Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет13/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС

Петр Алексеевич Завитаев (1890-1970) бастауыштағы табиғаттану пәнін оқыту әдістемесін жетілдіруге көп үлес қосқан адам. Оқушыларда табиғаттанымдық ұғымдарды қалыптастырудың жолдарын және жаратылыстану материалдарын оқыту әдістерінің ерекшеліктерін талдап көрсеткен. Оның өте ерекше талдаған тұстары заттаныту сабақтарын ұйымдастыру жолдары мен мектеп үлескісіндегі сабақ түрлері болды. Оның пікірі бойынша политехникалық білімнің негізін бастауыштағы табиғаттану пәнін оқыту арқылы қалауға болады. Табиғаттануды оқытуда тәжірибе, бақылауәдістерін кең қолданумен қатар топсаяхатқа шығу ,заттаныту сабақтарын ұйымдастырудың бәрі де әр түрлі көрнекі құралдарды кеңінен қолдану арқылы ғана нәтижеге жететіндігін дәлелдеп, соған арналған әдістемелік нұсқау жазған. Оның басты еңбектерінің қатарына "1-4 сыныптардың оқу-тәжірибе үлескісі"( Учебно- опытный участок 1-4 классов), "1-4-сыныптарда табиғатты оқыту сабақтарын жабдықтау" (Оборудования занятий по изучению природы в 1-4 классах), "Бастауыш сыныптардың жаратылыстану сабақтарында тәжірибе жасауды жабдықтау" (Оборудование для опытов на уроках естествознания в начальных классах) т.б жатады.

Осы жоғарыда келтірілген авторлардың еңбектері тек орыс метептерінің дамуына ғана емес, қазақ мектептеріндегі сабақ берудің әдістемелік тұрғыдан жаңаруына әсері тиді. Қазақ мектептері негізінен аударма оқулықтармен жұмыс істегендіктен орыс әдіскерлерінің әдістемелік еңбектері де аударылды. Әдістемелік нұсқаулар бағдарлама талаптарына қарай бағытталып отырды.

1937жылғы оқу бағдарламалары 1946-47 оқу жылына дейін мектептерде пайдаланылып келді. Бұл тұста қабылданған бағдарламалардың бірнеше жетістігі болды:

1.Оқушыларға табиғаттан берілетін білімнің диалектико-материалистік тұрғыдан берілуі көзделіп, әрбір ұғымды ғылыми тұрғыдан түсіндіруге көңіл бөлінуі;

2.Оқушыларға жүйелі білім беру үшін ауа, су, өсімдік, жануар, адам туралы оқытып, олардың бір-бірімен байланысты қаралуы. Сондықтан да бағдарламада "Оқушылар зерттеп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы айырықша белгілеріне қарап, қатесіз танып, аттарын атап білуі керек. Өсімдіктер мен жануарлардың тұлғаларының, басты мүшелерінің аттарын атап, көрсете білу, олардың қайда мекендеп, немен көректенетінін, өзіне тамақты қалай табатынын білетін болсын. Мұнымен қатар, оқушылардың кейбір өсімдіктер мен жануарлардың қалай өсіп-өнетіні туралы нақты ұғымдары (бақаның, көлбақаның, бұршақ өсімдігінің) болуы керек"8 –деп көрсетті.

Сонымен қатар, 1937-38-жылғы оқу бағдарламаларында елеулі кемшіліктер де кездесті. Оқушыларға таныстыру үшін қамтылған тірі табиғат обьектілерінің кейбіреуі олардың түсінігіне ауыр соғатын, жақыннан бақылап, көздеріне елестетуге келмейтін нысандарды қамтыды. Мысалы қосмекенділір туралы ұғым беруде "Крокодил, оның сыртқы қабығының қорғаныштық маңызы", "Өсімдіктер тіршілігі" тарауы бойынша саңырауқұлақтар және папортниктер, майқарағай т.б. тақырыптар енді.

Бұл оқу бағдарламасы мектептерде 1946-47 оқу жылына дейін қолданылып келді.

1946-47 оқу жылы бастауыш мектептегі оқу тәрбие жұмысының барысы барлық Республика мектептері бойынша тексеріске ұшырады. Осы тексеріс кезінде табиғаттану пәнінің өте төмен дәрежеде оқытылытыны айқындалды. Мұнда мұғалім қадрлардың жаратылыстанулық материалдарды жергілікті жер табиғатымен байланыстырып оқытуға дайындықтарының жоқтығы, сабаққа керекті көрнекі құралдар мен таратып беретін материалдардың мүлдем жетіспейтіндігі, анықталды. Табиғаттану сабағын мұғалімдердің сөздік әдіс арқылы оқулықтан оқып, түсінігін айтқызумен қанағаттанатыны, бұл жаратылыстан ғылыми ұғым беруге негіз сала алмайтындығы белгілі болды. Мектептегі сабақ беруден кетіп отырған кемшілікті жою үшін, алдымен тез арада оқу құралдарын шығарып, онымен қамтамасыз етудің мүмкіндігі жоқ болғандықтан, 1-3 сыныптардағы табиғаттану пәні оқу жоспарынан алынып тасталды да 4-сыныпта тек өлі табиғатты оқыту керек деген шешім қабылданды. Табиғат жайында берілетін ұғымдар ана тілі пәнінің құрамына енді. Міне бұл кезең бастауыш сыныпта жаратылыстану материалдарынан білім берудің төмендеп кеткен кезі еді.



1958-жылы "Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халыққа білім беру жүйесін онан әрман дамыту туралы Заң" қабылданды. Заңда Совет мектебінің өркендеп, аса көрнекті табыстарға жатуіне қарамастан, орта білім беретін мектептердің коммунистік құрылыстың талаптарынан артта қалып келе жатқандығы атап көрсетілді. "Бұл кемшіліктердің бастысы- оқудың белгілі дәрежеде өмірден қол үзгендігі"9- екені айтылды.

Осы Заңға байланысты білім жүйесі қайта қаралып, жаңа бағдарлама қабылданған кезде оқушыларды өндіріспен таныстырып, еңбекке баулитын, политехникалық білімді жүзеге асыру ескерілді. Сондықтан да оқушыларды өмірге баулитын пәннің бірі бастауыштағы табиғаттану пәні екені ескеріліп, 4-сыныпта табиғаттану мен география бұрынғыдай жеке бөлінбей, тірі және өлі табиғаттан түсінік беретін табиғаттану пәні ендірілді. Оқуды өмірмен байланыстыруды жүзеге асыру үшін әр өлкенің өз табиғатын оқытуға көңіл бөлініп, бағдарламаға "Біз тұрған жер" тарауы ендіріліп, оған 12 сағат уақыт бөлінді. Бағдарлама бойынша " … балалардың өздеріне жақын да таныс образдар мен фактілерге сүйене отырып, олардың айналадағы табиғатпен, адамдардың еңбек саласындағы тіршілігімен үнемі таныстырып отыруды"10 мұғалімдерге тапсырды. Табиғаттану пәнінің 4-сыныпта жеке пән ретінде оқытылуы мұғалімдер қауымының біраз ізденістерін тудырды. Осы тұста М.Н.Скаткиннің " Табиғаттану" оқулығы жарық көрді.11 Оқулықта оқушылардың тәжірибе жасау арқылы оқып үйренуіне жағдай жасайтын ауа, су, топырақ олардың қасиеті мен пайдасы жайындағы материалдардың енуімен бірге, бақылау жүргізуге ыңғайлы табиғат құбылыстары туралы да материалдар енді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет