VІ. Үйге 388-жаттығуды жазып келу тапсырылады.
VІІ. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.
2-сыныпта «Сын есімдерді» оқытудың басты мақсаттары төмендегідей.
1.Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту
2.Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету.
3.Белгілі бір нақты заттың әрі алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап айтуға баулу.
4.Сын есімді ауызекі және жазбаша сөйлеу тілдерінде мағынасына қарай дәл таңдап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.
Оқушылар заттың сынын білдіреті сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? Сұрақтары қойылатынын да біледі. 2-сыныпта оқушылардың сол ұғымдарда кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |