Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер



бет23/38
Дата11.12.2021
өлшемі433 Kb.
#99044
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Піл мен тышқан

Ерте, ерте, ертеде піл мен тышқан дос екен. Күндердің бірінде екеуі бірлікте егін салып, астық жинапты. Қамбадағы астықты пілдің иеленіп алуынан қорыққан тышқанның ойына арамдық еніпті. Ол қамбадағы астықтың астынан ін қазып, астықты жер астындағы өз қамбасына таситын болыпты. Әр күні түнде піл ұйқыға кеткен кезде, тышқан ұрлық істейді екен.

Бір күні қамбадағы іннің аузын байқап қалған піл, оны бітеп тастаса, ертесіне тағы да ашылып қалыпты. Тышқаннан сұраса, ол:


  • Мен емеспін, көрген жоқпын, - деп зар-зар етіпті.

Ақыры тышқан бүкіл астықты ұрлап тауысыпты. Бар пәленің тышқаннан келгенін енді ғана сезген аңқау піл ашуы келіп, оған тап беріпті, қуып жетіп, табанымен таптап өлтірмекші болғанда, тышқан інге кіріп, құтылып кетіпті. Осылайша олардың достығы жаулыққа айналыпты. Күні бүгінге дейін пілдің тышқанның інін көрсе, табанымен басып тұрып алатыны сол өшпенділіктен қалған екен.

(Жәди Шәкен) (126 сөз)


Қайда бардым, не көрдім?

Ойын бастаушы:

«Қайда бардым, не көрдің?»

Деген ойын бастайық.

Зерек болса егер кім,

Бәйгені алсын қасқайып,

Бардың дейік орманға,

Не бар екен ол маңда?

Көргеніңді баянда,

Іркілме де, қорғанба.

Көрдің бе:

Гүл, құрақты,

Тал мен қайың,

Бұлақты.

Бәрін,бәрін тізбелеп

Жауабын бер сұрақтың.

Ойын басталды.

Ойын бастаушы:

- Жазда барып өзеннің,

Жағасына бөгелдім.

Кім айтады, кәнеки,

Мен ол жерден не көрдім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет