Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық шарттары



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі75,56 Kb.
#155229
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Желдибаева статия Канада 2022ж


ӘӨЖ 37.013.43


Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық шарттары

Желдибаева Айша Мадибековна


Магистыр аға оқытушы кафедра «Педагогика»
Шымкент университеті, (Шымкент қ. Қазақстан)

Мектептiң бiлiм берудегi қызметi негiзiнен сабақ барысындағы оқыту, тәрбие процесiне негiзделген. Сондықтан бастауыш сыныптардағы сабақтан тыс жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстары, бiрiншiден, оқу iсiмен тiкелей байланысты жүргiзiлсе ғана сәттi, нәтижелi болады. Өйткенi бiрiншi сынып оқушыларының түсiнiгiн бойынша олар тек оқуды ғана ең маңызды деп есептейдi, екiншiден сабақтан тыс жұмыс алғашқы кезде өзiнiң формасы жағынан сыныптағы оқу жұмысы нақты, дәл ұйымдастырылған болса ғана тиiмдi болады. Бұл шарттарды қатаң сақтаған жағдайда ғана бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы өз бiлiмiн жетiлдiруi iске асады. Мысалы: мұғалiм бағдарламалық тақырыпқа қосымша әдебиеттердi, тақырыптарды қолданғанда ғана оқушы сол тақырып туралы ойланып, iздене бастайды. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының оқуына, оқу мәдениетiне мұғалiм басшылық жасап отыруы қажеттiгiне көзiмiз жеттi.


Мектептің І-ІV сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастырғанда әрбір оқушының өзіндік табиғи қабілеттілік ерекшеліктерінің ашылуына себепші болуы керек. Мәселен, сабақ барысында немесе сабақтан тыс уақытта әңгіме оқып беріп, белгілі суретті көрсетіп соны талдағанда оқушының басқаларға сенімсіздікпен қарап, өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысуы, олардың ойлауы мен оқуға деген белсенділігін ынта-ықласын арттырады.
Оқушының оқуға деген ұмтылысы оның даму кезеңдеріне де байланысты. Дамудың түрлі кезеңдеріндегі балаларға тән тұрақты қасиеттер мен жеке бастың қасиеттері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты І-ІV сынып оқушыларының психикасы табиғи даму процесі мен тәрбиесіндегі жағдайдың әсері арқылы жүзеге асырылатын елеулі өзгерістерді бастан кешіреді.
Осы себептен де белгілі бір жастағы кезеңдер өзгеріссіз, тұрақты болып қалмайды. Жас ерекшеліктері туралы айтқанда, даму процесінде балалардың белгілі стандарты жоқ. Бірдей жастағы балалардың әрқайсысы өзінше, жеке-жеке дамиды. Әр бала түрлі қарқынмен дамиды, олардың бойындағы жалпы тұрғыдағы жас ерекшеліктері түрліше көрініс беріп отырады.
Бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері немен анықталады дегенде, ол дамудың ішкі шарттарының үйлесуімен, яғни психикалық процестердің жеке бастың қасиеттері (есте сақтау, ойлау, сезім, ықылас, ерік күші, т.б.) мен сыртқы өмір жағдайларының белгілі бір дәрежесімен бала қызметінің мазмұнымен, формаларымен, оны қоршаған ортамен, яғни ересектермен, жолдастарымен қарым-қатынастарында анықталады. Сыртқы жағдайлардың ішінде оқушылардың жан-жақты дамуына себеп болып отыратын негізгі қызмет болып саналады. Бұл ұғым баланың даму сипатына шешуші, басты бағыттаушы әсер ететін оқу іс-әрекетімен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті ойын болса, ал бастауыш мектеп жасындағы балалары үшін ол – оқу болып табылады[1].
Мектепте оқу, сол арқылы оқу үрдісіне араласу, сыныпта бірге оқитын оқушылармен, жасы үлкен құрдастарымен істес болу осы жас мөлшеріндегі балаларға тән ерекшеліктерді көрсетеді. Мектеп оқушылары-ның оқу процесінде олар өзінің жаңа міндеттері мен істерінің маңыздылығын, қажеттілігін терең түсінетін болады, сондықтан да жаңа талаптарын бар ықыласымен қабылдап, оларды орындауға құлшына кіріседі.
Бастауыш сынып оқушылары өте иланғыш, сенгіш келеді, олар беделді адамдарға оның ішінде өзінің мұғаліміне еліктеуге тырысады, сол себепті де мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасын, оның мәдениетін, адамгершілігін оқушылар тез қабылдайды да, ол сынып ұжымы ішіндегі өзара қарым-қатынасқа ауысады. Еліктеушіліктің арқасынада балалар мұғалім мақтаған балаға, немесе кітаптағы ақылды балаларға ұқсауға тырысады. Мәселен, мұғалім сыныптағы белгілі бір оқушының үй тапсырмасын өте ұқыпты әрі дұрыс орындағандығы туралы айтса, басқа оқушылар үйге берілген тапсырманы таза, әрі ұқыпты дұрыс орындауға тырысады. Бұл құбылыс оқушылардың жас ерекшелігіне тән құбылыс[1].
І-IV сынып оқушылары оқу материалдарын қабылдауда олардың ішкі маңызды мазмұнынан гөрі, оның сыртқы белгілерін, ерекшеліктерін көбірек қабылдау байқалады. Бұл мұғалімнің оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргінде, олардың зейінін дұрыс бағыттай білуіне, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыра түсуіне байланысты.
Психолог ғалымдардың дәлелдеуі бойынша бастауыш сынып оқушыларында байқағыштық қабілет өте жақсы дамиды. Бірақ олар бір-біріне ұқсас заттар мен құбылыстардың белгілерін, ерекшеліктерін, қасиеттерін ажырата алмайды. Нәрселердің бір қарағанда көзге түсе қоймайтын нәзік белгілерін, ерекшеліктерін байқау үшін адамда байқағыштық қасиет болуы керек. Мұндай қасиет мұғалімнің және ата-ананың жәрдемімен оқушыда бірте-бірте қалыптасады. Байқағыштық қасиеттің тез қалыптасуына оқу-тәрбие процесіндегі мұғалімнің оқушыға қойған талабы мен отбасы тәрбиесінің бір-біріне ұштасуы айрықша әсерін тигізеді. Оқушының ой-өрісін дамыту үшін оқу материалын түсіндіріп қана қоймай, оны өз өмірінде қолдана білуіне үйрету қажет. Ол үшін оқушының қабылдауындағы нақты пайымдауын қалыптастырған жөн [2,].
Бастауыш сынып оқушысының нақты пайымдауын дамытуда заттар мен құбылыстардың ұқсастық және айырмашылық ерекшеліктерін салыстыра түсіндіру нәтижелі болатындығын педагогикалық-психологиялық эксперименттер дәлелдеп отыр. Оқу процесінде қабыл-даудың қанша көп сезім мүшелері қатынасса, қабылдау мазмұны да сонша арта түседі. Бұл психологиялық жағдай мұғалімнің оқыту процесінде оқу материалдарын ауызша айтып қана қоймай, көрнекі және техникалық құралдарды тиімді пайдалану және оқу мәдениетіне көп көңіл бөлуін ескертеді[5]. Оқушылар оқу материладарын естіп қана қоймай, оның кейбір бөліктерін көзбен көріп, қолмен ұстаса, олардың саналы әрекетін арттыра түседі. Оқушының ақыл-ой әрекетін дамыту үшін оларды сабаққа зейінді болуға тәрбиелеу керек. І-ІІ сынып оқушының зейіні бір объектіден екінші объектіге тез ауысып тұрады. Оқушылар білімінің тұрақты, көлемді терең болуы мұғалімнің сабақты қызықты, тартымды өткізуі оның оқу мәдениетіне байланысты.
Мұғалім оқу материалдарын түсіндіргенде, шешен сөйлеу, сан алуан әдіс-тәсілдерді қолдану оның шеберлігі арқылы оқушының назарын өзіне аудара алады.
Оқушылар аса назар қойып тыңдау кезінде мұғалімнің ой-өрісі оқулықтағы материалдың көлемінен аспаса, дауыс ырғағы, мимикасы бір келкі болып, оқушыларды ынталандырмаса, онда оқушылардың қабылдауы да нашар болады. Өте тәжірибелі іскер мұғалімдер сабақты түрлендеріп оқушылардың ынтасын арттырып, оларды тыңдатуға мәжбүр етеді. Мұндай мұғалімнің сабағы 45 минутта бітпеген тәрізді болып оқушылар үзіліс кезінде де сабақтан алған әсерінен арыла алмайды.
Оқушылар оқу материалдарын түсініп қана қоймай, оны керек
жерінде, яғни тәжірибеде қолдана білсе, ой-өрісінің өскендігінен дерек
білдіреді. Оқу-тәрбие жүйесінде кейбір оқушылар оқу материалдарын
жете түсіну үшін қосымша кітаптар оқиды. Бірақ барлық мектепте
оқушының өз бетінше ізденуіне қолайлы жағдай бола бермейді.
Сондықтан мұғалім жаңа материалды өткен уақытта қосымша әдебиеттер тізімін атап қана қоймай, олардың мазмұнын оқулықтардағы деректермен байланыстырып оқушының ақыл-ой әрекетін дамыта түседі. Ал кейбір мұғалім оқулықтағы материалдардың шеңберінен алысқа кете алмай, оқушының интеллекттік сезімін дамыта алмайтыны да белгілі.
Бастауыш сынып оқушысының ойлау қабілеті көбінесе көрнекілік арқылы және нақты образдық түрде қабылданатын болады. Дегенмен нақты фактілерге сүйене отырып, олар абстракты-логикалық түрде ойлай алады.
Психолог ғалым Л.С.Выготский – “Бастауыш сынып оқушысының ойлауы қабылданған нәрселерін есте қалдыру және еске түсіру дәрежесінде ғана болады” – деп тұжырымдайды [3].
Бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы бойынша оқушының оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға жеткілікті мөлшерде сағат белгіленген.
Психолог, педагог ғалымдар оқыту барысында дағдының қалыптасуын белгілі үш кезеңге бөлді. Олар: аналитикалық, синтетикалық және автоматталған кезеңдер. І-ІІ сынып оқушылары да оқу, жазу, сөйлеу дағдыларының аналитикалық кезеңі, ІІІ-ІV сынып оқушыларына қарағанда күрделі де қиын болады [4]. Олар өздерінің қимыл-әрекетінде ой-операцияларында көптеген қателіктер жіберіп, оқуға деген ынтасын, талап-тілегін жоғалта бастайды. Осы кезеңде тәжірибелі мұғалімдер олардың қателіктерін, кемшіліктерін дер кезінде көрсетіп, дұрыс бағыт беру арқылы дағдыларын белгілі бір жүйеге келтіреді. Ал оқу мәдениетін дұрыс меңгермеген мұғалімдер оқушының кемшіліктері мен қателіктерін байқай алмай, олардың оқуға бейімделген ынта-жігерінің жалынды отын сөндіре бастайды. Осының салдарынан оқушының оқуға деген белсенділігі төмендеп, сабақ үлгерімі нашарлап, олар тәртіпті бұзушылық, басқа нәрселерге алаңдаушылық сияқты жарамсыз қылықтары байқалады.
Демек, оқу процесінде оқушының білімі, оқу мәдениетінің жетілуі - әр мұғалімнің негізгі міндеті және олардың оқыту шеберлігіне байланысты екенін естен шығармағанымыз орынды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет