6-МӘТІН. ҒАЛАМТОРДЫҢ ҒАЛАМАТЫ
2
Youtube – Жер шарындағы ең ауқымды бейнематериалдардың кешені. Мұнда кез-келген адам өзінің туындысын (видеоматериал), идеяларын бүкіл әлемге паш ете алады. Қазір үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар саны артуда. Жыл сайын қараушылар саны 40%-ға көбейіп отыратын Youtube туралы не білесіз?
Қазақстандық интернет қолданушылардың 79%-ы 18 жастан асқандар, яғни белсенділік 18-24 жас аралығы. Соның ішінде 35% Youtube-тың тұрақты қараушылары.
Оның артықшылықтары:
— Youtube.com сайтына қолданушылар бірнеше форматтарда бейнематериал сала алады: mp4, OGG, avi, mpeg, DV, DivX, Xvid;
— Қай форматта салынса да, Youtube оларды автоматтты түрде Flash Video – mp4 форматына ауыстырады;
— Бірнеше жолдар арқылы Youtube-тан видео жүктеуге мүмкіндік бар. 2009 жылы тікелей Youtube-тың өзінен жүктейтін функциясы болған, бірақ 2011 жылы ол функция жойылды;
— Орташа жылдамдықтың өзінде мұнда видеоматериалдарды еркін тамашалауға болады;
— Күніне 2 млрд қаралым болады;
— Бір минутта 60 сағаттық видеоматериал салынса, күніне 86400 сағатқа жетеді;
— Жойылған белгісі бар видеоматериалдарды Deleted YouTube Video Viewer арқылы қайта көруге болады;
— Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады.
1-тапсырма. Youtube-қа қандай форматтар арқылы бейнематериалдар салуға болады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. «Youtube арқылы танымалдылыққа қол жеткізуге болады» деген тұжырымдамамен келісесіз бе? Не себепті?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Мәтінде үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар санының артқаны туралы айтылған. Осы ақпаратты қандай деректермен дәлелдер едіңіз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |