Фитонцидтер - микроорганизімдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық құрамы жағынан әр түрлі, олардың ішінде потогендік микроорганизімдерге қашықтан әсер ететін ұшпа фракциясы және ұласа әсер ететін ұшпайтын ткань шырындары бар. Ұшпа фитопциттерге эфир майлары жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары (мәселен, желкекте, шомырда) бар эфир майлары немесе ерекшелігі жоқ заттар – альдегиттер, төменгі ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фитонцидтер химиялық жағынан әлі зерттелген жок. Ұшпайтын заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау қиынға соғады.
Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер атам заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Қазір де көптеген ауруларды: грипп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, профилактика жасауға (ол фитонцидтерапия деп аталады) табысты қолданылып жүр, оның үстіне олар ішек қарынның қозғалыс, секрециялық қызыметін күшейтеді, ішектегі шірумен іру процестерін жойып, ішекті жақсартуға себепші болады. Фитонцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, нерв жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың фитонцидтік дәрі – дәрмектері гипертония ауруы мен атеросклерозды емдеуге қолданылады.
Өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерді көкөністерді консервілеуге және азық – түлікті сақтауға, сондай –ақ тұқымдарды ауру жұқпайтындай етуге , өсімдіктер ауруына зиянкестеріне қарсы күреске қолданылады. Ұшпа фитонцидтерді мал тұратын қоралардың ауасын тазарту үшін, дезинфекциялау дәруі ретінде ветеринарияда да и қолдануға болады. Фитонцидтердің емдік ролінің де маңызы аз емес, олар бақтағы ауаны жақсартады, оны биологиялық белсенді оттегімен толықтырады, өйткені, егер оттегі аз ионизацияланса, онда оттегі қажетінше болғанның өзінде оттегінің тапшылығы сезіледі. Фитонцидтердің ықпалымен ауаның бактерицидтігі де артады.
Достарыңызбен бөлісу: |