Ертегі – әрқашан да біздің балаларымыз үшін ауыз айтып жеткізе алмас ғажайып.
Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру.
Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.
Халқымыз ертегілерді өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Ондағы алуан түрлі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, олардың тапқырлық, айлакерлік, адамгершілік, ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де ертегілердің тәрбиелік мәні зор болған.
Ерте замандардан бүгінгі ұрпаққа жетіп отырған ертегілер біздің заманымызда да тәрбиелік мәнін жойған жоқ. Бұған ертегілердің ең таңдаулы үлгілерінің бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы дәлел. Зор адамгершілікті, сүйіспеншілікті, ерлікті, ақыл-парасаттың небір керемет үлгілерін суреттейтін ертегілерді халық аса жоғары бағалап, ескіден сақталған мәдени мұраның – халықтық педагогиканың ең жақсы үлгілері деп таниды.
Қандай көркем шығарма болса да, оның негізгі мақсаты – тәрбие. Ал ертегілер – ауыз әдебиетінің – балалардың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектептің маңызды құралы.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |