Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер



бет29/38
Дата11.12.2021
өлшемі433 Kb.
#99044
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Есекқырған

Бұл – күн ұясына батқаннан кейін батыстан туатын жарық жұлдыз. Халық арасында Сары жұлдыз, Бақташы жұлдыз деген бірнеше атауы бар.

Аңызда былай аталады: «Бір күні есектерге жүгін артқан саудагерлер керуені жолай бір ауылға жетеді. Шаршап-шалдығып келген олар алыс жол алдында тынығып алмақ болып ертерек жатып қалады. Бір мезетте керуен басы ұйқысынан оянып, далаға шықса, айнала жап-жарық. Ол бүкіл адамдарын оятып: «Жүрер уақыт болды. Шолпан туыпты», - деп жүруге қамдана бастайды. Есектеріне жүктерін теңдеп, жолға шығып кетеді.

Жүріп келеді, жүріп келеді. Таң ағарудың орнына, қайта қоюланып қараңғылана түседі. Таң атып болмайды.

Осылай келе жатқанда құмды дауыл басталады. Бүкіл есек дауылға шыдамай қырылып қалады. Жандарын әзер сақтап қалған керуеншілер жаяу, өздері шыққан ауылға зорға жетеді. Есін жиған жұрт: «Шолпан туды деп алып шыққан сенсің», - деп керуен басыдан қырылған есектері үшін құн талап етеді. Керуен басы ақталып: «Мені алдап соққан жұлдыздың өзі, сенбесеңдер көрсетейін», - деп барлығын сыртқа алып шығады. Жарқырап тұрған жұлдызды көрген адамдар «Расында да таң атып қалған ба?» деп жағаларын ұстапты. Сөйтсе бұл күн батқан соң батыстан көтерілетін жұлдыз екен.Содан бері ол «Есекқырған» деп аталып кетіпті». (177 сөз)
Қоңыр аю

Аю - өте ірі аңдардың бірі.

Қоңыр аю біздің еліміздің оңтүстік аудандарында (Тянь-Шант сілемдері мен Алтай тауларында) және ормандарда кездеседі. Олар жазықта да, таулы аймақтарда да, қайда қираған ағаштар, батпақ, көлшік сулары бар меңіреу орман болса, сонда тіршілікі етеді. Олар аса әккі аугер, алайда олар бәрін де жейді, көбінесе жеміс-жидек, шөп тамырларымен қоректенеді, құрт-құмырсқа, личинкаларды қазып жейді, бақа, балықтарды ұстайды. Аю аса балқұмар, ол балға аузы тиген соң араның шаққанына да қарамайды.

Күзде қоңыр аю көктемге дейін тыныш ұйықтап шығатын сенімді баспаның қамына кіріседі. Оның қыста қоректенуі де, қалың қарда жүруі де қиын. Егер күзде семіріп май жинап алмаса, аю апанында жатпайды. Қыс бойы долданып, аш құрсақ жүріп күн кешеді. Мұндай «қаңғыбастар» өте қауіпті. Аюдың ұйқысы сергек болады, ұйқы кезінде дене температурасы төмендейді. Кірекейі апанда былтырғы қондықтарды қарауға көмектеседі, сондықтан өткен жылғы қонжықтарды орыс халқы «пестун» (көмекші) деп атаған. Қонжықтар енесімен екі жылдай бірге жүреді. Аюдың қонжықтары қаңтар-ақпан айларында дүниеге келеді, олар жарты килограмм болып туады және көктемге дейін баяу өседі. Есейе келе аюдың тұрқы 2,5 метрге, салмағы 750 кг-ға жетеді. Қоңыр аюлар 50 жылдай өмір сүреді.

(179 сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет