ӘОЖ 37.013:81(574)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Құрал Г.Б. 2 –курс Т102-17 топ студенті
Ғылыми жетекшісі
Ережепова Д.Т. магистр - аға оқытушы
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Резюме
В статье рассматривается психолого-педагогическая характеристика учащихся начальных классов
Summary
The article deals with the psychological and pedagogical characteristics of primary school students
Қазіргі уақытта бастауыш мектептің оқыту кезеңіне сәйкес келетін кіші мектеп оқушыларының жас шамасы 6-7 жастан 9-11 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде мектептегі жүйелі оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ететін баланың әрі қарайғы дене және психофизиологиялық дамуы жүзеге асады.
Мектептегі оқыту бастамасы бала дамуындағы әлеуметтік жағдайды түбірімен өзгеріске әкеледі. Ол «қоғамдық» субьект болып табылады және әлеуметтік мәні бар міндеттерге ие болады, оған қоғамдық баға алады. Кіші мектеп жасында қоршаған адамдармен жаңа қарым-қатынас түрі қалыптаса бастайды.
Кіші мектеп жасында оқу әрекеті жетекші болып табылады. Ол осы жас сатысындағы балалар психикасы дамуында болып жатқан маңызды өзгерістерді анықтайды. Оқу әрекеті шеңберінде кіші мектеп оқушыларының дамуындағы айтарлықтай жетістіктермен сипатталатын психологиялық жаңа өзгерістер қалыптасады және келесі жас сатысының дамуын қамтамасыз ететін іргетасы болып табылады. Бірте-бірте бірінші сыныпта соншалықты күшті болған оқу әрекетіне деген ұмтылысы төмендей бастайды. Бұл оқуға деген қызығушылықтың төмендеуімен байланысты. Оқу әрекетінде баланың қызығушылығын төмендетпеу үшін жаңа ерекше мәнді мәселелерге назар аудару қажет.
Ең алдымен әр ұлттың, әр халықтың дәстүрлі ойлау машығы, қабылдау ерешеліктері болатынын ескерген жөн. Осы орайда, алғашқы ғылыми психо-педагогикалық еңбектердің авторларының бірі М.Жұмабаев: «Жаратылыстану құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс»,- деген еді.
Бүгінгі таңда халқымыздың өмірі, тұрмыс-салты, кәсібі мүлде өзгерді. Алайда ұлттық ойлау машығымыз, дүниені қабылдау ерекшеліктеріміз тіліміз арқылы сақталып қалды. Қазіргі қазақ
Достарыңызбен бөлісу: |