Онкүндік барысында әрбір мұғалім белсене қатысып, ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Сабақтарда заман талабына сай жаңа технология элементтерін пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді.
Қаңтардың 24-і күні Н.К. Нартова 4 «б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Г.Х.Андерсен «Дикие лебеди» тақырыбында ашық сабақ және А.С.Баялина 0 «а» мектепалды даярлық тобында сауат ашу пәнінен «Ж джыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Қаңтардың 25-і күні С.А.Суворкова 1 «б» сыныбында сауат ашу пәнінен « Э дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ, Т.В. Ходаковская 3 «б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Дуров « Лео и Васька» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |