Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 8, 14, 15, 16, 18, 19,
20,21
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18
Тақырып № 5 Оқушының пәндік
компитенттілігін (құзіреттілігін) қалыптастыру (2
сағат)
1.Табиғаттану ұғымдарының қалыптасуы.
2. Табиғаттану ұғымдарының даму әдістемесі.
1.Табиғаттану ұғымдарының қалыптасуы.
«Дүниетану» курсында қалыптасқан
жаратылыстану ғылыми ұғымдарына сипаттама
беруді логикалық-гносиалогиялық категориалар
түрінде көрінетін.
«Түсінік» және «ұғым» - ға анықтама беруден
бастау қажет «Түсінік» термині екі тірлі мәнге, яғни
омонимге ие. Психологиялық әдибеттерде «түсінік»
“қазіргі уақытта сезім органдарына әрекет етуден
қалған адамдардың бурынғы кездері қабылдаған
шындық фактілерінің құбылыстары мен заттарының
сақталынып қалған образы” ретінде талқыланады.
Түсініктер адам есінің ең негізгі мазмұнын құрап
ойлау процесі мен қиял әрекеті үшін ең негізгі
материал болып табылады. Педагогикалық негіздегі
«түсінік»дегеніміз білімнің элементарлы негізі, кейде
47
белгілібір нәрсені тусіндіретін үстіртін білім болып
табылады. Адам күнделікті ой әрекетінде тек
тусініктері арқылы ғана емес, сонымен бірге ұғым деп
аталатын басқакатегориялармен де пайдаланды.
«Ұғым» терминіне берілетін анықтамалардың
саны отыздан астам. Осындай көптеген
анықтамалардың
ішінен
психалогиялық-
педагогикалық әдибеттен келтірімен тен қана екітурлі
анықтаманымысалға келтірейік: «ұғым» дегеніміз өмір
суру белгілерінің біртектілігіне қарай біріктірілген
құбылыстар мен заттардың тутас тобының
тұжырымдалған білімі болып табылады. «Ұғым
дегеніміз-өте күрделі логикалық және гносеологиялық
категория. Бұл біздің материальдыќ әлемнің белгілі бір
обьектілері жөніндегі білімдеріміздің дамуыныњ
кейбір этаптарының нәтижесі. Пайда бала отырып
ұғымның өзі таным обьектісі болады. Сонымен бірге
ұғым ойлаудың бір формасы және мұндай
маѓынадакөрініс береді.
Ұғымдар сезімдік көрнекі формаларға ие емес,
олар сөзде ғана болмақ. Тусінік дегеніміз, көрнекі
түрде қабылданатын белгілі бір затқа тән белгілері
мен түсі, формасы мен құрылысы сияқты сапаларын
сақтап қалушы нақты бір заттардың немесе нақты
біртекті заттардың тізбегінің бір образы болып
табылады.Ұғым дегеніміз жалпы маңызды белгілерге
ие біртекті заттардың тұтас тобының қорытындылап
бейнеленуі. Ұғым осындай маңызды белгілердің
маңызды емес, қосымша белгілерден дерексі здену
жолымен қалыптасады.
Қоршаған әлем жөніндегі білімдер жүйесінде
ұғым өте маңызды рольге ие, өйткені бұлар негізгі
элементтер болып табылады және реальды шындықты
танудың тужырымы болып табылады.
Логикалық категория ретіндегі ұғымға берілген
негізгі сипаттамаларға мыналар жатады: 1) ұғымның
48
мазмұны 2) ұғымның көлемі, 3) нақты бір ұғымның
басқа бір ұғыммен қатынасы мен байланысы.
Ұғымның мазмұны ретінде белгіленген
ұғымдардың көмегімен санада бейнеленетін
құбылыстар немесе заттардың тобының маңызды
қасиеттерінің жиынтығын түсінеміз.
Обьектілер тобының маңызды касиеттері деп
обьектілер тобының барлық басқа обьектілерден
ерекшеленуін атаймыз.
Қоршаған ортаның құбылыстары мен заттарының
маңызды касиеттері «белгілер» деген атауға ие болды.
Мектеп курсындағы «Дүниетану» негізінен, алғашқы
ұғымдарды қалыптастырады, яғни мұндағы мақсат
балаларды өздерінің сезімдік тәжірибелеріне
суйендіре отырып қоршаған әлемнің заңдылықтарын
тусінуге кірістіру болып табылады. Бастауыш
сыныптарында
қалыптасатын
табиғаттану
ұғымдарына: «тірі табиғат;» өлі табиғат; «табиғаттағы
мезгілдік өзгерістер;» өсімдіктер бөлігі; «карта;»
пайдалы қазбалар; «топырақ;» күн мен туннің
алмасуы», «жер бетінің формалары» және тағы да
басқалары жатады.
Ұғымдар мазмұны жағынан күрделі және
қарапайым болып бөлінеді. Бастауш сыныптарын
оқытуда қарапайым ұғымдарды пайдаланудың
негізінде заттар немесе табиғат құбылыстары
жөніндегі білімдердің бір элементтері жатыр.
Оқытудың будан кейінгі этаптарындағы әрбір ұғымдар
біртіндеп дамып, күрделене бастайды. Қурамында
білімнің бір ғана элементі бар алғашқы қарапайым
ұғымдар басқа да қарапайым элементтермен бірлесе
отырып күрделі ұғымдарды құрайды. Мысалы:
қарапайым «көк жиек»ұғымын қалыптастыру кезінде
оқушылар «көк жиек» деген адамның өзін айнала
қоршап тұрған жер деп түсінеді әрі қарай олар көк
жиектің сызығымен танысады. Оқытудың бұдан
49
нейінгі этаптарында оқушылар «көк жиектің» төрт
түрлі негізгі жақтары болатындығын және олар
қозғалыс кезінде өзгеріске ұшырайтындығын біле
бастайды. өйткені «көк жиектің» төрт турлі негізгі
жақтарына солтүстік, оңтүстык, шығыс және батысты
жатқызамыз, сонымен бірге көк жиек қозғалыс
кезінде өзгереді. Сондықтан, «көк жиек» ұғымын
зерттеу кезінде оның мазмұны толығып, кеңейеді
және тереңделеді. Мұны зерттеудің нәтижесінде
оқушылардың санасында «көк жиектің» күрделі
ұғымы қалыптасады.
Ұғымның көлемі ретінде белгілі бір ұғымдармен
қамтылатын немесе белгілі бір ұғымдардың көмегімен
санада бейнеленетін обьектілердің мөлшерін
тусінеміз. Ұғымдар көлемі бойынша, жеке, жалпы
категориыларға бөлінеді. Жеке ұғымдар көлемі
бірлікке тең ұгымдарды жатқызамыз. Ал бірліктен
көлемі асып кеткен жағдайда мұны жалпы ұғымдар
деп атаймыз. Сонымен алдында келтірілген мысал
бойынша, «Дүниетану» курсында қалыптасқан «көк
жиек» ұғымының көлемі үш турлі бірліктерге тең,
олар:, көк жиек сызығы; «солтүстік, оңтустік,батыс,
шығыс сияқты көкжиектің төрт турлі негізі» және
«көкжиек қозғалыс кезінде өзгереді», қоршаған
ортаның букіл заттары мен құбылыстары байланысты
жәнебір бірімен өзара жузеге асырылып отырады
заттар мен құбылыстар арасындағы осындай
обьективті турде өмір сүретін байланыстардың адам
санасында бейнеленуі «ұғымдар арасындағы
байланыстар мен қатынастар» деп аталатын ұғымның
үшінші бір сипаттамасы болып табылады. Ұғымдар
арасындағы қатынастар ең алдымен ұғымдардың
мазмұны және олардың көлемі сияқты сипаттамалары
бойынша олардын қатынастары болып табылады.
Осындай сипаттамаларды және олардың бір
бірімен өзара байланысын ескере отырып, түрлік және
50
тектік ұғымдарды ажыратамыз. Әрбір заттарда бір
жағынан заттар тобына жалпы тән маңызды белгілер,
екінші жағынан заттардын жекелеген тобына тән
ерекше белгілер бар.
Ұғымдармен түсініктерді қалыптастыру
әдістемесінің мәні оқыту кезінде балалардың
санасында болатын күрделі танымдың процесстерді
басқаруда көрініс береді. М.Н. Скаткиннің көрсетуі
бойынша: «оқушыларға білім беру дегеніміз олардың
санасында заттар мен құбылыстар жөніндегі
тусініктерді қалыптастыру, құбылыстардың мәнін
ашу-ұғымдарды қалыптастыру,материалды ортадағы
құбылыстардың заңды байланыстарын ұғындыруға
көмектесу және осылардың барлығын дұрыс және
нақты ауызша немесе басқа да бір формаларға
иелендіру.
Баланың санасында белгісіз бір заттар жөнінде
айқын да нақты түсінікті қалыптастыру үшін, бұл
затты балаларға міндетті түрде көрсету қажет, тіпті
иіскетіп, дәмін сездіріп және мүмкін болса ұстап
көруіне де беруге болады. Бұл кіші жастағы мектеп
оқушылары үшін өте қажет. Оқытушы сабақта
қарастырылып отырған құбылыстар мен заттарды
қабылдау процесін жүйелі түрде басшылыққа алып
отыруы керек. Өйткені ұйымдастырылмаған сезімдік
қабылдау баланың санасында айқын да нақты
түсініктердің қалыптасуына әкелмейді. Мұндай
басшылық балалардың назарын белгілі бір заттың
маңызды ерекшеліктеріне аудартуға бағыттаудың
жолымен жүзеге асырылады. Балалардың назарын
сұрақтардың, әртурлі тапсырмалардың көмегімен
аудартуға болады, өйткені бұлар затқа оның
қасиеттерін көрсетудың мақсатында әсер етудегі
балалардың қызығушылықтарын оятады. Мұнда
маңызды рольге салыстыру әдісі ие.
Ал егер де затты балаларға көрсету мүмкін
51
болмаса, онда оның бейнесі мен кескінің көрсету
керек. Нақ осындай тәсіл арқылы вулкандар, шөл,
сирек кездесетін өсімдіктермен жануарлар жөніндегі
тусініктерді қалыптастыруға болады.
Қарастырылып отырған затты немесе оның
бейнесін қабылдау мен бір уақытта оқушылар
белгіленген затты немесе оның жекелеген сапаларын
анықтайтын сөздерді де меңгереді. Сөздер заттын
образымен байланысты болып, екеуі қосылып бір
тұтастықты құрайды. Сөз бос форма болудан қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |