Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы «Оқу сауаттылығы»


-МӘТІН. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ



бет53/75
Дата14.04.2022
өлшемі5,76 Mb.
#139386
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75
Байланысты:
готовый Оку сауаттылыгы
Пиза-1, мұрат мөңкеұлы №3, тизим
18-МӘТІН. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұнилар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де – осы қала.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атымен әлемге әйгілі болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет