Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры


сәуір ЖАЗУШЫ ЖҮРҒАЛИ ЕРТІЛЕСОВ



бет18/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
25 сәуір
ЖАЗУШЫ ЖҮРҒАЛИ ЕРТІЛЕСОВ
туғанына 90 жыл (1928 - 1992)


Ертілесов Жүрғали 25 сәуірде 1928 жылы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында дүниеге келген. Белгілі журналист, жазушы, “КСРО баспасөз ісінің үздігі” (1975).
1944 жылы Қаратөбе орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1947 жылы Қаратөбе аудандық «Колхозшылар үні» газетінде тілші, жауапты хатшы боп бастаған.
1950-53 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп, 1953-1956ж.ж. Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болған.
1956-68 жылдары «Орал өңірі» облыстық газетінде жауапты хатшы, 1968-74 жылдары Талдықорған облысы «Октябрь туы» газетінің бас редакторы, 1973-74 ж. Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясының меңгерушісі қызметін атқарған.
«Жастық жалыны» повесі, «Туған жер түлектері» очерктері жинағының (А.,1970) авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. Ертілесовтың сөзіне жазылған “Қаратөбем” әні қаратөбеліктердің тұрақты репертуарында.
Журналист, публицист, аудармашы, өнегелі өмірімен ел есінде сақталған Жүрғали Ертілесовтың Орал қаласында тұрған үйінің (Достық даңғылы 219) қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.

ӘДЕБИЕТТЕР


Ертілесов Ж., Менің ауылдастарым: Повестер, әңгімелер, өлеңдер /Ж. Ертілесов; Құраст. Б. Назыкеева.- Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.- 232 бет.


Наурзин Ғ, Тетелес өсіп едік / Ғ. Наурзин //Орал өңірі.- 2008.- 13 наурыз.- №31.
Наурзин Ғ, Ұрпағы да, замандастары да ұмытпайды /Ғ. Наурзин //Жайық үні.- 2008.-3 сәуір.- (№14).
Қуатов Б., Ардагерлер әлемі: Естеліктер. Еске алулар. Құттықтаулар /Б. Қуатов.- Орал: Дастан, 2009.- 132 бет.+44 сур.- (Библиотека рекламно-информационной газеты "Информбиржа").- (Библиотека газеты Информбиржа news)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет