ұрпағын тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінің құрылымы осы үрдістің
шешімін табуға бағытталған міндеттерінің реттігін көрсетеді.
Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйтқысы
болғандықтан, біздің сыныптағы тәрбие үрдісі
мынандай бағыттары
төмендегідей:
1.Саяси және құқықтық
мәдениет тәрбиесі
2. Ұлтжандылық тәрбиесі.
3. Рухани – адамгершілік
тәрбиесі.
Оқушыларды ғылым,
мәдениет, өнер аясында
қоғамдық құндылықтарға
бейімдеу.
Өмірлік ұстанымы-жеке
тұлғаның құқығы.
Жеке тұлғаның мүмкіндігі мен
қалауын әлеуметтік
талаптарын ескере отырып,
бейімділігін, қабілеттілігі
мен қызығушылығын дамыту.
Оқушылардың жеке және
қоғамдық түсінігін
дамытатын танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру.
1.Дидактикалық
жүйе
2.Тәрбиелік
жүйе.
3.Қарым-қатынас
жүйесі.
Ата-аналардан сауалнама алу арқылы отбасының тәрбиелігін зерттеп, олардың
жауапкершілігін арттыруға болады. Өзім жетекшілік ететін сыныптың
ата-аналарын бала тәрбиесі мәселесінде қызықтыру мақсатымен анкеталық
сұхбат жүргіздім. Әртүрлі анкеталық сұрақтар таратылды.
Мысалы: «Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?»,
«Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз, балаңызға үйреттіңіз бе?»
-деген сұрақтар қою арқылы ата-аналарды ынталандырып,
жауаптарын білдім. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды
педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес.
Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.
Мұндай міндетті шешу үшін тәрбие жұмысы жоспарымда:
1-ден оқушылардың отбасын зерттеу;
2-ден ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;
3-ден сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;
4-ден ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу, тәрбие үрдісінің
барысымен жүйелі таныстыруды қамтамассыз ету жұмыстары міндетті түрде қамтылған.
ІІ. Бала тәрбиесіндегі негізгі міндеттерім:
Бірінші міндет - тәрбиелік және
дамытушылық
маңызы бар әрекет ұйымдастыру.
Екіші міндет - ұжымды ұйымдастыру
және дамыту;
Үшінші міндет - оқушы тұлғасының қалыптасуына
көмектесу, оның қабілеттерінің,
қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи
күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Төртінші міндет - патриоттық тәрбиені нығайту.
Оқушылардың бойында ұлтаралық және
этникалық қарым-қатынас мәдениетін көтеру
Осы мақсатта 2008-2009 оқу жылынан бастап сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін «Дарын» атты шығармашылық топ ұйымдастырдым. Сыныптағы бұл ғылыми ұйымның негізгі міндеті-оқушылардың өзіндік шығармашылық іскерлігін арттыру және жоғары дәрежедегі зерделі тұлғаны дайындау мен оқушылардың ғылыми ізденушілігін, оқу-танымдық қызметін жандандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдау. Сондай-ақ оқушылардың ой-таным және шығармашылық қабілеттерінің қозғалыстарын диагностикалау, оқу-тәрбие үрдісінде псхологиялық зерттеулердің көрсеткіштерін пайдалану, білім мазмұнын арттыру арқылы жеке тұлғаға жан-жақты жағдай жасап, бағыт беру. Оқушылардың ғылыми ұжымының қалыптасуы мен жұмыс жасау барысында қазіргі таңда сыныбымызда жоба жұмыстарына дайындау технологиясы жасалған. Осындай жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін көрсете бастады.
2 "ә" сынып оқушыларының
білім сапасы
Пән үлгерімінің мониторингі
Рамазан Алдияр аудандық
“Патриоттық әндер” байқауында ІІ орын
25 қазан Республика күніне арналған Фестивальда
“Үздік ән”байқауында І орын
Тохтаханова Нұрай
Мектепішілік “ Күзгі ару”
байқауында
“Сымбатты ару”
номинациясының иегері
2 “ә” сыныбы Мектепішілік
“Көңілді старт” байқауында ІІ орын
Оқушыларымның жетістіктері
●2003 ж.- Алматы облысының Білім департаментінің құрмет грамотасы
●2004 ж. – аудандық «Бастауыш сынып мұғалімі – 2004» ІІ орын.