Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары
Математика тілі I-вариант
1. 45+х=170 теңдеулерін тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп шешу үшін оқушы мына жазулардың қайсысын жазады
А) х=170-45
Ә) 45+х-45 =170-45
Б) 45+х+45=170+45
В) х=170+45
Г) 45+х-170=170-170
2 .Бастауыш мектепте математиканы оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
А) сабақ
Ә) ойын
Б) үйірме
В) үй тапсырмасы
Г) жаппай жұмыс болып табылады.
3.Көбейту мен бөлудің ерекше жағдайлары
А) 0 және 1-ге байланысты көбейту және бөлу
Ә) 10-ға көбейту
Б) 100-ге көбейту
В) 1000-ға көбейту
Г) 1000000-ға көбейту
4.Килограммның 1/100 бөлігі-бұл
А) 100г
Ә) 1000г
Б) 10г
В) 1г
Г)10000г
5.Математика сабағында дидактикалық ойындар
А) танымдық әрекетті белсендіру
Ә) балаларды ойнату
Б) қатар бойынша жарыс ұйымдастыру
В) материалдың игерілу деңгейін анықтау
Г) тақырыпты жалпылау мақсатында қолданылады.
6.Есеп неше амалмен шығарылады
«Бір дүкенге 24 қап, ал екіншісіне 28 қап картоп әкелінді. Біріншісіне қарағанда екінші дүкенге 160 кг артық әкелінді. Әр дүкенге неше кг картоп әкелінді?»
А) төрт
Ә) үш
Б) бес
В) бір
Г) екі
7.Бастауыш мектепте массаның қай бірлігімен таныстырылмайды
А) миллиграмм
Ә) тонна
Б) центнер
В) грамм
Г) килограмм
8.Жеміс базасында 1550 т картоп бар еді. Бірінші күні дүкендерге барлық картоптың 1/5 бөлігін, екінші күні 2/5 бөлігін алып кетті. Екінші күні дүкеннен қанша картоп алып кеткен
А) 496
Ә) 310
Б) 248
В) 1240
Г) 1550
9.Бастауыш мектепте үй тапсырмасы
А) міндетті түрде тексеріледі
Ә) мүлдем тексерілмейді
Б) кейде тексеріледі
В) кейбір оқушылардың жұмыстары ғана тексеріледі
Г) тексерілмей қалуы мүмкін
10.Неше есе артық?» және «Неше есе кем?» сұрақтарына жауап беретін есеп қай амалмен шығарылады
А) бөлу
Ә) қосу
Б) азайту
В) көбейту
Г) біріктіру
11.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады
А) бір пұт
Ә) екі пұт
Б) жарты пұт
В) ширек пұт
Г) үш пұт
Достарыңызбен бөлісу: |