77
мүмкіндік береді.
Мұғалім тоқсандық немесе жылдық баға қойған
кезде мектеп оқушысының дүниетану сабақтарындағы
күнделікті жұмысы, оны ауызша сұрау,теориялық
білімдерінің жалпы деңгейі және оларды практикада
қолдана білуі жөніндегі өз бақылауларының
нәтижелерін ескереді.
Тест – оқушының білім дәрежесін қандай екендігін
анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда
қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді
жол.
Тест қолдану үшін:
1. Тапсырманың жауабы мен сұрағы қысқа әрі
анық болу қажет 1 сұрақта 3-5 жауап болып, оның 1-еуі
ғана дұрыс болу керек.
2. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатан сақталуы
керек.
3. Тесте берілген сұрақ әр адамға түсінікті
болатындай етіп жазылу керек.
Тесті құрастыруды 3 кезенге бөлуге болады.
4 тестпен сынауды бағдарламалау
5 тестердің жоспарын жасау
6 тестердің мазмұнын жасау
Тест бойнша үй тапсырмасын тексерсе, сыныптағы
барлық оқушылар толық қамтылады. Жауап тез
алынады. Тест дайындаудың
мақсаты – оқушының
білімін тексеру, есепке алу. Тест оқушылардың жас
ерекшелігіне, шама-шарқына лайықты, оларды
ойландыратындай қызықты етіп құрастырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: