Бастауыш сыныпта «КӨркем еңбек» ПӘНІҢ ОҚыту ерекшелігі



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі19,45 Kb.
#92883
1   2   3   4
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІҢ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

«Көркем еңбек» пәнінің блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері көркем еңбек сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие процесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский. Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші".
Мектеп оқушыларының көркем еңбек арқылы танымдық іс-әрекеттерін арттырудың маңызы жоғары болып табылады. Олардың кеңістіктегі заттарды көре алуы мен ойлауын дамыту бүкіл дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасай алуы керек. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттырудағы рөлі ерекше екенін байқауға болады. Олардың оқуға деген қызығушылықтары артып қана қоймай, алған білімдерін іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қаты настарда қолдана алады деп ойлаймын. Сол себепті де осы көркем еңбек сабағында іске асқан іс-әрекеттердің бәрі дерлік тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет