Сипаттамасы: Қияр - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады.
Таралуы:Қияр мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны – Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі. Қазақстанның барлық аймақтарынды және жылыжайларда өсіріледі.
Қолданылуы: Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, 17 ғасырда жазылған «Прохладный Ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Қияр шырынын судың орнына ішуге болады деп айтылған. Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеген. Косметика саласында да қияр үлкен орын алған.
Сілтеме: https://kk.wikipedia.org/
Нуриева Айнұр
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер-Magnoliophyta Класс: Қос жарнақтылар-Dicotyledoneae Қатар: Rosales Тұқымдас: Раушангүділер-Rosaceae Туысы: Шабдалы-Persica Түрі: Кәдімгі шабдалы-P.vulgaris
Сипаттама: Кәдімгі Шабдалының биіктігі 6 — 8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2 — 3 жылдан бастап 15 — 20 жылға дейін жеміс береді. Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Шабдалының жемісінде 80—90 % су, 6—14% қант (оның 5—10 %-ы сахароза), 0,5—1,2% пектин заттары, 9,4—20 мг%.