Батыс Қазақстан облысы



бет10/10
Дата12.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#99890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
батыс қазақстан

Батыс Қазақстан облысы

  • Облыс орталығы:Орал
  • Құрылған уақыты:1868 жылы
  • Аудандар саны:12
  • Тұрғыны:629 932 адам(2015 жыл)
  •  тығыздығы:4,06 адам/км²
  • Ұлттық құрамы
  • қазақтар 74,69 % орыстар 20,63 % украиндар 1,60 % татарлар 1,35 % басқалары 1,73% (2015ж.)

  • Жер аумағы:8-ші орын
  • Барлығы:151 339 км²
  • Экономикалық ауданы:Батыс Қазақстан

Машина жасау және металл өңдеу

Қазіргі кезде бұл саладағы өндірістің негізгі бөлігі «Орал-Зенит зауыты», «Орал «Металлист» зауыты», АҚҚ, «Омега», «Гидроприбор» ҒЗИ, «Орал арматура зауыты» - ның үлесіне тиіп отыр. Бұл кәсіпорындарда осы заман талабына сай кәсіп өндірістік корпустар мен құрал-жабдықтар бар, тәжібиелі де ьілекті жұмысшы және инженер-техник кадрлар легі қалыптасқан. Олардың шығарған өнімдері ТМД елдеріне де, шетел тұтынушыларына да кеңінен танымал.

Құрылыс материалдары

Облыста құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндігі мол. Геологтар 100-ден астам кен орындар барлап, цемент өндіруге шикізаттар көзін, құм-қиыршық қоспасын, бетон мен қабырға материалдарын ауыстыратынжеңіл түзілімдер қорын тапты. Мұның келешекте облыс аумағына шеттен цемент, гипс, қиыршық тас, құм және тағы басқа материалдар тасымалдау шығынын шегеруге мүмкіндік бермек. Қазіргі кезде жергілікті құрылыс индустриясының сапында «Орал құрылыс материалдарды өндірістік белгісі» (УПОСМ), «Орал әк зауыты» (УИЗ), «Орал силикатты кірпіш зауыты» (УЗСК), акциялық қоғамдары толық өндірістік қуатпен жұмыс істеуде. Соңғы кездерде Ақсуат пен Тасқала маңындағы шикізат игеру мақсатында, «Орал цемент» кәсіпорыны құрылып, зәру өнім түрімен Батыс Қазақстан аумағын - Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе сондай-ақ, Қызылорда мен Қостанай облыстың құрылыс алаңдарын қамтамасыз етуге жұмсануда. Жол құрылысын жақсарту үшін Орпл асфальт-бетон зауытымен қатар Ақсай қаласы мен Жәнібек ауданында осындай кәсіп орые іске қосылмақ. Орман және ағаш өңдеу кәсібінде де 1997 жылдан өндіріс көлемі артып келеді. 1963 жылдан бастап, Орал қаласында іске қосылған «Орал жиһазы» комбинатының «Сатурн», «Слава», тағы басқа үй жиһаздары әлі күнге дейін жоғары сұранысқа ие.

Экологиялық проблемалары

Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын кең көлемде игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсыз әсер етуде. Игеру нәтижесінде мұнай қалдықтары топырақ қабатын, теңіз суларын ластауда. Мұнаймен ластанған аймақтың жалпы ауданы 200 мың га, қуаттылығы 100 мкР/сағ өлшемде болатын радиоактивті заттармен ластанған жердің ауданы 600 гектардан артық. Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жағалауындағы теңізі суының ластануы белгіленген концентрациядан 8-13 есе артық. Физикалық география курсынан сіздерге таныс Каспий теңізінің деңгейі соңғы кездері жоғары көтерілуде. Нәтижесінде мұнай-газ кешендерінің біраз нысандары су астында қалып, экологиялық жағдайын одан бетер ушықтырып жіберді. Каспий теңізінің дүниежүзілік маңызының бірі - бекіре тұқымдас балықтарының мекенжайы. Қазіргі таңда Каспийдін, биологиялық байлығын сақтап калу дүниежүзі қауымдастығының өзекті мәселесі болып отыр. Мұнайды өндіру кезінде әр түрлі заң бұзушылықтар орын алады. Ілеспе газ ашық ауада алау күйінде жануда, қоршаған орта қалдық сулармен ластануда. Алдағы уақытта теңіздің қазақстандық бөлігіндегі көмір сутегін жан-жақты игеру тек осы аймаққа емес, бүкіл мемлекетіміздің экологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет