Тақырыбы: Бастауышым –балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; 2. Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білім дерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.НА САЙТ
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, шарлар. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. Мұғалім:
Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер білім шыңына. Бастауыштан қанасың, Білімнің нәрлі сырына
- Бүгін, біз 18 – сәуір мен 23 сәуір аралығында өтетін «Бастауышым –балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың!» атты бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің онкүндік іс - шарасын ашқалы отырмыз.
Қазір әр сыныптан 1-1 оқушы ортаға шықсын. Бізде ортада жорық белгілері балалардың көмегімен көрсетіліп турады, сол бойынша аялдамалардан өтеміз. Әр оқушыға тапсырма беріледі. Мәреге қай сынып оқушысы тез жетсе сол сынып үздік сынып деп табылады.
аялдама: «Жұмбақтар»
Он бір түйе, бес жылқы. Екі сиыр, бес ешкі Екі қоян үш түлкі Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28)
Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма Бір алма бер досыңа Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24)
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)
Қане есептеп алыңдар. (10 адам әке- шешесімен қосқанда)
Ойлап тұрсаңыз өмірде бәрі есеп,
Ауырсаңыз ішетін дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз- ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп – дей келе апталығымызда өтетін сабақтарымыз да басым бөлігі математика сабағы. Әрқашан есігіміз ашық. Олай болса бастауыш сынып табалдырығында білім алып отырған бүлдіршіндеріме сөз кезегін беремін
Бастадым білім нұрын бастауыштан, Жанымен сіңді сенің асыл киең. Сарқылмас бастауысың ұлылықтың, Бастауыш саған мәңгі басымды ием.
Әр жыл сайын қаруланып біліммен, Бала шақтан болашаққа ұмтылған. Жайнаттың үмітімді біліммен, Бастауышым бізді алға бастаған.
Әрқашанда білім көптік етпеген, Талапсыз жан мұратына жетпеген. Сәлем бердік өрендерге талапкер, Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен
Бастауышым - бал бұлағым Лаулап жансын шам - шырағың Өзің берген біліміңмен Самғап ұшты тау қыраның
Бастауышым - балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып, Рахметімді жаудырамын.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең - ақ мақтанышым, Білім алып, тер төгем, еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Кітапты оқымайды сыйламаған, Білімге жанын танып қинамаған. Өсірген кімнің болсын ой - өрісін, Сол кітап бас ақылшы күнде маған.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады, Деуші едің,- білімменен күш толады Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол, Ақылмен іс істесең іс болады..
Нағыз білім - ырыс, бақ, Дүниені тұр ұстап. Енді біздер сабаққа, Кірісеміз дұрыстап.
Білім аққан сел дейді, Бірақ оңай келмейді. Ала білсең білім көп, Ақыл - ойға кен дейді.
Мәре болған білімге, Мән көп ана тілінде. Сөз беремін алдымен, Сүйкімді біздің тілдерге.
Қорытынды: Балалар ата - аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алайық. Ел - болашағы мына сендердің қолдарыңда
Бастауыш сынып апталық бағдарламасы
Бастауыш сынып апталық бағдарламасы
сынып
тақырыбы
пәні
күні
уақыты
1 «А»
Әріпті өрнек а+3 және а-3
математика
19.04
сағ 9.50
3 «А»
Көбейту және бөлу 81*6 және 486:6
матем
20.04
сағ 1040
0«Б»
Сандар сиқыры
матем
20.04
сағ 14.45
3«Б»
Распространение предложение второстепенными членами
рус.язык
21.04
сағ 9.50
2-4«А»
Амалдардың орындалу тәртібі
матем
22.04
сағ 9.50
1«Б»
Двухзначные числа
матем
22.04.
сағ 10.40
0«А»
Сандар әлемі
матем
22.04
сағ 14.45
сынып
тақырыбы
пәні
күні
уақыты
1 «А»
Әріпті өрнек а+3 және а-3
математика
19.04
сағ 9.50
3 «А»
Көбейту және бөлу 81*6 және 486:6
матем
20.04
сағ 1040
0«Б»
Порядковый количественный счет от 1 до 10
матем
20.04
сағ 14.00
3«Б»
Распространение предложение второстепенными членами