2013-2014 оқу жылы ақпан айының 22-21 аралығында бастауыш сынып апталығы болып өтті. Бастауыш сынып апталығына әдістемелік бірлестігі жоспар құрып, бекітті. Апталық жоспарға сәйкес өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері өз іс-тәжірбиелерін ашық сабақ өткізу арқылы ортаға салды.
0 «а» сынып мұғалімі Шактаева С.Б сауат ашу пәні «К дыбысы» тақырыбында сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, к дыбысы бар сөз туралы түсініктерін қалыптастыру, сөйлемді сөзден ажырата білу қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ашық сабақ өтті.
Шактаева С.Б
1«а» сынып мұғалімі Булатова П.Ш математикадан «4+4» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді, интерактивті тақтада слайдтар қолданып, қызықты да тиімді өткізді. Сабақта шығармашылық тапсырмалар, сергіту сәті, ойын-есептерге оқушылар белсенді қатысты. Сабақ қызықты өтті, мақсатына жетті.
Булатова П.Ш