АҚЫН АЛМАЖАН АЗАМАТҚЫЗЫ
туғанына 195 жыл (1823)
Алмажан Азаматқызы (1823, Нарын құмы, Бекетай – Бесқасқа ауылы) – ақын. Жас кезінен өлең шығарып, ақын қыз атанған. Алмажан Азаматқызының шығарған өлең-жырлары көп болғанмен, бүгінгі оқырмандарға белгілі шығармасы – «Жетім қыз» дастаны ғана. Әкесі Азамат 1736-1738 жылдары Исатай, Махамбет бастаған көтеріліске қатысып, қаза болады. Азаматтың артында 14 жасар қызы Алмажан (Алмаш) мен Төрежан дейтін ұлы қалады. Нарындағы тоғыз би екі жетімнің малдарын өздеріне бөліп алмақ болады. Алмажан билердің жауыздығына наразылық көрсетіп, барлық дүние-малын тастап, інісін жетектеп, арыз айтуға Жәңгір ханға келеді. Бірақ ханның билері Алмажанды ханға жібермейді. «Жетім қыз» дастаны осыны баяндайды. Ол «Бес ғасыр жырлайды» кітабында жарияланған.
Ақынның өмірден өткен жылы белгісіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
Азаматқызы А. Жетім қыз //Бес ғасыр жырлайды. Т2.- Алматы: Жазушы, 1984.- 89-100 б
Алмажан Азаматқызы //Жұмалиев Қ.XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті.- Орал: Ағартушы, 2010.- 157-167 б.
Алмажан Азаматқызы //Бес ғасыр жырлайды. Т2.- Алматы: Жазушы, 1984.- 88 б.
Жұмалиев Қ., XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті: Оқу құралы /Қ. Жұмалиев.- Орал: Ағартушы, 2010.- 198 бет.- (Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы)
№10 «БАЛАПАН» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМЫ
Достарыңызбен бөлісу: |