АУРУДАН АЯНҒАН КҮШТІРЕК
Сейіт жол үстінде жүгіріп бара жатып, бір арбаға келіп аңғарусыз соғып кетіп, аяғын сындырып алыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармапты, қабағын да шытпапты. Сонда сынықшы кісі:
Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың, - деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап:
Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп жатыр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, шешемнің жаны онан жаман қинала ма деп сабырлылық қылып шыдап жатырмын, - депті.
(85 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |