Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы «Оқу сауаттылығы»



бет40/45
Дата02.10.2023
өлшемі5,76 Mb.
#183293
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Батыс аза стан облысы Білім бас армасыны Білім беруді дамыту о

25-МӘТІН. АРАЛАР
Аралар туралы мәтін. Осы және келесі бетте көрсетілген ақпарат аралар туралы булеттен алынды. Сұрақтарға жауап беру үшін осы ақпаратты пайдаланыңыз.
Шірне жинау
Аралар өмір сүру үшін бал жасайды. Олар үшін бұл басты тамақ. Егер омартада 60,000-ға жуық ара болса, олардың үштен бір бөлігі шірне жинайды, ал олан омартадағы аралар бал жасайды. Аралардың шағын мөлшері жинаушы немесе іздеуші ретінде жұмыс жасайды. Олар шірненің көзін іздейді, одан кейін омартасына қайтып, ол туралы басқа араларға айтады.
Жинаушылар би арқылы басқа араларға шірненің көзі орналасқан жер туралы білуге көмектеседі, сол би арқылы аралар ұшып өтетін бағыт пен қашықтықты түсінеді. Осы би кезінде аралар, 8-суретте көрсетілгендей, іштерімен бір жақтан екінші жаққа қарай қозғалып, шеңбер болып айналады. Бидің реті тура келесі суреттегідей болады.



Суретте бал ұясының тік жағында омартаның ішіндегі аралардың биі көрсетілген. Егер суреттің ортаңғы бөлігі жоғары қарай нұсқаса, онда бұл аралар күн жаққа қарай ұшса, тамағын таба алады дегенді білдіреді. Егер суреттің ортаңғы бөлігі оң жақты нұсқаса, онда тамақ күннен оңға қарай орналасқан дегенді білдіреді.


Аралар іштерімен қозғалатын уақыттың ұзақтығы тамақтың омартадан бастап орналасқан қашықтықты көрсетеді. Егер тамақ жақын жерде болмаса, онда ара гүлдің ішін біраз уақыт қозғайды.


Бал жасау
Аралар омартаға шірнемен ұшып келгенде, олар оны омартадағы араларға береді. Омартадағы аралар шірнені омартаның жыл және құрғақ ауасының әсеріне ұшыратып, төменгі жақтарымен жылжытады. Жиналған шірненің құрамында 80% сумен араласқан минералдар мен қант болады. 10-20 минуттан кейін, артық су буға айналып кеткен кезде, омартадағы аралар шірнені бал ұясының ұяшығына қояды, онда булану үдерісі жалғасады. Үш күннен кейін ұяшықтағы балдың құрамында шамамен 20% су болады. Бұл уақытта аралар ұяшықтарын балауыздан жасалған қақпақтармен жауып қояды.
Әдетте, аралар шірнені бір типті гүлдерден және бір жерден жинайды. Шірненің негізгі қайнар көздері жеміс ағаштары, беде және гүлденген ағаштар болып табылады.
Глоссарий
• Омартағы ара омартаның ішінде жұмыс істейтін жұмысшы ара
• Төменгі жақ ауыздың бөлігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет