2-тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Берілген мәтінге тән стильдік, тілдік ерекшеліктерді белгілеңіз
А) ресми сөздер, тұрақты тіркестер қолданылған
В) образды, эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданылған
С) көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары қолданылған
Д) ғылыми терминдер қолданылған
Е) деректер дәлелді, зерттелген
Ж) стильдік қайталау, троптың түрлері қолданылады
4-тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз
1. Орта ғасырдағы ірі білім орталығы
2. Түркістан – көне шаһар.
3. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала.
4. Түркістан – ер жүрек батыр қала.
A. 2.3.4.1.
B. 4.2.1.3.
C. 4.3.1.2.
D. 2.1.4.3.
5-тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Неге олай атаған?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6-тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістан қаласының ірі білім орталығы атануының себебі неде деп ойлайсың?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
19-МӘТІН. ТҰМАУ
Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір облыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
http://referatikz.ru/tumau_g
Достарыңызбен бөлісу: |