыт былайша жобамен бөлінеді: кіріспе
сұхбат (2-3 мин.), жаңа материалды оқып білу (30 мин.),
63
бекіту (10 мин.)
Пәндік сабақта жаңа оқу материалын оқып үйренуде
дәйекті жағдайларды көрсетуге болады:
1. Оқушышылар зерттеу үшін белгісіз затпен тапсырма
алады. Мұғалім бұл тапсырмаларды олардың мағынасына
дәйектілігіне, оқушыларға жеткілікті көзқараста қарап
ойлап береді. Тапсырманы талдауға дәйектілікпен жекелей
немесе топпен, жоспар түрінде беру сәнді. Төменгі
сыныптарда көбіне бірінші нұсқа қолданымды.
2. Оқушылар берілген тапсырмамен затты өзінше
бақылайды, қажет жағдайда оны басқа заттармен
салыстырады және белгілі бір шешімге келеді.
3. Оқушылармен алынған шешім, бүкіл сыныппен
талқыналады. Бұл жерде, сол зат немесе құбылысты оқып
үйрену барысындағыдай, көбіне салыстыруға келу
пайдалы. Сонда оқушыларға бақылаудағы осы заттар
құбылысы мен құрылысы түсінірек және анықтау бола
бастайды. Кей кездері балалар қате немесе толық емес
шешімдер береді. Мысалға,оқушылар қар мен мұз
сипатымен танысу кезінде, әдетте мұзды ақ деп атайды.
Мұғалім жауапты анықтау үшін қосымша тексеруге
бақылауды және салыстырманы береді. Бұл мысалда
оқытушы тапсырманы таныс ақ түсті заттарды қарау үшін
береді, оларды мұзтүсімен салыстыруға. Бұл кезде
қараудағы, өзінің пікірін сынау әдістемелік жағдайда өте
құнды болып табылады.
Өткізілген талқылаудың мақсаты-өзіндік бақылау
барасында алынған, басты шышдығындағы білім
мазмұнын табу. Кейбір кездері бұл білімді мұғалім тікелей
бақылау барысында алу мүмкін емес мәліметтермен
толықтырады, бірақ пән сипаттамасына керек бастылар
(бірақ бұндай толықтырулар пән сабағында ереже емес,
төтенше болуы керек).
Қорытатын сабақтар жекелеген тақырып пен оқу
пәнінің толықтай материалында құрылады. Мұғалім бұл
сабақтарда оқушылармен материал тақырыбын немесе
64
бүкіл пәнді қабылдауын тексереді, осы материалды
бекітеді. Бірақ бұл қорытынды сабақтың басты мақсаты
емес. Өткен материал белгілі жүйеге келтірілген болуы тиіс,
сонымен қатар басты жоспар түсінігі белгіленуі тиіс, жәй
байланыстары және табиғаттағы заңдылыктар жеткілікті
ашылуы керек. Қорытатын сабақтар төменгі сыныптағы
оқушылардың берік және өз еркімен білімді қабылдауына,
сонымен қатар есінде сақтау, ойлау және сөйлеу қабілетін
дамытуға септігін тигізеді.
Қорытында сабақтарға, кез-келген басқа сабақ
түріндегідей, жұмыстың әртүрлі әдіс пен амалын қолдану
керек, бірақ тотенше орын бұл жерде сұхбатқа жатады.
Әдістемені таңдап алу толықтай бағытталған қорытатын
сабаққа байланысты.
Қорытатын сабақта келесі бөлімдерді белгілеуге
болады:
1. Сыныпты жұмысқа ұйымдастыру (2-3 мин)- мұғалім
сыныптың жұмысқа дайындығын тексереді, сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айтады
2. Белгіленген сұрақтармен сұхбат (35 мин).
Қорытатын сабаққа дайындық барысында мұқият
ойланып сұрақтың тұжырымдау керек. Біріншіден, сұрақта
белгілі шындығындағы материалдық белгісі болуы керек,
басты тақырып түсінігін болудегі басты рольды атқаратын.
Екіншіден оқып білген заттармен құбылыстың арасындағы
байланыс пен өзара байланысты оқушылардың ашуына
көмектесетін сұрақтарды кіргізу қажетті сұхбатқа.
Үшіншіден, белгілі бірзат пен құбылыстың маңызды
жақтарын анықтауға салыстыру сияқты амал ерекше
орынды алады. Сондықтан балаларға белгілі деректерді
салыстырып қарауға, салыстыру сұрақтары берілуі керек.
Қажеттік мөлшеріне қарай, оқып білу кезінде тақырыпты
оқушылар қолданған кейбір көрнекі көмекші құралды
қолдануға болады.
3. Тақырып бойынша қорытындыны мұғалім жасайды
(5 мин). Ол қандай материал және сыныппен немесе кейбір
65
оқушылармен қалай қабылданғанын айтады: (Клепина
З.А. 1975)
Достарыңызбен бөлісу: |