Бастауыш сынып оқушыларына рухани-азаматтық тәрбиені дарыту Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»



Дата08.02.2022
өлшемі17,62 Kb.
#121519
Байланысты:
баяндама 2


Бастауыш сынып оқушыларына рухани-азаматтық тәрбиені дарыту
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда оқушыға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Рухани-азаматтық тәрбие сәбидің бойында ең алдымен, анасына, өз отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға өскен сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу жұмысын өз алдыма мынандай бірқатар міндеттер қойдым:
Мемлекеттік тілді оқыту;
Ұлттық мәдени мұраны игеру;
Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;
Қазақ халқының тарихын терең меңгерту;
Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу .
Осы міндеттер жалпы адамзаттың және ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білген рухы биік, жігерлі, нағыз отансүйгіш білімгер тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастыру мақсатына бағытталған.
Оқушы бойына рухани-азаматтық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Оқушы отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту - ата - ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай - ақ туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе, әрі қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады. Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды Отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет.
Тәрбиенің жалпы негізі рухани-азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани-азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал менің басты мақсатым - өзіндік рухани-азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани-адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулуымыз керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.
Рухани-азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты- оқушыларда қоғамдық ізгі мұраттарды, отансүйгіштік сезімін, адамгершілік қасиетін, бейбітшілікке ұмтылысын, қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу.
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді. Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, бола-шақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсеткендей, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда жатыр деп түсінемін. Жас ұрпақты рухани-азаматтыққа тәрбиелеу қай елдің, қай кезеңнің болмасын маңызды мәселесі болып келгеніне көз жеткізуге болады. Ендеше, оқушыларға халқымыздың рухани байлығын, мәдениетін, дәстүрін, терең таныстырып, ойшылдарымыздың ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни, рухани-азаматтық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет